Қар 27, 2018 20:21 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 3

Өткен жылы Ислам республикасы аймақта Иран халқының ғиззаты мен күш-қуатының туын көтеріп, тәкфиршілерді жеңіліске ұшырату мен қауіпсіздік орнату үдерісінде маңызды рөл атқарды.

Ислам революциясының жетекшісі өткен Наурызда имам Резаның (ғ.с.) кесенесінде сөйлеген сөзінде: «Америкалықтар ДАИШ сияқты зұлым және қатігез топтарды құрып, аймақ халықтарын азамат соғыстарына шырмап, олардың  ойларын заңсыз құрылған сионистік режимнен алыстатқысы келді. Бірақ, біз Алланың көмегімен олардың жобаларын залалсыздандырдық»,- деді.

Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтың кейбір мемлекеттерінде сол елдердің үкіметі мен халықтарының сұрауы бойынша кеңесшілік тұрғыдан көмектесіп жатқанын қуаттап: «Біз басқа елдерде зорлық-зомбылық жасаған жоқпыз, олардың істеріне араласпадық. Олар бізден көмек сұрағандықтан біз көмектестік. Біз көмекті эмоцияның жетегінде емес, қисынды есеп негізінде жасадық» деді. Ислам революциясының жетекшісі Американың аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындығына тоқталып: «Американың Ауғанстандағы 14 жылдық құзыры елдің халқына қауіпсіздік әкелмек түгілі, қауіпсіздікті одан бетер нашарлата түсті. 

Ислам революциясының жетекшісі Американың  дұшпандығының негізгі себебін Иранның аймақтағы АҚШ-тың жобаларын залалсыздандыруы деп сан рет рет атады.  

АҚШ-тың өткен 40 жылдағы мақсаты аймақ пен әлем деңгейінде дағдарыс тудырып, Ираннан үркіту саясатын жүргізу болды. Осы тұрғыдан Ислам революциясы жетекшісінің Наурыздағы сөзі маңызды стратегия болып табылады: біріншіден, өткен кезеңдегі өзгерістерге шолу жасап, келешектегі жолдарды көрсетеді; екіншіден, Ислам революциясы жетекшісінің сөздері АҚШ-тың мақсаттарының негізгі болмысын көрсетіп, қоқан-лоққылардың артқанын қуаттайды.

Аятолла Хаменеи өз сөзінде: «АҚШ режимінің Иран халқына қарсы дұшпандығы революцияның жеңіске жетуінің бірінші күнінен басталды. Ол кезде ядролық энергия мен зымыран немесе Иранның аймақтағы ықпалы туралы мәселелер баяндалмайтын. Бірақ, америкалықтар революцияның жеңісімен табиғи ресурстарға бай Ираннан айырылғанын түсінді. Сондықтан АҚШ Президентіне немқұрайдылық танытуға болмайды, қырағылығымыз бен ақылымызды пайдаланып, дайын болуымыз керек» деді.

Батыс Азия аймағындағы ортақ қауіпсіздік қоқан-лоққылардың маңыздыларының қатарына лаңкестік топтардың саңырауқұлақ сияқты көбейіп, қиратушылық, бүлдіргі әрекеттерінің артуы жатады. Экстремистік топтардың көбі өздерін Исламмен байланысты етіп көрсетеді. Сондықтан, аймақ екі жақтан қауіп-қатерге тіреліп тұр: біріншіден, тәкфиршіл топтардың бейберекеттіктерімен, екінші жақтан тәкфиршіл топтарды басып-жаншимыз деген ұрандарымен аймаққа бет алған Батыс үкіметтері шабуылдарының салдарларымен бетпе-бет келеді. Сауд Арабиясы бұл үдерісте өзінің дағдарыс тудырушы  әрекеттерімен ислам мемлекеттерінің арасына жік салу әрекетімен аймақтағы араласушылық және билеп-төстеушілік мақсаттарын дәлелдеді.

Өткен бірнеше жылда бұл ағым дамып,  Ливия, Нигерия, Сомали, Ауғанстан, Ирак және Сирияда  Бокохарам, әл-Қаида, ДАИШ және әш-Шабаб секілді экстремистік топтардың құрылуына себеп болды. Сауд Арабиясы өзінің бұрыс әрекеттерімен аймақтағы Американың әскери орналасуын арттыруға жағдай қалыптастырды. Бұл елдің үкіметі Американың әскери құдыретіне сүйеніп, аймақ қауіпсіздігін дағдарысқа тіреді. АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израильдің Иранға қарсы ортақ ұстанымы Иранның аймақ қауіпсіздігін бөгделердің қатысуынсыз қамтамасыз ету мақсатына байланысты. 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен маусымда үштік билік басшылары және жүйенің басқа жауапты тұлғаларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде Американың аймақтағы саясаттары туралы: «Дұшпан Иранның күш-қуатының Сақшылар корпусы мен Құдс күштері сияқты факторларын жақтырмай, мәселен, Сақшылар корпусы болмасын немесе Басидждер (ерікті халықтық күштер) араласпасын, аймақ мәселелеріне қатысты былай немесе олай істеңдер деген шарт қоюы мүмкін. Бірақ, басшылар дұшпанның талабына керісінше Иранның күш-қуаты имен ғиззатын құрайтын Қарулы күштер мен Сақшылар корпусын, Бәсидждер мен мүмін әрі революцияшыл күштерді күшейте түсуі керек»,- деп қуаттады.

АҚШ пен Сауд Арабиясының аймақтағы ықпалдарын арттыру үшін қолданатын ортақ стратегиясы аймақ елдері арасында қайшылық тудыру болып табылады. Сирия дағдарысын шешу саласындағы Иранның маңызды рөліне қарсылық білдіру де аталмыш ұстанымға байланысты. Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи «Пайғамбар әулетінің жақтастары және тәкфиршілер мәселесі» атты басқосуға жиналған қонақтардың алдында Ислам дұшпандарының аймақтағы жік салу және орналасу қатеріне тоқталып: «Ислам республикасы үстемшілдікпен қарсыласу қажет кез келген жерде көмектеседі әрі бұл мәселеде ешкіммен ақылдаспайды»,- деді.

Иранның стратегиялық саясаты – аймақтағы қайшылықтар мен дағдарыстардың алдын алу. Бұл мақсат аймақ өзгерістеріне нақты шолу жасап, қажет жағдайда қоқан-лоққыларды залалсыздандыратын шара қолдануды қарстырады. Иран кеңесшілерінің Иракқа көмектесуі мен Сирияда ДАИШ-ке қарсы күреске әскери тұрғыдан араласуы бұл саладағы айқын екі мәселе. Аймақ елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтар мен БҰҰ, Қосылмау қозғалысы және Ислам ынтымақтастығы ұйымы секілді халықаралық ұйымдар арқылы ұжымдық сенім қалыпастыру Иранның бұл саладағы келесі стратегияларының бірі саналады. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф БҰҰ-ның бейбітшілік тақырыбына қатысты жиналыстағы қорытынды сөзінде бір-бірімен байланысты қазіргі дүниеде ешбір елдің қауіпсіздігінің басқалардың қаржысымен қамтамасыз етілмейтіндігіне тоқталып: «ИИР-ның пікірінше, кейбір елдердің нәтижесіздікке негізделген қазіргі ұстанымы тікелей және жанама қиратушы соғыстарының негізгі себебі болды. Сондықтан бұл көзқарасты өзгерту керек»,- деді. 

Бұл мақсатты ілгерілету үшін ИИР Парсы шығанағында аймақтық диалог форумын ашып, қиындықтарды шешіп, тұрақты бейбітшілік орнатуды ұсынды. ИИР Президенті Хасан Рухани да өткен жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Иран халқының достық, бейбітшілік ұстанымы мен революцияшыл құндылықтарына тоқталып: «АҚШ әлем халықтарының қоғамдық пікіріне аймақта не істеу керек екендігін таңады. 11-ші қыркүйек оқиғасынан осы күнге дейін Америка лаңкестікпен күресіп жатқаны туралы уәж айтты. Бірақ, оны күшейтуден басқа қандай әрекет жасады? Ауғанстан, Ирак пен аймақтың басқа елдері өздерін  қауіпсіз  сезіне ме? Әлде аймақ халықтарының жағдайы бұрынғыдан бетер нашарлай түсті ме?»- деді. Рухани Иран халқының лаңкестіктің құрбаны екенін, соның ішінде елдің 17000 жазықсыз адамының лаңкестіктің құрбаны болғанын еске салып: "Біз Ирак пен Сирия халқы мен үкіметінің сұрауымен бірінші күннен бастап оларға көмекке асығып, әрқашан лаңкестікке қарсы күрестің алғы шебінде болған халықпыз»,- деп қуаттады.

 

Тегтер