Қар 29, 2018 17:49 Asia/Almaty
  • Иран: Есфаһак ауылы

Есфаһак – Табас қаласының шығысында 35 шақырым қашықтықта орналасқан тарихи ауыл. Есфаһакқа саяхат тарихқа жасалған сапармен тең. Бұл мекенге саяхат жасасаңыз, шөлді аймақ пен балшықтан салынған үйлерді көресіз.

Есфаһактың туристік тұрғыдан ең көркем әрі тартымды жері – х.ш.ж.с.б 1375 жылы (1978) шаһривар айында болған жер сілкінісі салдарынан қираған жаңа ауылдың маңында орналасқан көне ауыл. Жер сілкінісінен соң ауыл тұрғындары басқа жерге көшіп, ескі ауылға жақын жерге жаңа ауыл салған. Бұл жағдай көне ауыл құрылыстарының сақталып, әсем көріністің пайда болуына себеп болған. 

 

Есфаһак ауылынан қалған тарихи құрылыстар: Табас ауданы, Оңтүстік Хорасан облысы