Жел 10, 2018 18:35 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 5

Ислам революциясы басынан осы уақытқа дейін көптеген ұрпақ пен буынға куә болды. Кейбір ақпарат құралдары мен саяси орталарда соңғы жылдары «үшінші буын», «буындардың өзгешелігі», «буындар арасындағы алшақтық» деген сөздер қолданылып жүр.

 

«Үшінші буын» деген кімдер, олардың ерекшеліктері мен талаптары қандай? Ислам революциясының 40 жылдығында Иран қоғамында «буындар арасындағы алшақтық» мәселесі байқала ма?

Әлеуметтік ғылымдар энциклопедиясында «бір буын» немесе «бір ұрпақ» деп өз өмірлерінің бір кезеңін бірге бастаған немесе бірге аяқтаған адамдар тобына айтылады. Ешбір буынның өзіне дейінгі буын армандарының көрінісі емес екені, әсіресе олардың барлық сипаттарын қайталамайтыны табиғи мәселе. Екі буын арасындағы айырмашылықтарға екі буынның армандары мен мақсаттарының, сыртқы көріністерінің, үміттерінің, өмір сүру тәсілдерінің әркелкілігі жатады. Дәл осы ерекшеліктер мен айырмашылықтар жаңа буындардың өткен буындардың өзгешелігін білдіреді. Алайда екі немесе үш буынның ақыл мен құндылық тұрғыларынан бірте-бірте бір-бірінен алыстауы жаңа жағдайды тудырады. Бұл жағдай «буындардың алшақтауы» деп аталады. Буындар арасындағы алшақтық пен айырмашылықтарға олардың жас айырмашылықтары, қоғам мен қазіргі әлемнің жағдайы сияқты факторлар әсер етеді.

 

Ислам революциясы басынан осы уақытқа дейін төрт буынмен бетпе-бет келді

Бірінші буын – өз өмірлерінің бір бөлімін үстемшілдікпен күресіп, революцияны жеңіске жеткізіп, Ислам республикасын құрғандар. Бұл буын революцияның ең ауыр күндерінде қоғамның билігін өз мойындарына алып, әртүрлі қастандықтар мен дағдарыстарға қарамастан революцияны бұрыс жолға түсуден құтқарды.

Екінші буын – бірінші буын арқылы тәрбиеленгендер. Олар Ислам революциясы қозғалысының моторы болып, таңылған соғысты басқарып, азғана мүмкіндіктеріне қарамастан Саддамның шапқыншы әскерін жеңіп, мәңгілік ерліктерін қалдырды. Негізінде, бұл буын – революция мен соғыс буыны. Бұл адамдар революцияның жеңіске жетуіне күш салып, соғысты бастан өткеріп, елді жаңғыртуға атсалысып, соғыстан кейінгі елді қайта құратын жобалар ұсынып, жүйені басқару міндетін өз мойындарына алды. Қазіргі басшылардың көбі осы буыннан шыққандар.

Үшінші буын – революция мен соғысты бастан өткерген екінші буынның перзенттері.

Төртінші буын – үшінші буынның перзенттері. Олар қазір жас балалар. Алайда бірнеше жылдан кейін қоғамдық істерге араласады. Алдағы жиырма жылда елдің жастары революцияның үшінші бөліміне куә болады. Алдағы 20 жыл революцияның үшінші буынының ықтиярында болады. 

Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі үшінші буынның Ислам революциясына қатысы туралы: «Дұшпан  психологиялық соғыс таңып, соның  аясында «революцияның үшінші буыны  оның идеяларынан алыстады» деп, содан соң әлдекім «олар өтірік айтады» деп айтпас үшін және жалған әрі қате сөздерін ақтау үшін өз философиясын ұсынады. Соңсоң сөздерін «пәлен философияға сүйенеді» деп уәжденеді. Олары қандай философия?

Бұл – «барлық революциялардан кейін оның үшінші буыны одан алыстайды» деген философия. Бұл өтірік, қате және бос сөз! Олар қай революция туралы айтады? 1789-шы жылы Францияда революция болды. Бірақ, екінші немесе үшінші буын емес ғаана, бірінші буынның өзі революциядан алыстады. 4-5 жылдан кейін бірінші революцияшылдарға қарсы қозғалыс пайда болып, 3-4 жылға билікті өз қолдарына алды. 4-5 жылдан кейін оларға қарсы белсенділік байқалып, 1802-ші жылға ұласты. Революцияның болмысы өзгеріп, Наполеон сияқты адам билік басына келіп, басына патшалық тәж киді. Кейін де шамамен 80-90 жыл бойы Францияны әр түрлі патша үкіметі басқарып, үнемі соғыс және бұзақылықпен бетпе-бет келді. Олардың революциясы үшіншіні айтпағанда екінші буынға да жетпеді. Өйткені, революцияның негіздері осал болды. Бүгін екі ғасыр өткен кезде Ислам республикасында кейбіреулер өз кездерінде бір революцияны да ұйымдастыра алмаған идеяларын  ұялмастан үлкен айдарлармен мықты негіздерге сүйенген ұлы революцияны ұйымдастырып, көптеген жылдар бойы дауылдарға қарамастан, оны қорғап келе жатқан Иранның революцияшыларына  ұсынады»,- деді.

Ислам революциясының буындары туралы зерттеулер буындар арасындағы айырмашылықтардың толығымен табиғи екенін көрсетті. Әр қоғамдағы жастардың армандары, қажеттіліктері мен сезімдері оларға дейінгі буындардан өзгеше. Ислам революциясының үшінші буының ерекшеліктеріне тәуелсіз болмыстары жатады. Олар дін негіздеріне сүйенеді. Сондай-ақ, саяси қоғамтанушылардың түсініктеріне қайшы Ислам революциясын жалғастыру бағытында қадам басып келеді. Бұл буынның келесі ерекшелігі ретінде ілгерілеушіліктері мен сыншыл рухтарын атауға болады. Олар кез келген ықтималды бұрмаланушылықтарға жылдам реакция білдіріп, қателерді түзетеді. Бұл буын әлемнің саяси оқиғаларын сараптап, дұрыс ұстаным білдіріп, қоқан-лоққылармен дер кезінде қарсыласады. Әлемдік жағдай, ақпараттық белсенділік, ақпарат айналымының жылдамдығы бұл буынға сараптау мүмкіндігін сыйлады. Бұл буын ирандық мәдениет пен салттарды жақсы сақтап, дін мен ахлаққа табанды. Оларды ирандық мәдениет пен өнер қызықтырады.

Ислам революциясының үшінші буыны қоғамға көбірек әсер етуге талпынады. Бүгінгі буын Ислам революциясынан туындаған тәуелсіздік пен азаттықтың берекесінің арқасында мектептер мен жоғары оқу орындарда ғана емес, қоғамның саяси және қоғамдық салаларына да белсенді қатысады.

Ислам революциясының жеңісінен кейінгі жиырма жылда өскен бұл буын әртүрлі қоғамдық салалар мен елдің тағдырына қатысуды өздерінің құқығы санайды.

 

 

 

Тегтер