Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені
Мешіт жұмыстарының біріне саяси ағартушылықпен айналысып, бұл мекенді билеп-төстеуші елдердің үстемшілдігіне қарсы күресетін мекенге айналдыру жатады.
Дәл осы мәселе ислам әлемінің әрқашан мешіттердің рөлін әлсірету, оларды қирату немесе басқа мекендерге айналдыру мәселелерімен бетпе-бет келуіне себеп болды. Негізінде ислам қоғамдарындағы мешіттің рөлін әлсірету ағымының тарихы ұзақ. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болып, төрт халифаның билігі аяқталған соң Әмәви басшылары мешітті мүміндер жиналатын, басшы мен халықтың тікелей кездесетін мекені ретінде өз мүдделері үшін көп пайдаланды. Муавие бен Абусуфиян Әмәвилердің бірінші басшысы ретінде өзін Алла елшісінің халифасы атап, өзін жамағат намазы үшін ең лайықты адам санады. Ол Алла елшісінің мінберіне отырып, сөз сөйлеп, діни тағылымдарды қулықпен үкіметінің зорлық-зомбылығын ақтау үшін пайдаланды. Ислам елдерінің халифалары, кейін патшалары өз орындарын сақтап қалу үшін мешіттің бұл рөлін нығайтты.
Қазіргі кезде де ислам елдерінің кейбір басшылары мешіттерді өз биліктерін сақтап қалу үшін пайдалануда. Алайда халықтың діни болмысы қоғамдағы діннің таралуының алдын алуға әрекет ететін кейбір ислам елдерінің дінсіз басшыларын нәтижеге жеткізбеді. Сол себепті Исламның үгіт-насихат орталығы саналатын мешіттер қатаң бақылаумен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мешіттер тек ғибадаттарға ғана назар аударады. Сондықтан тек жамағат намазын оқумен қанағаттанып, үкімет мешіттердің қоғамдық, мәдени және саяси жұмыстарына тыйым салады. Мәселен, Тәжікстан үкіметі халқының 98 пайызының мұсылман болуына қарамастан дінді саясаттан бөлек санайды. Сондықтан ресми тіркелмеген деген сылтаумен біраз мешітті жауып, кейбіреуін тоқыма тоқитын мекенге, балабақша, шәйхана немесе дәріханаға айналдырды. Бұл елде 18 жасқа келмеген азаматтарға мешіттерде намаз оқуға тыйым салынды.
Келесі мемлекет – Түркия. Дінсіз басшылары шамамен бір ғасыр бойы Исламға қарсы болған Стамбул сияқты туристік қалада қазір бес рет азанның даусы естіліп, халық намаз оқу үшін мешіттерге асығады. Тіпті даму бойынша артта қалған Эфиопия секілді мемлекеттерде азан айтылған кезде әсіресе Рамазан айында мешіттер халыққа толады. Жиналған халық мешітке сыймай, бірінші топ намаз оқып болған соң екінші топ мешітке кіреді. Кейбір уақыттарда бұл іс төрт рет қайталанады. Басшылардың дінге қарсы үгіт-насихаттары мен мешітті әлсірету әрекеттеріне керісінше мешіттерге жиналатын халықтың саны артып отыр.
Мешіттерді әлсірету немесе қирату әрекеттеріне қарамастан, олар мұсылмандардың бірлігінің мекені болып қалды. Жамағат намазы намаздыгерлердің мешітте жиналуына жағдай тудырады. Намаздыгерлер Алланың алдында бір-бірінің қасында тұрып, Жаратушыны мадақтап, тәуһидтің әнұранын айтады.
Айя Софияның бірінші ғимараты миладидің 4-ші ғасырында император Константин ІІ мен әкесі Константин І Лицинийді жеңуінің құрметіне салынған. Бұл ғимарат басында «Үлкен шіркеу» деп аталды. Бірақ кейін «Теософия» аталды. Миладидің 5-ші ғасырына дейін халық оны «София» деп атады. 404-ші жылы Санта Софияның бір бөлігі Константинопольдағы үлкен бүлік салдарынан өртеніп, миладидің 6-шы ғасырында қайта жөнделіп, ашылды. Миладидің 15-ші ғасырында мұсылмандар мен Византия императорының арасындағы бірнеше жылдық соғыстан кейін мұсылмандар Осман патшасы Сұлтан Мұхаммад Фатехтың басқаруымен жеңіске жетіп, Константинопольді өз бақылауына алды. Сөйтіп, Константинополь османдықтар халифатының орталығына айналып, Стамбул деп атанып, София шіркеуі Айя София мешітіне айналды.
Айя София мешіті басында өкінішті жағдайда болды. Кейбір мешіттері құлап, сол кездегі әйгілі археолог Перо Тафур Еуропадағы шіркеудің жағдайы туралы мақала жариялады. Сондықтан сол кездегі сұлтан Мұхаммад ІІ-ші оны жөндеп, тазартуды бұйырып, 4 мұнараны қосты. 16-шы ғасырда Салим ІІ-нің билігі кезінде мешітті күшейту үшін мешіттің сыртында қосымша құрылысын Османның үлкен сәулетшісі Синан салды. Ол тарихи тұрғыдан жобаларын жерсілкіністеріне назар аударып жасаған бірінші сәулетші болды. Ғимараттың жерсілкінісіне қарсы болуымен бірге Сенан 1577-ші жылы оның батыс жағына екі мұнара, мешіттің оңтүстік-шығысына қарай Салим ІІ-нің қабірін салды.
Сол кезде салынған келесі мұраларға сұлтанның мекенін, мәрмәр тастан салынған көрінісі бар мінберді, патшалық тақ пен азаншының үсті жабылған орнын атауға болады. 1739-шы жылы сол кездегі сұлтан Махмуд І-ші мешітті қайта жаңартуға бұйырды. Сөйтіп, қазір 300 000 кітабы бар кітапхана болып қалған медресе мен мұқтаждарға тамақ пісіретін аспазхана және кітапхана қосылды.
Айя Софияны 1847-1849 жылдары 800 жұмысшы жөндеуден өткізді. Сол кезде тіректеріне көптеген таблолар ілініп, олардың бетіне Алланың есімдері мен Мұхаммад, Абубакр, Омар, Осман, Әли, Хасан және Хусейн деген есімдер жазылды.
Айя София мешітінің көлемі шамамен 6000 текше метр. Бұл ғимараттың құрылысынан төбе күмбездері мен тіректерді көруге болады. Төрт үлкен тірек төрт үлкен күмбезді тіреп тұр. Олардың үстінде негізгі күмбез орналасқан. Бұл ғимаратта 108 тірек пен 9 есік бар. Ең үлкен есік ортада орналасқан. Оның негізі темір және сырты мәрмәрмен жасалып, император кіретін есік ретінде жобаланды.
Күмбездің астында күннің нұрын ішке бағыттайтын 40 терезе бар. Күннің нұры ішкі алтын мозаикаларға түсіп, Айя Софияның кеңістігін әсемдеп, көрермендерді таңырқатады. Тарихшылар Айя Софияның құрылысы аяқталған кезде сол кездегі Император Юстиниан: "Сүлеймен! Мен сенен оздым" деді",- деп жазады.
Айя Софияның ішкі безендіруі өте маңызды. Бұл ғимараттың теңдессіз әшекейлері көп мадақталды. Айя София әшкейлерінің ең әдемі бөлімі византиялық мозаикалар саналады. Олардың арасынан алтын, күміс, мәрмәр мен түрлі түсті қыштан жасалған бөлшектердң көруге болады. Айя Софияның мозаикалары күмбездердің ішкі көрінісінен, қабырғалар мен аркалардың беті және император кіретін есіктің үстінен байқалады. Бірінен соң бірі орын алған қиратулар мен жөндеулердің салдарынан мозаикалардың біразы сақталмады. Соның ішінде миладидің 14-ші ғасырында күмбездің ішкі бетінде жасалған хазірет Исаның мозаикалық суреті қалмады. Бұл суреттің ізі 17-ші ғасырдың ортасына дейін қалған. Бірақ билік басына сұлтан Абдол Мәжит келген кезде оның бетін "Нұр" сүресінің аяттарымен жапты.
1935-ші жылы Түркия Президенті Мұстафа Ататүрк бұл үлкен мешітті мұражайға айналдырды. Олар бұл қасиетті мекеннің рухани кеңістігін мұражайға айналдыру үшін Алланың, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.), төрт халифа мен имам Хасан (ғ.с.) және имам Хусейн (ғ.с.) есімдері жазылған тақтайшаларын төмен түсірді. Бірақ бұл тақтайшаларды Стамбулдың басқа мешіттерінде пайдалану үшін сыртқа шығармақ болған кезде олар үлкен болғандықтан Айя Софияның ешбір есігінен өтпейді. Сондықтан оларды бірінің үстіне бірін қойып, бір бұрышқа жинап тастайды. Кейін 1949-шы жылы бұл тақтайшалар Айя Софияның қабырғаларына қайтадан ілінді. Бірақ біраз уақыт бойы бұл қасиетті мекенде ғибадат жасауға тыйым салынды. 2006-шы жылы Түркия үкіметі христиандар мен мұсылмандар үшін кішкентай бөлмені бөліп беруге рұқсат етті. 2013-ші жылдан бері мешіттің мұнараларынан азаншы халықты намазға