Жел 15, 2018 20:07 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 6

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи хижри шамси жыл санағы бойынша жаңа жылдың бірінші күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың аймаққа қатысты сұрқия жобаларының залалсыздандырылғанын мәлімдеп, өткен 40 жылдағы Ислам республикасының жұмыстарына назар аудартты.

Аятолла Хаменеи сөзінің бір бөлімінде аймақ мәселелері мен америкалықтардың қылмыстарына тоқталып: «Бүгінде алпауыт елдер әлемнің әртүрлі аймақтарының ішкі мәселелеріне араласып, ислам республикасына наразылық білдіріп, «Иран неліктен аймақ мәселелеріне араласады?» дейді. Оларға «Бұл мәселенің сіздерге қатысы жоқ» деп жауап беремін»,- деді. Ислам революциясыынң жетекшісі ИИР-ның аймақтың кейбір елдерінің  мәселелерін шешуге қатысуын олардың үкіметтері мен халықтарының сұрауымен жасалып жатқанын қуаттап: «Біз ешбір елге зорлық-зомбылық жасамадық, олардың ішкі істеріне де араласқан жоқпыз. Біз оларға көмектестік»,- деді.

Иран халқы Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бергі 40 жылда көптеген дағдарыспен бетпе-бет келді. Дағдарыстар мен қиындықтардың үлкен бөлімі  АҚШ пен оның аймақтағы мақсаттарын қолдайтын режимдердің саясаттарынан туындады. Қоқан-лоққылар әлі жалғасып жатыр. Сондықтан оларға қарсы тұруға дайын болу керек.

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың аймақтағы жобаларына тоқталып: «Америкалықтар ДАИШ секілді  топтарды құрып, аймақ халықтарын азамат соғыстарына шырмап, олардың ойларын сионистік режимнен алыстатуды көздеді. Бірақ, біз Алланың көмегімен олардың жобасын залалсыздандырдық»,- деді. Аятолла Хаменеи Ислам республикасының аймақта қауіпсіздік орнатқанын қуаттап: «Бұдан кейін де осылай болады. АҚШ аймақ мәселелеріне қатысты өз мақсаттарына жете алмайды. ИИР илаһи көмекпен аймақтағы бар мақсатына жетеді»,- деп баса айтты.  

Иран халқы Ислам революциясының жеңісінен кейінгі 40 жылдың ішінде көптеген дағдарыстан өтті. Дғдарыстардың үлкен бөлімі АҚШ пен аймақтағы оның саясаттарын қолдайтын режимдердің саясаттарының салдарлары болды. Қоқан-лоққылар әлі аяқталған жоқ. Олар тынышсыздық пен бейберекеттік тудыру арқылы жалғасып жатыр. Сондықтан оларға қарсы тұру қажет.

ИИР қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу және экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі ұжымдық мүдделер мен ұжымдық қауіпсіздікті қуаттап, сол жолдағы барлық шығынды қабылдады.

Теһран университетінің қоғамтану ғылымдарының докторы Хосейн Дивсалари: «Иран әрқашан бөгделердің араласпай, аймақтан шығуын қажет санап, аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігін аймақ мемлекеттері қамтамасыз ететін қуаттап келеді. Иран шекаралас елдермен достық қарым-қатынас орнатуды, лаңкестік және экстремизммен күресу үшін әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастық жасап,  қайшылықтарды шешуді өзінің сыртқы саясатының негіздері ретінде қалыптастырып, талпыныстарын аймақ елдерін нығайтуға негіздеді. Иран сондай-ақ, мұсылмандарды әлсіретіп, аймақ елдерін бөлшектеу арқылы алпауыт елдердің мүдделерін қамтамасыз ететін үкіметтермен қарсыласып, табандылық білдірді»,- деді.

Иран Сирия мен Иракта аймақтың зорлық-зомбылық көрген халықтары мен заңды үкіметтерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін лаңкестермен шамамен жеті жыл бойы қарсыласып, табандылық білдірді. Сондай-ақ, Палестина, Йемен халқы мен басқа да мазлұм  мұсылмандарға қолдауын жалғастыруда. 

 

Тегтер