Жел 18, 2018 14:08 Asia/Almaty

«Фатыр» сүресінің 31-35 аяттарының тәпсірі

«Фатыр» сүресінің 31-32 аяттары:
«وَالَّذِی أَوْحَیْنَا إِلَیْکَ مِنَ الْکِتَابِ هُوَ الْحَقُّ مُصَدِّقًا لِّمَا بَیْنَ یَدَیْهِ إِنَّ اللَّـهَ بِعِبَادِهِ لَخَبِیرٌ بَصِیرٌ»،

«ثُمَّ أَوْرَثْنَا الْکِتَابَ الَّذِینَ اصْطَفَیْنَا مِنْ عِبَادِنَا  فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ وَمِنْهُم مُّقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَیْرَاتِ بِإِذْنِ اللَّـهِ  ذَلِکَ هُوَ الْفَضْلُ الْکَبِیرُ»

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран – ол хақ. Алдыңғыны растаушы. Әрине, Алла құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы. (31)

Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейбіреуі ортада болады. Ал тағы біреулері Алланың бұйрығынша жақсылықтарға ілгерілеуші болады. Міне, осы ұлы мәрхамет. (32)

Алдыңғы бағдарламада аспандық кітапты оқып, оның бұйрықтарын орындау туралы сөз болды. Осы аяттар былай дейді: «Құран деп ардақты пайғамбардың жүрегіне түскен нәрсе – хақ сөз. Себебі, ол хақтың бастауынан, яғни Құдайдан уәһи арқылы түскен әрі адамның ақылы және фитратымен де үндеседі".

Құран алдыңғы пайғамбарлардың кітаптарымен үндесуімен қатар ислам пайғамбарынан бұрынғы пайғамбарлар мен олардың кітаптарын да растап, оларға иман келтіруді Құдайға иман келтірудің бір бөлігі деп атайды.

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құдай мен ислам пайғамбарына деген иман арқылы басқа адамдардың арасынан таңдалған исламның барлық үмбеті – Құранның мұрагерлері. Олар соны түсініп, соған сай ғамал етіп, оны таратуы керек. Алайда, осы үмбеттің бір тобы өздеріне зұлымдық жасап, Құдай жолынан ауытқыса, келесі топ – оның ізбасарлары. Олар ғамал мен Құранды таратуда қоғамда алдыңғы қатардан көрінеді».

Ислам рауаяттарына сәйкес, хазіреттің орынбасарлары саналатын пайғамбар әулеті – осы саладағы алдыңғы қатардағы тұлғалар. Имамдар мен халықтың басқа да жетекшілері – солардың қатарында.  

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Құранда басы артық бос сөз немесе ырымшылдық жоқ. Аяттардың барлығы хақ пен ақиқат негізінде. Сол себепті, дайым тұрақты.

2.Аспандық кітаптар мен илаһи пайғамбарлар бір мақсат пен бір бағытты ұстанды. Сол себепті, бір-бірін растаушылар.

3.Адамның Құран мен оның тағылымдарынан алыстауы – Құдай мен пайғамбарға емес, өзіне зұлымдық жасағаны. 

4. Ізгілік жасауда бір-бірімен жарысатын адамдар – Құран тағылымдарының мұрагерлері. Басқаша айтқанда, Құран мұрасына ие болудың шарты – ізгілік жасауда алдан көрінуде.

«Фатыр» сүресінің 33-34-35 аяттары:

«جَنَّاتُ عَدْنٍ یَدْخُلُونَهَا یُحَلَّوْنَ فِیهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٍ وَلُؤْلُؤًا  وَلِبَاسُهُمْ فِیهَا حَرِیرٌ»،

«وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّـهِ الَّذِی أَذْهَبَ عَنَّا الْحَزَنَ إِنَّ رَبَّنَا لَغَفُورٌ شَکُورٌ »، «الَّذِی أَحَلَّنَا دَارَ الْمُقَامَةِ مِن فَضْلِهِ لَا یَمَسُّنَا فِیهَا نَصَبٌ وَلَا یَمَسُّنَا فِیهَا لُغُوبٌ»

Олар ғадын жаннаттарына кіреді. Онда алтын және інжу білезіктермен безенеді де олардың киімдері жібектен болады. (33)

Олар: “Барлық мақтау бізден қайғыны жойған Аллаға (Т.) лайық. Әрине, Раббымыз аса жарылқаушы, қадыр білуші” дейді. (34)

“Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды” (деп бата қылады). (35)

Алдыңғы аяттарда ислам үмбеті залымдар, ізбасарлар мен имамдар деп үш топқа бөлінді. Осы аяттар екінші және үшінші топтарға сауап жазу туралы уәде береді.

Бұл – қияметте Алланың берген уәдесі бойынша жұмақта тұрумен іске асатын сауап.

Жұмақ – көркем, жанға жайлы мекен ғана емес, сұлу, жақсы киінген адамдармен сұхбаттасатын жер.  

Ол жерде адамның көңіліне ешқандай қаяу түспейді, қайғым-мұң баспайды. Мұндай кеңістікте құлазуға орын жоқ. Адамның реніші мен қиындық көруіне де еш себеп болмайды. 

Бұл дүниеде екі нәрсе құлазу мен торығуға себеп болады: бірі – нығметтер мен қуаныштардың қайталануы; екіншісі – солардан айрылудан қорқу. 

Бірақ, қияметте нығметтердің түрлілігі мен олардың саны жабырқауға себеп болмайтындай түрде болады. Өзінің иелігіндегі нығметтерді жоғалтудан ешкім қорықпайды.

Осындай мекенді осындай серіктермен көрген жұмақтықтар Алла Тағаланы мадақтап, жұмақты олардың дүниедегі шектеулі ңамалдарының сыйы емес, оларға сыйлаған илаһи жомарттық санайды.

Өйткені, Құдай олардың күнәларын кешіріп, қателерін жасырып, оларға осындай жұмақты сыйлады. Егер Құдайдың мейірімі болмағанда кешірімге жету үшін негіз әзірленбеген болар еді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құдайдың разылығы үшін осы дүниеде дүниелік кейбір қызықтардан бас тартатындардың уақытша мақұрымдықтарының орнын Құдай мәңгілік қуаныштармен толтырады.

2. Алтын мен жібек – бұл дүниеде ер адамдар үшін харам. Жұмақта ер-азаматтар соларға ие болады.

3.Жұмақта адамның физикалық тыныштығы жан тыныштығымен қатар келеді. Бұл дүниеде билік пен байлыққа ие көптеген адамдар дене тұрғысынан тыныштықта болғанымен жан тыныштығынан кенде.

4.Құдай қателіктерді кешіріп, жақсылықтардың қадірін біліп, алғыс айтады. Сол себепті, пенделер де Алланың осы сипаттарын өз бойларында жандандыруы керек.

5.Жұмақтықтар жұмақты Құдайдың жомарттығы мен кеңдігі санайды. Өйткені, дүниелік шектеулі істер мен ақыреттегі сансыз нығметтердің арасында еш байланыс жоқ.