Жел 18, 2018 19:49 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 8

Ислам революциясының жеңіске жеткеніне 40 жылға жуық уақыт өтті. Бұл жылдар Иран халқын көптеген тәжірибе мен үнемдеуге үйретті.

 

Әлемдік билеп-төстеуші жүйе өткен 40 жылда Ислам республикасы жүйесін құлату  үшін көптеген қастандықтарды жобалап, оларды бірінен соң бірін іске асырды. Олардың қастандықтарының бірі Ирактың БААС режимін Иранға қарсы соғысқа айдап салуы болды. Бірақ, Иран қарулы күштері мен халқының жанкештілігі және ержүректігінің арқасында бұл соғыс мақсатына жетпей, шапқыншылар елдің аумағынан қуылды. Иранға қарсы соғыс бұл елдің халқы үшін әртүрлі салаларда, соның ішінде қорғаныс саласындағы күшін шынайы жігерімен арттыру үшін тәжірибе болды.

Азаматтық қорғаныс ұйымындағы Ислам Кеңесі Мәжілісі басшысының бағдарлама жасау істері жөніндегі орынбасары Мұхаммад Реза Каини: "Иракқа қарсы сегіз жылдық соғыс экономикалық, саяси және әскери салалардағы күтпеген салдарларына қарамастан Иранның қорғаныс құрылымы мен  қорғаныс саласындағы ой-пікір үшін тиімді мұрсат болды. Иран күш-қуатын кемелдендірді. Иранның 2000 километрден астам су шекарасы бір жақтан, трансаймақтық күштердің азат суларда орналасуы басқа жақтан Иран үшін теңіз, әуе және құрлық күштерін заманауи ғылым мен технологияға сай дамытуы үшін жағдай тудырды.

Аятолла Хаменеи қауіпсіздік туралы баяндамасында қорғаныстық күшті маңызды әрі қоғамның рухани-материалдық дамуы үшін себеп болады деп атап: "Әскери қоқан-лоққының алдын алатын факторларға әскери қорғаныс күші мен дұшпандарды алаңдату секілді   факторлар жатады",- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ, басшылардың дұшпанның билікқұмарлығы алдында қырағы болуы қажеттігін қуаттап: "Америкалықтар Батыс Азия аймағы, әсіресе Сирия, Ирак, Ливан және Йемен туралы келіссөз жүргізгісі келеді. Олардың келіссөздердегі мақсаттары не? Олардың аймақтағы АҚШ-тың сәтсіздіктерінің негізгі факторы саналатын ИИР-на тосқауыл қоюдан басқа мақсаты жоқ",- деді. Аятолла Хаменеи америкалықтардың келіссөз жүргізу тәсілдері мен олардың ядролық  мәселеге қатысты келіссөздердегі әшкере дұшпандықтарын еске салып: "Ақыл дұшпандығын көрсеткен адамға сенім артпау керектігіне кеңес береді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі келесі бір сөзінде бұл мақсаттың маңыздығын қуаттап, қазіргі кезеңді ИИР ғиззатының кезеңі деп атап: "Исламдық жүйеге қарсы бұрын-сонды болмаған қазіргі шабуылдардың себебіне жүйенің күш-қуатын күн сайын арттыруы жатады. Өйткені, дұшпандар күш-қуатты жақсы сезіп, шабуылдарын арттырып жатыр",- деді.

АҚШ-тың сарапшысы Ноам Чамски Американың Иранды айыптауына тоқталып: "АҚШ Иранды бейбітшілікке төнген ең үлкен қауіп-қатер санайды. Бірақ, шын мәнінде, әлем АҚШ-ты әлемдік бейбітшіліктің ең үлкен қатері деп біледі",- деген болатын.

ИИР өзінің қырық жылдығына аймақтың ең құдыретті, әрі ең ықпалды саяси-қоғамдық-әскери құрылымы ретінде аяқ басып келеді. Ислам республикасының  өткен бірнеше жылдағы аймақтағы дағдарысты бақылаудағы рөлі Иранң қарулы күштерінің дайындығы мен орнының маңыздылығын көрсетеді. Шабуыл жасамау, қырып-жоятын, әсіресе атом қаруын шығармау сияқты негіздерге сүйенген  Иранның қорғаныстық доктринасы зорлық-зомбылық көргендерді қорғап, шапқыншыларға қарсы тұру керектігін қуаттайды. Осыған орай Иранның әскери күш-қуатының келесі ерекшелігі қорғаныс әлеуетін күшейту саналады. Иран халқы мен қарулы күштерінің күш-қуаты теріске шығарылмайтын мәселе.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Мұхаммадали Джафари Иранның зымырандық әлеуеті туралы: «Ислам республикасы ғылыми тұрғыдан зымырандардың  қашықтығын арттыра алады. Бірақ, Иранның саясаты зымырандардың қашықтығын арттыруды қарастырмайды. Ирандық зымырандардың қазіргі екі мың километрлік қашықтыққа жетуі дұшпанның стратегиялық нысандарының көбін нысанаға алып, Ислам республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұр»,- деді. ИИР өз күш-қуатына сүйеніп, өткен он жылдықтарда барлық қастандыққа қарсы тұрды. Сондай-ақ, таңылған соғыстағы тәжірибесіне сүйеніп, қорғаныс әлеуетін қоқан-лоққыларға қарсы жауап қайтаратындай деңгейге жеткізді.

АҚШ Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы әрі Ақ үйдің қазіргі Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Иран – аймаққа ықпалы жүретін мықты мемлекет. Сондықтан Иранға қарсы тұру мүмкін емес»,- деді.

Иранның дамуы әлемнің алпауыт үкіметтерінің Иранға қатысты саясаттарын өзгертіп, ИИР-на қарсы дұшпандықтарын «қатты соғыстан» өзге жолдарға өзгертуіне себеп болды. Бұл мәселе ИИР-ның исламдық құндылықтарға сүйенген әрі Иран халқының қолдауына ие жүйе ретінде қоқан-лоққылардан өтіп, оларды өз күші мен беделін арттыру мұрсатына айналдырғанын көрсетеді. Иранның Ислам Республикасының жүйесі өзінің 40 жылдығында бұрынғысынан де күшті жүйе ретінде танымал болып отыр.

Ислам революциясы жетекшісінің қарулы күштердің қорғаныс әлеуетін сақтау және оны одан сайын күшейту туралы қуаттауы стратегиялық маңыздылыққа ие.

 

Аятолла Хаменеи офицерлер дайындайтын Имам Әли атындағы жоғары оқу орны түлектерінің алдында сөйлеген сөзінде «Үстемшіл елдер «Сендердің ықпалдарың неліктен аймаққа таралды?» деп жанжал шығарады. Бұл – ислам республикасы құдыретінің белгісі. Біздің ойымызша, бұл – ұлттық құдырет. Дұшпанның пікірінше, бұл – оларға қиындық тудыратын фактор,. Сондықтан олар біздің құдыретімізбен күреседі. Олар Ислам республикасының аймақ халықтары және аймақтың сыртындағы кұш-қуатының дамуына қарсылық білдіріп жатыр. Өйткені, бұл – елдің кұш-қуатының белгісі. Олар елдің қорғаныс және әскери тұрғылардан дамуын қаламайды. Дұшпандарымыз ұлттық құдыретке қарсы»,- деді.

ИИР еш уақытта аймақта қайшылық пен әскери қақтығыс тудыруды көздемейді. Алайда қажет жағдайда дұшпандар мен шапқыншыларға  кез келген уақыт пен кез келген мекенде қауіпсіздікті бұзатын дұшпандыққа қарсы тұратынын әрі өзінің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін ешкімнен рұқсат сұрамайтынын көрсетті.

 

 

Тегтер