Жел 22, 2018 23:03 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 9

Ислам революциясы жеңіске жеткеніне қырық жылға таяп қалды. Осы уақыт Иран халқы үшін маңызды болды. Иран со жылдар бойы қатаң санкциялармен бетпе-бет келді. Бірақ, санкциялар мен қысымдарға қарамастан, өткен жылдарды Ислам революциясының негіздері мен аймақ пен халықаралық деңгейлерде Иранның рөлін арттырған жылдар деп атауға болады.

Әлемдік үстемшіл жүйе өткен 40 жылда Ислам республикасы жүйесін құлату үшін көптеген қастандық ойластырып, оларды бірінен соң бірін іске асырды. Сол қастандықтардың бірі ретінде АҚШ-тың Иранды оқшауландыруды көздеуін атау керек.

Таяу Шығыстың геоэкономикасында энергетикалық экономика, әсіресе газ өнеркәсібі маңызды факторлардың бірі саналады. Газ экспорттайтын елдер жасаған зерттеулер бойынша, алдағы 25 жылда әлемнің энергетикалық қажеттіліктерінің жартысы табиғи газ арқылы қамтамасыз етілетін болады. Энергетикалық қажеттіліктердің артуына байланысты сол кезеңде табиғи газға деген сұраныс 50 пайызға артады. Сұраныстардың үлкен бөлігі Қытай, Үндістан мен Таяу Шығыс аймағының электр қуатын өндіруіне қатысты болады. Дүниежүзінің энергетикалық қоры туралы зерттеулер газ экспорттайтын елдердің әлемнің газ нарығының 40 пайызына ие екенін көрсетті. Болжамдар бойынша, бұл теңгерім алдағы 25 жылда тұрақты күйде қалып, газ экспорты 60 пайызға артады. Оның үштен екі бөлігінен артығы құбыр арқылы тасымалданса, қалғаны LNG түрінде тасымалданатын болады. Бүгінде газ экспорты саласында Ресей құбыр жолы, Қатар LNG түрінде экспорттайтын ең маңызды ойыншыла саналады. Сондай-ақ, болжамдарға сәйкес, 2020-шы жылдан бастап аталмыш екі мемлекетпен бірге Иран да газ саласында маңызды рөл атқаратын болады. Газдың көбі Еуропаға, Қытай мен Үндістанға экспортталады. Бұл үш ірі газ тұтынушы алдағы жылдары аймақтың газын қажет ететін болады. Зерттеулер бойынша, Иран – әлем бойынша мұнай мен газдың ең ірі қорына ие ел. Қазір Орталық Азия аймағының газын Еуропа нарығына тасымалдау саласында көптеген жобалар қарастырылып жатыр. Ең қауіпсіз тасымалдау жолы Иран арқылы өтетін жол саналады. Орталық Азиядан басқа ірі газ қоры Парсы шығанағында орналасқан. Бұл газдың тасымалдануы үшін де ең қауіпсіз жол Ираннан өтеді.

Парсы шығанағы жағалауындағы Оңтүстік Парсы экономикалық аймағының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері Иранды экономикалық және энергияны тасымалдайтын орталықтардың біріне айналдырды.  Оман теңізі мен Үнді мұхитын бақылауға алып, стратегиялық маңызды Ормуз бұғазы жолында орналасуы  Иранның келесі басымдылығы саналады. Әлемдегі энергияның ең ірі тұтынушылары – Үндістан мен Қытай бұл аймақа инвестиция салуды көздеп отыр.  Иранның Парсы шығанағы мен Оман теңізі және солтүстігіндегі Каспий жағалауы энергиямен қамтамасыз ететін қорлармен байланысты. Мұндай үздік жағдай энергия өндіретін және тасымалдайтын инфрақұрылымдардың құрылысы мен сенімді әрі қоршаған ортаға үйлесімді ядролық энергия сияқты жаңа энергия салаларына инвестиция салуға жағдай тудырды. Энергетикалық Хартия ұйымының Бас хатшысы Урбан Руснак: «ИИР мұнай мен газ, электр қуаты салаларында, сондай-ақ Хартияның әртүрлі отырыстары мен энергетика саласында заң дайындау жұмыстарында ынтымақтастық жасап, әлемдік энергетикалық айналымға белсенді қатыса алады»,- деді.

Аймақта мұнай мен газдың ірі өндірушілер мен энергияны тұтыну нарығының қалыптасуы Иранның мұнай мен газ транзитының орталығына айналуына себеп болды. ИИР географиялық жағдайы тұрғысынан шығыс пен батыстың, солтүстік пен оңтүстік арасындағы қарым-қатынас көпірі саналады.

Келесі маңызды мәселе тұтынушы елдерді энергиямен қамтамасыз етуде маңызды фактор саналатын Иранның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы болып табылады. Өйткені, Таяу Шығыс аймағындағы энергия өндіретін елдердің көбіндегі саяси тұрақсыздық пен қауіпсіздік саласындағы жағдайлар Қытай сияқты ірі тұтынушылар үшін үлкен қатер тудырып отыр.

Өткен жылдардағы халықаралық, әсіресе Батыс Азия аймағындағы дипломатиялық және геостратегиялық өзгерістер Иранның аймақ пен әлемдегі рөлін арттырды. Еуропалық ұйымдар, соның ішінде Германияның Берман университетіндегі Шығыс Еуропаның зерттеу орталығы, Германиядағы Шығыс Еруопа зерттеу қауымдыстығы мен Швейцариядағы Қауіпсіздік зерттеу орталығы Кавказ аймағы елдері үшін Иранның маңыздылығы мен олардың арасындағы ынтымақтастықтар туралы мәлімдеме жариялап: «АҚШ-та Дональд Трамптың билігінің басталуымен Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімнің тағдыры белгісіздікке бетпе-бет келгенімен, Иранның рөлі маңызды әрі стратегиялық. Сондықтан аймақтағы инфрақұрылымдар саласындағы маңызды жобаларға әсер етеді» деді.

Польшаның Варшава университетінің Шығыс Еуропа зерттеу орталығының аға зерттеушісі Хамед Каземзаде «Иран мен Оңтүстік Кавказдағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтар» атты атты мәлімдемесінде: «Кеңес одағы тараған соң әлемдегі энергия өндіруші негізгі екі аймақ арасындағы көпір ретіндегі Иранның рөлі өте маңызды болды. Әлемнің мұнай мен газ қорының 70 пайызы Мазандаран теңізі мен Парсы шығанағы арасында орналасқан. Тек Иран ғана бұл екі аймақтың арасын қоса алады»,- деп жазды. Бұл жазушы мұнай мен газдың ірі қорына ие болуы мен стратегиялық орналсуын және энергия өндіруші және тұтынушы елдерге жақын болуын Иранның аймақтың энергетикалық айналымы мен Еуропаны қажет энергиямен қамтамасыз ету саласындағы маңыздылығының дәлелдерінің бірі деп атап: «3+3+1 ынтымақтастығы, яғни Кавказдағы Армения, Әзірбайжан мен Грузия, аймақтың Ресей, Түркия және Иран секілді үш алпауыт мемлекеті мен Еуроодақтың ынтымақтастығы энергия өндіріп, оның тасымалдап, тұтынатын елдерді бір-біріне қосады»,- деді.  

Иран Мазандаран (Каспий) теңізін Парсы шығанағына қосатын ең қарапайым жолды ұсына алады. Каземзаде: «Әрине, Иранның Еуроодақты энергиямен қамтамасыз ету рөлі мен Еуропа энергиясы келешегінің Ирансыз қамтамасыз етілмейтінін теріске шығаруға болмайды»,- деді. Осы салада Иранның  Австрия, Италия, Болгария, Грекия және Венгриямен меморандумдарға қол қоюы  еуропалық тұтынушылардың энергия ресурстарын Мазандаран теңізі мен Кавказ арқылы Еуропаға жеткізгісі келетінін көрсетеді. Германияның Халықаралық және қауіпсіздік істері жөніндегі бұрынғы сарапшысы Яна Забанованың пікірінше, бұл жолдар Иранды Оңтүстік Азия мен Еуропа арасындағы тауар тасымалдайтын орталыққа айналдыра алады. Забанова Армения мен Әзірбайжанның өз алдына Иранмен құрлық жол арқылы қарым-қатынас орнатқысы келетінін әрі Иранның да бұл жобадан пайда көретінін қуаттады. Арменияның ұсынған жолы Иранды Қара теңіз бен Еуропаның оңтүстігіне, Әзірбайжанның ұсынысы Иранды Еуропаның солтүстігіне жеткізеді.

Халқының түрлілігі, әлемнің маңызды энергетикалық және басқа қорларына ие  болуы, халқының қырағылығы, үкімет пен халық арасындағы терең байланыс, халықтың шешім қабылдау мен сайлауға қатысуы  әртүрлі, әсіресе энергиямен қамтамасыз ету саласындағы Иранның рөлін арттырды. Бұл мәселеге әлемдік алпауыт елдер алаңдап отыр.

 

Тегтер