Жел 24, 2018 23:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 10

Иранның Ислам революциясы Ирандағы мәдени, саяси, қоғамдық және экономикалық тұрғыларының өзгеруіне, сондай-ақ, Ислам үмбетінің исламдық оянуына себеп болған заманауи кезеңнің теңдессіз оқиғаларының бірі болды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси жыл санағы бойынша хиджри шамси күнтізбесінің 1397-ші жылының бірінші күні имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде жиналған  зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде Ислам революциясының 40 жылдағы табандылығына, сондай-ақ, америкалықтардың аймақтағы сұрқия жобаларының нәтижеге жетпегеніне тоқталып, Иран халқының айбыны мен  ғиззатын, Ислам республикасы жүйесінің құндылықтарын қорғап, мақсаттарына табандылығын қуаттады.

Иранның Ислам революциясы Ирандағы мәдени, саяси, қоғамдық және экономикалық тұрғыларының өзгеруіне, сондай-ақ, Ислам үмбетінің исламдық оянуына себеп болған заманауи кезеңнің теңдессіз оқиғаларының бірі болды.

Әрбір революция аймақ пен әлемге аз да болса әсерін тигізіп, өз стратегиясын қалыптастыру үшін жолдауын таратады. Революцияның жолдауы тартымды болған сайын оны көп адамдар қабылдап, қолдап, үлгі тұтады. Маңызды ерекшелігі исламдық дүниетанымға сүйену болған Иранның Ислам революциясы либералистік және социалистік қозғалыстар тартымдылықтарынан айрылған кезде болды. Иран халқының Ислам революциясы әлемге Ислам үлкен күресті ұйымдастыратын мүмкіндікке ие ғана емес, сонымен қатар әлемдік саясаттардың барлық қиындықтары мен қайшылықтарына қарамастан, қоғамның мәселелерін шешіп, мәңгілік қалатынына кепілдік беретін мектеп екені туралы жолдауды жеткізеді. Басқаша айтқанда, Иранның ислам революциясы отаршылдық салдарынан қиындық көріп, зорлық-зомбылықтармен бетпе-бет келіп отырған адамдарға жаңа жол ашады. «Шығыс та емес,  Батыс та емес» деген ұраны бұл революцияның  зорлық-зомбылықты  қабылдамайтынын көрсетеді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өзінің сөздерінде Ислам революциясының себептері мен әсерлеріне, дұшпандардың Ислам революциясының әлемдік жолдауларын бұрмалағанына тоқталып: «Дұшпандар имамның «Біз революциямызды бүкіл әлемге экспорттаймыз» деген сөзін сан рет бұрмалады. «Революцияны экспорттау» деген сөздің мағынасы біз көтеріліс жасап, күш қолданып, жан-жаққа барып, соғыс ашып, халықты бүлік жасауға көтеріп, оларды революция жасауға мәжбүрлеу дегенді білдірген жоқ. Имамның мақсаты бұл болған жоқ. Бұл біздің саясаттарымыз бен негіздеріміз емес. Олар имамның сөзін осылай сараптап, айыптады. Революцияны экспорттау деген – әлем халықтары бір халықтың өз күшімен, өздерінің ерік- жігерлеріне сүйеніп, Аллаға тәуекел етіп, табандылық білдіріп, дұшпанға бағынбағанын көруі. Егер халықтар мұндай тұрақтылықты көрсе, сеніп, зорлық-зомбылыққа бағынбайтын болады»,- деді. Хазірет Палестинаның мазлұм халқының басқыншы режим алдындағы табандылығына тоқталып: «Егер сіздер қазір Палестина халқының басып алынған жерлердегі жағдайына қарасаңыздар, халықтың зорлық-зомбылықпен күресін көресіздер. Бұл күрес Палестинада ауыр жағдайда жүріп жатқанымен халық күрестерін жалғастыруда.

Көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған Ауғанстан халқы да әлемде тіпті оларға көмектесетін ешкім болмаса да, өздері соғысып, табандылық білдіруді жалғастырып отыр. Басқа халықтар да Ислам мен Ирандағы Ислам республикасы жүйесінен үлгі алады. Революция осылай экспортталып, басқа халықтар үшін сабақ әрі үлгі болады»,- деді.

АҚШ және оның кейбір еуропалық одақтастары аймақтағы кейбір үкіметтердің көмектеріне сүйеніп, әртүрлі өтіріктерді пайдаланып, Иранды аймақ елдеріне араласады және тұрақсыздықтың факторы деп айыптады. Бұл уәждер АҚШ пен Израильдің тыңшылық ұйымдары Сауд Арабиясының ақшасымен үнемі аймақ елдерінің жүйелерін құлату үшін қастандықтар ойластырып, соғыс ашу арқылы аймақ тағдырын өзгертуді көздеген жағдайда айтылуда. Алайда Ислам революцисы өзінің құндылықтары және мақсаттарымен үстемшіл елдердің дағдарыстармен бетпе-бет келтірді. АҚШ бұл революциямен күресу үшін көптеген қаржы жұмсады. Иран халқы үшін революцияның армандары мен мақсаттары тартымды болған сайын оларға жету жолындағы қиындықтар мен қысымдарға төзу оңай болады. Иранның Ислам революциясы әу бастан өз мақсаттарын белгіледі. Оның басшысы мен халық осы уақытқа дейін соларға жету жолында еш аянып қалған жоқ. Сол себепті ИИР АҚШ-тың сыртқы саясатында әрқашан маңызды. Қазір де Трамп Иранға қарсы дұшпандық ұстаным білдіріп отыр. Бұл қастандықтар революцияның жолын қаншалықты бұрмалады?

Иран халқының қастандықтарға қарсы 40 жылдық табандылығы бұл халықтың АҚШ-тың бұрынғы президенттері кезінде басталған дұшпандығына қарсы тұрғанын көрсетті. Олар Иранға қарсы экономикалық қоршау,  таңылған соғыс, шапқыншыларды қолдау мен санкция салу сияқты барлық жолдарды сынақтан өткізді. Олар Иранның ядролық бағдарламасы, зымырандық бағдарламасы мен аймақтың саясаттары және адам құқығы тақырыбында әртүрлі сылтаулар іздеп, Ислам республикасына қарсы қысымдарды арттырып, Ираннан үркіту саясатын жүргізуге талпыныс жасағанымен ешбір әрекетімен Иран халқын бағындыра алмады. АҚШ-тың дұшпандық әрекеттері Ислам республика жүйесін күшейтіп, Иран халқын бұрынғыдан бетер біріктірді.

АҚШ Ислам революциясының жеңісінен бері үнемі қайшылықтарды Иран халқына қарсы дұшпандыққа жеткізді. Қоқан-лоққы мен санкциялармен тұспа-тұс болған бұл дұшпандық Иран  халқын тәуелсіздік пен әділет талап ету жолын жалғастырып, ерік-жігері мен күш-қуатын арттыруына жеткізді.

ИИР қазір халықтың қолдауы және өзінің ішкі әлеуетіне сүйеніп, күші мен айбынын күннен күнге арттырып келеді. АҚШ басшыларының Ислам республикасы жүйесіне дұшпандық білдіруінің негізгі себебі Иранның үстемшілдікке, сондай-ақ, әлем халықтары үшін қантөгіс пен бақытсыздық әкелетін АҚШ үкіметінің араласушы және зорлық-зомбылық саясаттарына  қарсылық білдіруі болып отыр.

 

Тегтер