Жел 25, 2018 20:19 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 11

Иранның Ислам революциясының жеңісі мен Ислам республикасы жүйесі орнатылғаннан бері 40 жылға таяп қалды. Әлемде болған революцияларда баяндалған теорияларға қарамастан, Ислам революциясының құндылықтары әлі сақталып келеді.

Ислам революциясының 40 жылдық табандылығы Ислам республикасы жүйесінің дамуын, дұшпандардың қастандықтарының сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді. Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап, АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы бұл елдің барлық президенттері мен үкіметтерінің негізгі мақсаттарының бірі болды. Шамамен екі жыл бұрын Трамп жанжалмен АҚШ Президенті болып сайланып, Ақ үйге кіргеннен бері АҚШ-тың Иранға дұшпандығының жаңа кезеңіне куә болып отырмыз. Дональд Трамп басынан бастап Америка мен Иран арасындағы ең маңызды тақырып, яғни ядролық мәселе туралы: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  АҚШ үшін апатты келісім болды. Өйткені, АҚШ үкіметі Иран үкіметіне көптеген артықшылық сыйлады",- деді. Трамп сан рет Иранның ядролық мәселесіне қатысты келісімге қарсылық білдіріп,  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-тың мүддесіне өзгерту үшін Иранға қарсы санкцияларды екі-үш есе арттырып, Иранды қайтадан келіссөздер үстеліне отырғызуға мәжбүрлейтіні туралы уәж айтты. АҚШ Президенті демократ үміткерлерімен өткізген бірінші пікірталасында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын Израильдің қауіпсіздігі үшін қатерлі деп атап: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – Хиллари Клинтонның сыртқы саясаты нәтижелерінің бірі. Өйткені, ядролық келісімге қол қойылған кезде Иран АҚШ-тың санкциялары салдарынан ең жаман жағдайда болған, бірақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының арқасында Иран үлкен алпауытқа айналды",- деді. Трамп өз бәсекелестерімен өткізген екінші пікірталасында Иранды лаңкестіктің қолдаушысы деп атады. Ол АҚШ сайлауының негізгі үміткерлерімен өткізген соңғы пікірталасында әсіресе Таяу Шығыс аймағының өзгерістеріне қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатын сынап, Обама мен Клинтон үкіметінің саясаттарын Иранның күші мен ықпалының артуына себеп  болды деп атап: "Аймақтағы өзгерістердің жалғыз жеңімпазы Иран болды. Бүгін енді Иран аймақтағы алпауыт елге айналып, Ирактың істеріне көбірек араласуды көздеуде",- деді.

Сөйтіп, 2017-ші жылы «қоқан-лоққы» мен «санкция» деген терминдер АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясаттарының негізгі терминдеріне айналды. 2018-ші жылдың басталуымен бұл үдеріс жалғасып, мамыр айының 8 күні Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын жариялап, Иранға қарсы дұшпандығын көрсетті.

АҚШ-тың Өкілдер Палатасының сыртқы саясат жөніндегі комитетінің басшысы 2017-ші жылдың наурыз айында комитеттің отырысында сөйлеген сөзінде: "АҚШ Иранға қарсы санкцияларын арттырып, бұл елді өзінің баллистикалық зымырандарын дамыту бағдарламасын қайта қарастыру туралы шешім қабылдауға мәжбүрлейді",- деген болатын.

АҚШ Қаржы министрлігі Трамп жұмысын бастаған бірнеше айдан кейін, яғни, мамырдың 17 күні Иранның зымырандық бағдарламасымен байланысты деген сылтаумен ирандық және ирандық емес жеті адам мен компанияға санкция салды.  АҚШ содан соң шілденің 18 күні әртүрлі сылтауды, соның ішінде Иранның зымырандық бағдарламасын сылтауратып, өзінің санкциялық тізіміне 18 жеке және заңды тұлғаны енгізді.

АҚШ-тың Өкілдер Палатасы 2017-ші жылы шілденің 25 күні 419 "оң" дауыспен Иранға қарсы санкциялар жобасын бекітті. АҚШ Сенаты да бұл жобаға 98 "оң" дауыс берді. Сөйтіп, Трамп Иранды жаңа келіссөздерге мәжбүрлеу үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты және қатыссыз санкцияларды арттыру, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бақылау мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ, одақтастары мен басқа елдерге Иранмен ынтымақтастық жасауға қысым көрсетуді АҚШ-тың сыртқы саясатының жұмыс кестесіне енгізді. «Иран аймақтағы лаңкестікті  қолдайды; Иран қарсыласу топтарын қолдауын тоқтатсын» деген уәждер де АҚШ-тың саясатының бір бөлігі ретінде қалыптасты. Иранның зымыран саласындағы қорғаныс жұмыстары да Трамптың шынайы қуаттаған саясаттарының бір бөлімі болды. Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатынын ресми жариялап, тек өзіне ғана лайық стратегияны Иранға қарсы іске асырды. АҚШ үкіметінің стратегиясы бұрынғы кезеңдей Ислам республикасының қатынасын өзгертіп, Иранды аймақ пен қорғаныс мәселелері туралы келіссөздерге мәжбүрлеу үшін  санкциялар  мен қысымдарды арттыруды және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының  мәтінін өзгерту үшін елді аталмыш келісімнің нәтижелерінен кенде етуді қуаттайды.

Трамп үкіметі басынан шетелдік инвесторлардың Иранның экономикасына инвестиция салуының алдын алу үшін  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының іске асырылуын тоқтатқысы келді. Трамп үкіметі шетелдік инвесторлар  Иранға енбесе, Иран өзінен-өзі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығады деп ойлады. Бірақ, ол бұл мәселені жариялаған соң Қауіпсіздік кеңесінің басты тұрақты 4 мүшесінің сыны және қарсылықтарымен бетпе-бет келді. Өйткені, Қауіпсіздік кеңесінің басқа 4 мүшесі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұл Кеңестің қарарымен бекітілген халықаралық келісім, сондықтан жаңадан келіссөздер немесе оның күшін жою туралы айту оңай емес деп санайды.

Трамп Иранға қарсы негізсіз айыптаулар мен бос сөздерден басқа еш нәрсе айтпайды. Бұл жалған айыптаулармен АҚШ-тың  дұшпандығы Иран халқы үшін одан сайын әшкерелене түсіп, сенімсіздіктің белгілері де анықталды. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзумен шектелмей, басқа салаларда да дұшпандық білдіріп отыр. Осы туралы АҚШ-тың астанасында орналасқан Америкадағы ирандықтардың ұлттық кеңесінің басшысы Al-Monitor торабына берген сұхбатта: "Дональд Трамптың Иранға қатысты сөзі саптауы мен Президент ретінде Сауд Арабиясына жасаған бірінші сапары қақтығыстар мен қарсылықтарды арттыратынын көрсетеді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан бір жыл бұрын қасиетті кесенелер мен шекараларды қорғап, шәһид болған азаматтардың отбасылармен кездесуінде Трамп пен АҚШ-тың басқа басшыларының дұшпандық сөздеріне тоқталып: "АҚШ Президентінің бос сөздері жаңа тақырып емес. Өйткені, исламдық жүйе басынан бастап әртүрлі қастандықтармен бетпе-бет келгенімен Иран халқының дұшпандары еш нәрсе жасай алмады",- деді.

 

Трамптың жариялаған стратегиясы – Ақ үйдің Иранға қарсы бұрынғы саясаттарының жалғасы. Трамп Иранды "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының экономикалық пайдаларынан кенде етіп, Иранның тағдырын аталмыш келісіммен байланыстырып, келешегін күңгірт етіп көрсетпек. Трамптың Иранға қатысты дұшпандығы Ақ үйдің саясатын бағалайтын сарапшылардың көбін Трамп асығыс шешімімен АҚШ-тың әлемдегі саяси және экономикалық міндеттемелерінің көбін өзгерте алады деген ойға жетеледі. Бірақ, бұл әлемдік қоғамның АҚШ-қа бағынуы дегенді білдірмейді.

АҚШ Трамптан бұрын он жылдан астам уақыт бойы Иранға қарсы қатаң санкциялар салып, қысым көрсетіп, бейбіт мақсатты ядролық ғылымының дамуының алдын алуды көздеді. Бірақ, Иранға қарсы санкциялардың нәтижеге жетпейтіні мен Еуроодақтың санкция салу саласында АҚШ-ты қолдамайтынына көзі жеткен кезде келіссөздерге қатысып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойды. АҚШ Иранның еш уақытта басқаларға қоқан-лоққы көрсетпегенін немесе ядролық қару шығармайтыны туралы білгенімен, Иранды айыптауын жалғастыруда.

Трамптың Иранға қарсы саясатының маңызды бөлімі Иранның ішінде қайшылық тудырып, іріткі салу және бұл елдегі діни халықтық демократияны әлсірету болып табылады. Сондай әрекеттердің қатарын Иранның басшылары мен халқы арасындағы қайшылықтар туралы уәждер, жүйенің заңдылығы мен іскерлігіне күмән тудыру құрайды. Мұндай қоқан-лоққылар мен жанжалдар – АҚШ-тың дұшпандық әрекеттерінің жаңа түрі.