Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 12
Ислам революциясының жетекшісі тәуелсіздік мәселесіне тоқталып: «Бүгінде исламдық Иран шынайы тәуелсіздікке ие. Ешбір мемлекет Иран сияқты тәуелсіз емес. Ешбір алпауыт мемлекеттің ықпалын қабылдамайтын жалғыз халық – Иранның ұлы халқы»,- деп қуаттады.
Иран Ислам революциясы жеңіске жетіп, Ислам республикасы жүйесі АҚШ-ты Ирандағы мүдделерінен айырғаннан бері АҚШ-тың републикашыл немесе демократ басшылары сан рет қоқан-лоққы жасады. АҚШ-тың 2016-шы жылғы сайлауында Дональд Трамптың жеңіске жетуімен «Трамптың билік басына келуімен АҚШ-тың Иранға қарсы әрекетінде қандай өзгеріс болды? Трамптың Рейган, Буш және Обамадан айырмашылығы не? Бұл өзгерістер АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы үдерісін жаңа кезеңге енгізді ме?» деген сұрақтар туындады. Францияның қоғамтанушысы әрі АҚШ мәселелері бойынша сарапшысы Мари Сисил Наво Трамптың әрекеттері туралы: «Дональд Трамп Иранмен бетпе-бет келіп, Таяу Шығыс теңгерімін геополитканы өзгерту үшін емес, экономикалық мақсаттарына жету үшін өзгерткісі келеді»,- деді. Негізінде, аймақтың қазіргі жағдайы мен Трамп сияқты адамның билік басына келуі –АҚШ саясаткерлерінің мұрасы. Трамп пен АҚШ-тың өткен саясаткерлерінің әрекеттерінің арасында аса айырмашылығыны жоқ екенін ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы басқаларға қарағанда Трамптың тәжірибесінің аз, сондай-ақ, саясат пен саяси қырағылықтан кенделігінде. Трамп пен оның қасындағылар АҚШ пен әлемде болып жатқан оқиғаларды шынайы түсінгенше көптеген болжанбаған оқиғалар орын алып, АҚШ-тың өзі мен басқа елдерге орны толмас шығын әкелуі мүмкін. АҚШ басшылары бұрынғы және осы кезде Иранға соққы беру үшін қолынан келген кез келген қастандықты іске асырды. Бірақ, олардың Иран халқына қарсы шабуыл жасаған әркімнің өзіне шығын келтіретінін білгені жөн.
Ислам революциясының жетекшісі: «Дұшпандар мен шынайы достар, сондай-ақ, кейбір уақытта жүректері күпті достар ислам рсепубликасының құдыретімен мықты тұрғанын, дұшпандардың Иран халқын бағындыра алмайтынын, керісінше Иран халқының оларға соққы беретінін білуі керек»,- деп қуаттады.
АҚШ Ислам республикасының мүмкіндігінен толық хабардар және біржақты түрде өз мақсатына жете алмайтынын да біледі. Сондықтан олар әлемдік коалиция құрып, аймақ пен әлемнің басқа елдерін Иранға қарсы жұмылдыруды көздейді. Бұл жолда аймақтың кейбір режимдері АҚШ-тың Иранға қарсы уәждерін қолдап, өз жағдайларын жақсартуға талпынады. «Араб ньюс» басылымының порталы осыдан біраз уақыт бұрын: «Вашингтон Иран жүйесіне қарсы әлемдік коалиция құруға әрекеттенгенімен, АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл коалицияның құрылмайтыны туралы уәж айтып отыр. АҚШ Президентінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі негізгі мақсаты – Теһранға көбірек шектеу қоятын жаңа келісімге келу»,- деп жазды.
Вашингтонның аймақтағы одақтастары бұл жағдайды өздері үшін мұрсат санайды. Өйткені, олар тек дағдарыс тудыру арқылы ғана өздерінің қалатынына үміттенеді. АҚШ өз мақсатына жету үшін кез келген жолды пайдаланады. Ақ үйдің алаңдаушылықтарының себептерінің бірі Франция, Британия, Германия, Ресей мен Қытайдың АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуын қатаң сынауы мен олардың Трамптың талап-тілектерімен қарсыласуына байланысты. АҚШ бала өлтіруші қылмыскер сионистік режимді қолдайды. АҚШ бұл ұстанымын өз стратегиясының бір бөлігі санайды. Сионистік режимнің басшыларының айтуынша, Израиль Вашингтонмен бірге Иранға қарсы талпыныстарын үш тұрғыдан көздеуде. АҚШ аймақта қайшылық пен қақтығыс тудыруды мақсат етіп отыр. Сондықтан бұл саясатты қолдайтын әр мемлекет аймақтағы қақтығыстарға қатысты болады. Өткен бірнеше онжылдықта АҚШ-тың сионистік режим мен аймақтағы басқыншы режимдерді қолдауы бір жағынан соғыстар мен қақтығыстарға ұластырса, басқа жағынан лаңкестік сияқты сұм құбылыстың пайда болуына себеп болды. АҚШ-тың аймақтағы достары мен одақтастары – тіпті, америкалық азаматтардың қауіпсіздігін қатерге тіреген халықаралық лаңкестіктің негізгі қолдаушылары. АҚШ-тың бұл саясатын жалғастыруы - аймақ пен әлем үшін теріс әсер ететін қате тарихи стратегия.
АҚШ Президенті Трамп Иранға қарсы дұшпандығын бұрынғыдан бетер анық көрсетті. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Калифорния штатында Рейганның кітапханасында сөйлеген сөзінде Ақ үйдің Иранның ішкі, аймақтық және халықаралық ұстанымдарына маңызды өзгеріс енгізуді көздейтінін мәлімдеді. Трамп үкіметі Ислам республикасының мүмкіндіктерінен толық хабардар әрі біржақты әрекеттерімен нәтижеге жете алмайтынын жақсы біледі.
Қытайдың South China Morning Post ақпарат агенттігі өз мәлімдемесінде: «АҚШ басшылары тұспалдап, бұл ықтималды коалияцияны Ирак пен Сириядағы ДАИШ-ке қарсы коалицияға ұқсас деп атады. Кейбір эксперттер мұндай коалицияның құрылуын АҚШ үкіметінің бұрыннан келе жатқан бағдарламаларыың бірі деп біледі» деді.
«Ираннан үркіту» жобасы – АҚШ-тың аймақтағы негізгі сясаттарының бірі. Обама үкіметі де осы саясатты ұстанған болатын. Егер өткен кезеңдерге шолу жасайтын болсақ, АҚШ-тың, тіпті Обамаға дейінгі басшылары саясаттарының АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясатының бір бөлігі болғанын көреміз. АҚШ Иранның ядролық мәселесіне қатысты уәждері нәтижеге жетпеген соң, екі мақсатқа шоғырланды: бірінші мақсаты – аймақтағы Ираннан үркіту саясатын жалғастыру, екінші мақсаты – Иранның аймақ пен әлемдегі рөлімен қарсыласу. Трамптың Иранға қарсы саясатына Американың аймақ пен әлемдегі өзгерістерді сауда саласында пайдалануы жатады. Трамп барлық нәрсеге сауда және экономикалық салаларда пайда көру тұрғысынан қарайды. Ол Сауд Арабиясына жасаған бірінші сапарында бұл елге жүз миллиард долларға қару сату туралы келісім жасады.
Сондықтан Трамптың «Иран лаңкестікті қолдайды» деген айыптары жаңа мәселе емес. Трамп аймақ істеріне араласу үшін көп талпыныс жасайды. Бірақ, халықаралық сындар мен қарсылықтар АҚШ-тың Иранға қарсы әлем едерін біріктіру жобасының іске аспайтынын білдіреді. АҚШ өткен онжылдықтарда Иранды ядролық қаруға ие болу, аймақ елдерінің істеріне араласуға талпыну, лаңкестікті қолдау және адам құқығын бұзумен айыптады. Қазір де Иранның зымырандық әлеуеті мен теңіз күштерінің аймақтағы айбынды құзырына алаңдау уәждерімен Иранды аймақ қауіпсіздігі саласында дағдарысқа тірегісі келеді. АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары Иранға қарсы соғыстан бері Саддам режиміне қару-жарақ тұрғысынан қолдауын көрсетіп, тіпті химиялық қару беріп, Иран халқын Ислам революциясының мақсаттарына жетуден үміттерін үзіп, халықты сайлауға қатыстырмау үшін экономикалық қоршауға алды. Экономикалық қоршау әлі жалғасып жатыр. Бірақ, АҚШ мақсатына жете алмады. Осыған орай бұл елдің Иранға қарсы дұшпандық ұстанымдары еш уақытта тоқтаған емес. АҚШ Иранды қоқан-лоққы ретінде көрсетеді.
Өткен жылдардағы тәжірибе аймақтағы бейберекеттік, әл-Қаида мен ДАИШ сияқты лаңкестік топтарды қолдау, Ирак пен Сириядағы соғыс, Сауд Арабиясының Йеменді бөлшектеу мақсатындағы шабуылдардың АҚШ пен Израильдің Таяу Шығыстағы ортақ жобаларының бір бөлігі болғанын көрсетеді. ИИР қоқан-лоққылар мен өзінің қорғаныс әлеуеттеріне назар аударып, қорғаныс стратегиясын күшейтіп, аймақтағы кез келген ықтималды шабуылдың ала алатындай қалыптастырды. Ислам республикасының қауіпсіздік доктринасы басынан бастап, аймақ әлеуетін пайдаланып, қауіпсіздікті қорғап, қайшылықтардан алыс болуды көздейді. Ислам республикасының Армиясы мен Сақшылар корпусының күштері әр уақытта дұшпандар мен басқыншыларға өз күш-қуатымен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатыны туралы жолдау жіберді. Иранның көзқарасы бойынша, ұжымдық қауіпсіздік көршілес елдердің ынтымақтастығымен қамтамасыз етіледі.