Жел 31, 2018 19:42 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 14

Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтың кейбір елдердің істеріне үкіметтері мен халықтарының сұрауымен көмектесіп жатқанына тоқталып: «Біз ешбір елге күш көрсеткен жоқпыз, елдердің ішкі істеріне араласпадық. Тек көмек сұрағандарға көмектестік. Көмегіміз қисынға сай болды»,- деді.

 

Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1397-ші жылдың басында сөйлеген сөзінде Ислам революциясы құндылықтарының өткен қырық жылда ұмытылмауының себептері мен аймақ мәселелері және америкалықтардың қылмыстарына тоқталып: «Біз басқаларға зорлық-зомбылық жасаған емеспіз және басқа елдердің істеріне де араласпадық. ИИР өз халқының ғиззаты мен күш-қуатының туын аймақта көтеріп, тәкфиршілерді жойып, қауіпсіздік орнатуға маңызды үлес қосты»,- деп қуаттады. 

 

Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтың кейбір елдердің істеріне үкіметтері мен халықтарының сұрауымен көмектесіп жатқанына тоқталып: «Біз ешбір елге күш көрсеткен жоқпыз, елдердің ішкі істеріне араласпадық. Тек көмек сұрағандарға көмектестік. Көмегіміз қисынға сай болды»,- деді.

Иранның Ислам революциясының мақсаттарының бірі әлемдік үстемшіл жүйемен қарсыласу мәдениетін тарату болды.  Өзінің қырық жылдығы қарсаңында тұрған Иранның Ислам республикасы жүйесі мазлұм халықтардың құқықтарын қорғауды өз Конституциясында ескеріп, бұл негізді Ислам революциясы мақсаттарының бірі ретінде жылдар бойы сақтап келді. ИИР-ның сыртқы саясатында әлем мұсылмандары мен мұқтаждарын қолдау туралы айтылды. Иран Конституциясының 16-шы бабының 3-ші негізі «Елдің сыртқы саясаты Исламның критерийлеріне сай реттеліп, барлық мұсылмандарға бауыр ретінде қарап, әлемнің мұқтаждарына қолдау көрсетуді» қуаттайды. Бұл Заңның 154-ші негізінде де ИИР-ның басқа халықтардың ішкі істеріне араласпайтыны, сондай-ақ, әлемнің жер-жеріндегі мұқтаждардың шындықты талап ету күресін қолдайтыны баяндалды.

Доктор Сейед Джалаладдин Мадани «ИИР-ның саяси органдары мен негізгі құқықтары» атты кітабында Иран Конституциясының 154-ші негізі туралы: «Халықтар өз құқықтарына жетуге шешім қабылдамаса,  жағдайлды өзгерту үшін мүмкіндік тумайды. Халық өз құқықтарына жетуге шешім қабылдаған уақытта өзгеріс болады. ИИР-ның өзгерістердің факторы саналатын қозғалыстарды қолдауы араласу саналмайды. Өйткені, жүйенің мықтылығы мен тұрақтылығы олардың қолдауы мен сұраныстарына байланысты. Бір халық көмек сұраса, өз құқығын пайдаланғаны» деп жазды.

Ислам революциясының жетекшісі қолдау көрсетуді Ислам республикасының кесімді саясаты деп атап: «Біз араласқан кезде тура айтамыз. Біз Израильге қарсы мәселеге араластық. Оның нәтижесі  33 және 22 күндік соғыстардағы  жеңіс болды. Бұдан кейін де сионистік режиммен күрескен барлық халық пен барлық топты қолдап, көмектесеміз және бұл туралы айтудан қорықпаймыз»,- деді.

Діни құндылықтарға сүйенген, ұлты, діні және мәдениеттінің түрлілігіне қарамастан барлық халықтардың құқықтарын қолдаған Иранның Ислам республикасы жүйесінің көзқарасы бойынша, барлық халықтар халықаралық жүйеде тең құқықтарға ие болып,  ешбір мемлекеттің зорлық-зомбылығымен бетпе-бет келмеуі керек.  ИИР басқыншылыққа қарсы. Сондықтан бір халықтың қолдауды қажет ететінін көрсе, зорлық-зомбылық көргендердің құқықтарын қорғайды.

Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаған имам Хомейни  бұл туралы: «Біз әлемнің мұқтаждарына қолдау көрсетуіміз керек.  Себебі,  Ислам – әлемнің барлық мұқтаждарының қолдаушысы. («Сахифе Нур», 4 том, 3-ші бет). Иран өз күш-қуатын басқа мұсылмандарды қолдауға жұмсайды («Сахифе Нур», 11 том, 262-ші бет).

Мұндай ұстаным үстемшіл саясаттар мен әрекеттерге қарсылықты білдіреді. Ислам революциясы қарсыласу мәдениеті бойынша, жанкештілік пен шәһид болуды талап ету, азаттық, өз-өзіне сенім арту, дін мен саясаттың бірлігі, үстемшілдікке қарсылық және әділет талап ету негіздеріне сүйеніп, басынан бастап билеп-төстеушілікке қарсы екенін қуаттады. Адамдардың басты хақыларының бірі өмір сүру құқығы саналады. Бүгінде АҚШ қолдайтын мемлекеттере еш қымсынбастан қылмыс жасап, сол әрекеттерінен бас тартпай отыр. Қанішер сионистік режим 70 жыл бойы обыр безі сияқты аймақ халықтарына қысым көрсетіп келеді. АҚШ үкіметі әрқашан бұл режимге қолдау көрсетеді. Сауд Арабиясы да – шапқыншылықтың бір бөлігі. Саудиялықтар 2015-ші жылдың наурыз айының 25-нен бері Йеменге қарсы әскери шабуыл жасады. Бірақ,  АҚШ адам құқығы туралы еш нәрсе айтпады.

Америкалық жазушы әрі сарапшы Раниа Халек Твиттердегі жеке парақшасында саудиялықтардың Йеменнің мазлұм халқына қарсы үрейлі шабуылдарына тоқталып: «Сағат сайын тырысқақ ауруы салдарынан бір азамат қаза болады. Йеменде тырысқақ ауруы таралуының себебі Сауд Арабиясының бомбалаулары мен сол елді қоршауға алуы табылады»,- деп жазды.

Үстемшілдікке қарсы қозғалыстар мен қақтығыстар бұрынғы кезеңдерде болғанымен, Иранның Ислам революциясы қарсыласу мәдениеті тағылымдарына күрделі өзгеріс енгізді. Зорлық-зомбылық көрген халықтар Иранның Ислам революциясынан сабақ алып, билеп-төстеушілерге қарсы ислам әлеміндегі исламдық  қозғалыстар немесе зұлымдыққа қарсы мәдениет  түрінде қарсылық білдіріп жатыр. Ислам революциясы құндылықтарының әлемге таралуымен Құдс күніндегі Израильдің басқыншылығын айыптау мен АҚШ-тың билікқұмарлығына қарсылық білдіру әлемдік қозғалысқа айналды. Алпауыт елдердің қоршаған орта, қарусыздандыру мен нәсілшілдік секілді әлемдік мәселелерге немқұрайдылық танытуы кемсітушілік қалыптастырды. Әлемдік билікқұмар жүйеге қарсылық білдіру Қауіпсіздік кеңесі мен қаржы ұйымдары сынды органдардың басты мәселелері ретінде қарастырылатын болды.

Ислам революциясының қарсыласу мәдениетіне тигізген әсерлерін зұлымдық көрген халықтардың билеп-төстеушілікке қарсы күресінен байқауға болады. Сарапшылардың көбінің мойындауы бойынша, бүгінде тәуелсіздік талап ету мақұрым және әлсіз халықтар үшін маңызды құндылыққа айналып, әлемдік үстемшілдік пен халықаралық кемсітушілікке қарсы  наразылықтар күшейіп барады.