Қаң 02, 2019 09:46 Asia/Almaty

«Фатыр» сүресінің 45 аятының тәпсірі:

 
«Фатыр» сүресінің 45 аяты:

«وَلَوْ یُؤَاخِذُ اللَّـهُ النَّاسَ بِمَا کَسَبُوا مَا تَرَکَ عَلَى ظَهْرِهَا مِن دَابَّةٍ وَلَـکِن یُؤَخِّرُهُمْ إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى فَإِذَا جَاءَ أَجَلُهُمْ فَإِنَّ اللَّـهَ کَانَ بِعِبَادِهِ بَصِیرًا»

Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалдырмас еді. Бірақ, оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла құлдарын толық көреді. (45)

Тәкәппарлардың айла-шарғысы мен олардың қияметтегі жаман тағдырлары туралы баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Құдай өте сабырлы. Бірақ, адам бұзықтық жасап немесе қателікке ұрынса, оны бірден жазалай қоймайды. Керісінше, Құдай адамдар осы дүниеде болған кезде жаман істеріне өкініп, жазадан құтылуы үшін олардың бәріне мүмкіндік береді. Алайда, өлім мен оның белгілері жеткен кезде тәубе қабылданбайды".

«Фатыр» сүресінің соңғы аяты саналатын бұл аят Алланың адамдарға деген мейірімін баяндайды. Адамдар күнә жасағанымен, Құдай оларды бірден жазаламайды. Керісінше, тура жолға оралып, қателіктерін түзету үшін оларға мұрсат береді. Тіпті, іс жүзінде адамның мүмкіндігін шектесе, ол мәжбүрлі түрде күнә жасауды қояды.

Мысалы, егер өтірікшінің тілі күрмеліп қалса, ол амалсыздан, мәжбүрліктен өтірік айтпайтын болады.

Адамның істерінің жазасы мен сыйы қияметте болады дегендіктен жақсылар ерікті түрде жақсы іс істеп, жаман қылықты адамдар ықтиярлы түрде жамандық жасаса да олардың ешқайсы өздерінің істерін орындауда міндеттілік пен мәжбүрлік сезіміне ие болмайды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құдайдың адамдардың жазасын қияметке қалдырып, кешіктіру себептерінің бірі – адамзат ұрпағын жалғастыруда. Егер адам осы дүниеде жазаланғанда, адамзат баласы жер берінен жоғалып кеткен болар еді.

2.Құдай өте сабырлы. Ол – кешірім мен мұрсат иесі. Сол себепті адамды жаман қылықтары үшін тез жазалай қоймайды. Адам өзін түзетіп, бұрыс жолдан қайтсын деп, оған өмірінің соңына дейін мұрсат береді.

3.Құдайдың мүмкіндік беруін Оның біздің істерімізден хабарсыздығы санамайық. Себебі, ол – біздің барлық ісіміздің бақылаушысы, бәрінен хабардар.