789-шы бөлім,«Иасин» сүресінің 5-9 аяттары
«Иасин» сүресінің 5-9 аяттарының тәпсірі
«Иасин» сүресінің 5-6 аяттары:
«تَنزِیلَ الْعَزِیزِ الرَّحِیمِ»، «لِتُنذِرَ قَوْمًا مَّا أُنذِرَ آبَاؤُهُمْ فَهُمْ غَافِلُونَ»
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы). (5)
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін. (6)
Құранның хикмет үйрететіні және оның ұлылығы мен баяндылығына тоқталған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар алдымен былай дейді: «Құран – пайғамбардың сөзі емес, Құдайдың сөзі; пайғамбардың тілімен айтылғанымен пайғамбардың өз сөзінен басқа».
Егер пайғамбар айтқан, кейін хадистер түрінде жинақталған рауаяттарға жүгінер болсақ, пайғамбардың хадистерді баяндаған тәсілінің Құран аяттарын баяндау тәсілінен өзгеше екенін байқаймыз. Араб тілінен аздаған хабары бар адам олардың айырмашылығын жақсы түсінеді.
Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құран аяттары адамдарды қапылдықтан шығарып, олар жаратылыстың ақиқаттарынан хабардар болып, адамдардың тағдырына байланысты ақиқаттар мен олардың хабарсыздығы адамның тек дүниені ғана көріп, мәңгілік өмір сарайы ақыреттен қапыл қалмауы үшін түсірілді».
Аяттардың жалғасы ислам пайғамбарының Араб түбегіндегі реасалатының маңызын баяндау мақсатында: «Бұдан бұрын бұл аймақта араб тұқымынан пайғамбар таңдалған емес. Олар ұлы пайғамбарға ие болу нығметінен мақұрым болған» дейді.
Құранның басқа аяттарына сәйкес, адамдардың арасында оларды хабардар етіп, ақыреттегі жағдайдан қорқытып, оларға дәлелді аяяқтайтын адамдар болған. Бірақ, үлкен пайғамбарлар болмаған. Хазірет Исадан ислам пайғамбарына дейінгі аралықта үлкен пайғамбар таңдалмаған.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Құдай барлық кемел сипаттарға ие: һәм ғазиз, һәм құдіретті, Һәм рақымды, Һәм мейірімді.
2.Адамдар қапылдық ұйқысынан ояну үшін оларға ескерту жасап, қорқыту – илаһи сүннет әрі пайғамбарлардың негізгі міндеттерінің бірі болған.
«Иасин» сүресінің 7 аяты:
«لَقَدْ حَقَّ الْقَوْلُ عَلَى أَکْثَرِهِمْ فَهُمْ لَا یُؤْمِنُونَ»
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (7)
«Пайғамбарлар адамдардың көздеріндегі қапылдық пердесін сыпыру үшін жауапты» деген алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Көп адамдар пайғамбарлардың қорқытуына мән бермейді, иман келтірмейді. Мұндай адамдар қияметте Алланың азабына ұшырайды».
Өмірлерінің соңына дейін тәубеге келмеген, бұрыс жолдарынан қайтпаған немесе күпірлік пен шерктің басшысы болып, көп адамдарды тура жолдан тайдырып, адастырған адамдар қияметте азапқа душар болады. Бірақ, егер өлімнің белгілерін көруден бұрын бұрыс жолдан немесе өздерінің жөнсіз істеріне өкініп, Құдай жаққа қайтатын болса, Алланың кешірімі мен рақымына бөленеді. Құдай мұндай адамды тозақтың мәңгілік отынан құтқарады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Діндарлықты талқылағанда адамдардың көптігі немесе кемдігі өлшем емес. Тіпті, егер әлем халқының көп бөлігі Құдайдың дінінен теріс айналса да, олардың істері дұрыс дегенге дәлел бола алмайды.
2.Азшылық саналатын мүміндер өздерінің жолдарының заңдылығына шәк келтірмеуі, үмітсіздік пен торығуға салынбауы керек.
3.Жасырын ақиқаттардан хабарсыздық адамды күпіршілік пен хақпен қарсыласуға жетелейді.
«Иасин» сүресінің 8-9 аяттары:
«إِنَّا جَعَلْنَا فِی أَعْنَاقِهِمْ أَغْلَالًا فَهِیَ إِلَى الْأَذْقَانِ فَهُم مُّقْمَحُونَ»، «وَجَعَلْنَا مِن بَیْنِ أَیْدِیهِمْ سَدًّا وَمِنْ خَلْفِهِمْ سَدًّا فَأَغْشَیْنَاهُمْ فَهُمْ لَا یُبْصِرُونَ»
Рас, олардың мойындарына бұғаулар салдық. Сонда ол иектеріне дейін. Сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (8)
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді. (9)
Бұл аяттар кәпірлердің осы дүние мен ақыреттегі жазасын баяндайды. Қияметтің азабын сипаттағанда тіпті тозақтықтардың бастары мен мойындарын қозғауға рұқсат бермейтін, күйдірген кезде қорлықпен азаптайтын тозақтың бұғауы мен шынжырын атайды. Тозақтықтар – осы дүниеде алдары мен өздерінің арттарындағы ақиқаттарды көргісі келмегендер, әлемнің бастауы Құдайды да, өздерінің істерінің соңы қияметті де қабылдамағандар.
Олардың осы дүниедегі көрсоқырлықтары ақыретте көрініс табады. Шынтуайтында, қиямет – адамның іс-әрекеттерінің басқа формадағы көрінісі. Бірақ, бұл дүниедегі іс-әрекеттің көрінісінен адам оның жамандығын байқамайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Қияметтің бұғауы мен шынжыры – шын мәнінде, кәпірлер осы дүниеде өздерінің аяқ-қолдарын байлаған бұғау мен шынжырлар. Олар осы дүниеде өздерін азат санағанымен, шындығында, нәпсілік тілектерінің тұтқыны.
2.Кәпірлер өздерінің бүгінгі өмірлерін, өмірдің ләззаттарын пайдалануды ғана ойлап, әлемнің өткені мен болашағына көзжұма қарайды. Олардың көздерін перде тұмшалаған. Сол себепті ақиқатты көрмейді. Олар не өткеннен сабақ алмайды, не өздерінің болашақ тағдырлары туралы ойламайды.