Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 15
ИИР революциясының жеңіске жеткен алғашқы күнінен бастап зорлық-зомбылық көрген халықтардың құқықтарын қорғайтынын қуаттап, әрқашан олардың қорғаушысы болды. Бұл салада Иран Ислам революциясының өзгермейтін мақсаттарының бірі қасиетті Құдс қаласын азат ету мен Палестинаның басып алынған жерлерін қайтару болды.
АҚШ басып алынған Құдсты заңсыз құрылған Израиль режимінің астанасы ретінде ресми таныған кезде ИИР Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төтенше отырысында АҚШ үкіметінің өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру туралы заңсыз шешімімен қарсыласу үшін аталмыш ұйымға мүше елдерден құқық, саяси және экономикалық салаларының мамандарынан құрылған мамандар тобын құруды талап етті. Иран Палестина халқының құқықтарын қорғау мен Құдс мәселесі бойынша бірнеше маңызды негізді қуаттайды: біріншіден, палестиналықтар Палестина жерінің негізгі иелері, сондықтан жалған болмыс бұл шындықты өзгерте алмайды; екіншіден, АҚШ пен сионистердің Құдсты толық басып алу мақсаттарын әшкерелеу саласында халықаралық міндеттерді орындап, жауапкершілікті қабылдау; үшіншіден, Палестина халқы құқықтарының өзгермейтіндігіне сену. Палестина халқы өз жерлерін басқыншының қолынан азат ету үшін еш уақытта бітімге келуді қабылдаған емес, келешекте де қабылдамайды. Бүгінде кейбір араб мемлекеттері сионистік режиммен келісімге келіп жатқан жағдайда палестиналықтар басқыншыларға қарсы бұрынғыдан бетер табандылық танытып жатыр.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қажылықты ұйымдастыратын жауапты тұлғалармен кездесуінде дұшпандардың Палестина мен Йемен мәселелері бойынша мұсылмандарға қарсы тұруға бірігетініне тоқталып: «Америкалықтар Палестинаға қатысты қитұрқы саясатын «Ғасыр мәмілесі» деп атады. Бірақ, олар илаһи көмектің арқасында «Ғасыр мәмілесінің» іске асырылмайтынын білгені жөн. АҚШ басшыларының ойлағандарына керісінше, Палестина мәселесінің ұмытылмай, Құдс Палестинаның астанасы болып қалады.
Ислам революциясының жетекшісі Палестина халқының қастандықтарға қарсы тұратынын, мұсылман халықтарының Палестина халқын қолдайтынын қуаттап: «Исламға деген ешбір сенімі жоқ кейбір ислам үкіметтері надандықтары және дүниеқұмарлығы салдарынан америкалықтардың құрбаны болды. Ал ислам үмбеті мен Палестина халқы илаһи көмекпен өз дұшпандарын жеңеді»,- деді.
Расында Палестина халқы тарихи зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келіп отыр. Палестина мәселесінің екінші жағында АҚШ-тың қолдауымен әлемдік проблемаға айналған басқыншы режим орналасқан. Мұндай жағдайда халықаралық қоғам, яғни ислам әлемі, БҰҰ мен халықаралық құқықтық ұйымдар Палестинаның мазлұм халқын қорғауға жауапты. ИИР шапқыншыларға қарсы тұрған қарсыласу қозғалысын қолдауда табанды. Қарсыласу мәдениетіне жасалған зерттеу бұл мәдениеттің артып, халықаралық өзгерістерге әсер ететінін көрсетті.
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами Қорғаныс министрлігінің Малек Аштар атындағы өнеркәсіп университетінің үздік ұстаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Ислам революциясы мен Ислам республикасының Палестинаның мазлұм халқының негізгі қолдаушысы әрі халықтың құқықтарының қорғаушысы екенін қуаттап: «Үстемшіл сионистік режимнің басшылары Ислам революциясының 1979-шы жылы жеңіске жетуінен осы уақытқа дейін ешбір соғыста жеңіске жетпегенін, бұл үдерістің келешекте жалғасатынына алаңдап отыр»,- деді.
Өздерін «демократияның қорғаушысы» санайтын АҚШ пен кейбір Батыс мемлекеттері бұл салада екіжүзді стандарттарға ие. Осы уақытқа дейін шынайы сайлау көрмеген Бахрейн мен Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер АҚШ-тың қолдауына ие. Тарих Израильдің Палестина халқына қарсы қылмыстарының қарсыласу мен табандылықсыз аяқталмайтынын көрсетті.
Араб әлемінің танымал жазушысы әрі сарапшысы Абдел Бари Атван Газадағы палестиналықтардың қырылуы туралы айтқан сөзінде: "Олар қолдарына ту ұстап, шекараларға барған қарусыз адамдар болған. Олар мен израильдіктердің арасында тек бір ғана шекаралық қоршау болды. Израильдіктер алыс қашықтыққа ататын қаруларын пайдаланды. Бірақ, Батыстың ақпарат құралдары бұл тақырыпты мейірімсіз шеру деп атады. Палестиналықтардың қолдарында қару болды ма? Олар жарғыш заттар қолданды ма? Бұл мүмкін емес. Батыстың ақпарат құралдарының әрекеттері барлық өзгерістерді бұрыс көрсетуді көздейді. Олар шындықты жасырады",- деді.
Жылдар бойы зорлық-зомбылық көріп келе жатқан халықтардың құқықтары бұзылып келеді. Бұл зұлымдық тек Палестина халқымен ғана шектелмейді. Қылмыскер режимдер қарсылық көрген кезде тіпті адамды азаматтығынан айруға дейін барады. Адам құқығының әлемдік жарғысының 15-ші бабы адмдардың "азаматтық құқығы" негізін қуаттайды.
Адам құқығы туралы уәж айтатын барлық Батыс мемлекеттері қабылдаған бұл жарғы ешбір адамды азаматтығынан мақұрым етуге болмайтынын қуаттайды. Бірақ, Бахрейндегі әл-Халифа режимі АҚШ пен Сауд Арабиясының қолдауымен қарсыластарын азаматтығынан айырып жатқан кезде Батыстың наразылық даусы естілмейді. ИИР мұндай әрекеттерге қарсы болғандықтан оны айыптап, зорлық-зомбылық көрген халықтардың құқықтарын қорғайды.