Қаң 04, 2019 13:06 Asia/Almaty

«Иасин» сүресі, 10-12 аяттарының тәпсірі

 

«Иасин» сүресінің 10-11 аяттары:

«وَسَوَاءٌ عَلَیْهِمْ أَأَنذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنذِرْهُمْ لَا یُؤْمِنُونَ»، «إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ اتَّبَعَ الذِّکْرَ وَخَشِیَ الرَّحْمَـنَ  بِالْغَیْبِ  فَبَشِّرْهُ بِمَغْفِرَةٍ وَأَجْرٍ کَرِیمٍ»

(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді. (10)

Шын мәнінде сен үгітке еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант! (11)

Алдыңғы бағдарламада аяттар кәпірлер мен мүшіріктердің қияметте қатты жазаланатынын хабарлады. Осы аяттар жазаның себебін олар хақпен қарсыласқан қырсықтық пен қыңырлықта деп атайды. Олар пайғамбардың сөздерін естігенімен, хазіреттің айқын қисынын қабылдағысы келмеді, тіпті, естісе де хазіреттің сөзін естімегенсіп, мән бермеді. Сондықтан пайғамбар оларға ескертсе де, ескертпесе де айырмашылығы жоқ. Өйткені, олар иман келтірмеуге шешім қабылдаған. Олардың жүректері жаңбырдың суы сіңбейтін қатты жер сияқты. Ондай жерде ешбір шөп өспейді.  

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Ескерту еске салып, ескертуді қабылдап, оған еруге әзір адамға ғана әсер етіп, тек сол үшін пайдалы болады".

Құран аяттары ескертулерге толы. Пайғамбар да көптеген аяттарда "Ескертуші" деп аталған.

Негізінде діннің көптеген тағылымдары мен ақиқаттары адамның болмысында қаланған. Алайда кейбір факторлар адамның одан қапыл қалуына себеп болады. Құдай адамды қапылдықтан шығарып, болмысындағы танымдарды еске салу үшін, сонымен қатар ақиқатты іздейтін адам тура жолға нұсқалып, адасушылықтан құтқарылуы үшін пайғамбарлары мен аспандық кітаптарын жіберді.

Алланың пайғамбарларының жолдаулары туралы ойланатын адамдар барлық жағдайда, жасырын болсын, әшкере болсын, Құдайды назарға алып, қателік пен бұрмаланушылыққа азырақ душар болады.

Құдайдың да мұндай адамдарға қатынасы кешірім мен ұлылық негізінде болады. Құдай олардың қателерін жасырып, жақсылықтары үшін жақсы сыйлық береді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Адамдарға дәлелді аяқтау – лазым іс. Бірақ, ол тек ақыл мен кеңес және ескертуді қабылдап, ақиқатты табуға әзір адамдарға ғана әсер етуі мүмкін.

2. Құран – адамның ұйқыдағы болмысы оянып, қапылдыққа салатын факторлардан құтқарылу үшін ескерту жасайтын кітап.

3.Құдайға деген шынайы иманның белгісі – одан сырттай да, адамдардың алдында ғана емес, іштен, әрі әшкере қорқуда.

4.Пайғамбарлардың ескертулеріне көңіл аударатын адамдар илаһи рақымға бөленеді. Оларға жұмаққа баратындары туралы сүйінші хабар беріледі.

«Иасин» сүресінің 12 аяты:

 

«إِنَّا نَحْنُ نُحْیِی الْمَوْتَى وَنَکْتُبُ مَا قَدَّمُوا وَآثَارَهُمْ  وَکُلَّ شَیْءٍ أَحْصَیْنَاهُ فِی إِمَامٍ مُّبِینٍ»

Рас, біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ, олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (12)

Пайғамбарлар мен аспандық кітаптардың маңызды ескертулерінің бірі - қиямет пен ондағы іс-әрекеттердің есеп-қисабы туралы. Яғни, адам өлген соң басқа әлемде тіріледі. Сол жерде олардан осы дүниеде істеген істері сұралады. Адамның осы дүниедегі барлық ісі тіркеледі. Қияметтің сотында солардың негізінде есеп алынады.  

Негізінде осы дүниедегі сот жүйелерінде тек қылмыстық істер ғана жазаланады. Оның өзі қылмыстың аясы мен оның айқын салдарлары бойынша ғана. Қияметтегі сот адамның һәм жақсы істерін бағамдап, сый береді, Һәм оның жаман істерін де тексеріп, жазалайды. Сонымен қатар адамның істерінің сыртқы, һәм ол өлген соң ондаған, тіпті жүздеген жылдан кейін де одан қалған істердің әсерлерін көреді.

Бір адам кісі өлтірді деп ойлаңыз. Сот тек жазасы үшін ғана үкім шығарды. Өлтірілген адамның жұбайы мен баласы экономикалық, қоғамдық және мәдени салаларда көптеген қиындықтарға шырмалады.Ол өлтірілгеннен кейін ондаған жылдан кейін де құрбан болған адамның отбасы қиындықта өмір сүреді. Бүгінгі әлемнің сот жүйесінде аталған қиындықтар жазаның қортындысында ескерілмейді. Өлтірілген адамның отбасының алдағы қиыншылықтары үшін қылмыскерге жаза тағайындалмайды.    

Құдайдың әділ сотында адамның іс-әрекеттерінің болашақ салдарлары мен әсерлері ұзақ уақытқа назарға алынады.

Аяттардың жалғасы адамдардың іс-әрекеттерінің тіркелетінін қуаттау үшін: «Барлық іс ғамал кітабында жазылады. Қаламнан ештеңе тысқары қалмайды. Ғамал кітабы – қияметте барлық илаһи періштелердің жетекшісі, адамдарды жазалап, оларға сый беруде, олардың жақсы ғамалдары мен жаман істерін бағамдауда мизан болатындықтан осы аят оны «имам» деп атаған.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Адамның іс-әрекетінің іс-қағазы ол өлгеннен қиямет орнағанға дейін ашық қалады. Оның істерінің әсері өлгеннен кейін де жалғасып, ғамал дәптерінде тіркеледі.

2.Ислам мәдениетінде адам өзі жасаған істерге ғана жауапты емес, сонымен қатар отбасы мен қоғамда істеген істерінің әсерлері мен салдарларына да жауапты.

4. Қияметтегі илаһи сот болжам, долбар мен шәк негізінде емес, керісінше, жазылып, тіркелген нақты құжат негізінде. Ол жерде ешқандай кемшілікке жол берілмейді.