Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 16
Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1397-ші жылдың басында сөйлеген сөзінде Ислам революциясы құндылықтарының өткен қырық жылда ұмытылмауы себептерінің бірін революцияның мақсаттарына табандылық деп атады.
Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтың кейбір елдерінің істеріне сол елдердің үкіметтері мен халықтарының сұрауымен қатысып жатқанын айтып: "Біз зорлық-зомбылық жасаған жоқпыз, басқа еледрдің ішкі істеріне де араласпадық. Олар көмек сұрады, біз көмектестік. Эмоциямен емес, аймақтың мүддесіне сай көмектестік",- деді.
ИИР өзінің стратегиялық негіздері бойынша, әрқашан әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды көздеді. Ислам республикасы жүйесінің рөлі мен бейбітшілік талап ету болмысы әрі осы негізді сыртқы саясатында қалыптастыруы Иранды әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату саласына белсенді қатысуға міндеттейді. Иран бұл көзқарасымен өзінің тәуелсіз саясатына сүйеніп, белсенді ойыншы ретінде аймақ пен әлемдік деңгейде әрекет етіп жатыр.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарына Алланың елшісі болу міндеті жүктелген «Мабас» мейрамына қатысты жүйе басшылары, ислам елдерінің елшілері және халықтың әртүрлі таптарымен кездесуінде таухид негіздеріне оралу мен адам өмірінде білім мен илаһи нұсқаудың салтанат құруын сондай-ақ, билеп-төстеушілікпен күресуді пайғамбар міндетінің ең маңызды жолдаулары деп атап: "Таухид – зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің негізі. Сондықтан шындық жалғандықпен күресіп, бұл күресте жалғандық кейін шегінуі керек",- деді.
Аятолла Хаменеи ИИР-ның Батыс Азия аймағында қарсыласу топтарының қасынан табылуы мен Сириядағы құзырының зорлық-зомбылық көріп жатқан халықтарды қолдау негіздері бойынша екендігіне тоқталып: "Иранды билікқұмар ел деп атау – өтірік, шындыққа жанаспайтын сөз. Иран аймақты немесе әлемнің еш жерін билеп-төстеуді көздемейді",- деді.
Ауғанстан да бұл негізден тыс емес. Иран бұл елдің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігінің бір бөлігі санайды. Сондықтан ортақ үлкен қатермен күресу үшін аймақ елдерімен, әсіресе Ауғанстан үкіметімен ынтымақтастықты арттырады.
Ауғанстан он жылдан астам уақыт бойы АҚШ пен НАТО-ның қоластында астында болды. Бұл кезеңде АҚШ лаңкестікпен күреспеуімен бірге, аймақтағы бейберекеттіктерді арттырып, соғысты жалғастырып, әскери араласушылығын арттырды. АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери құзыры сол елде тынышсыздықтардың артуына соқтырды. Ауғанстан Қорғаныс министрі Тариқ Шах Бахрамидің айтуы бойынша, бұл елде 20-дан астам белсенді лаңкестік топ бар. Олар аймақ қауіпсіздігін үлкен дағдарысқа тірейді. Ауғанстан қауіпсіздігі аймақ үшін ерекше маңызды. Сондықтан Иран әрдайым бұл елде бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға талпыныс жасады.
Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами 2017-ші жылдың наурыз айында Ауғанстанның Ұлттық Қорғаныс министрінің саяси және стратегиялық істер жөніндегі орынбасары Ахмад Тамим Асимен кездесуінде ИИР-ның шекаралас елдер үшін бейбітшілік, тұрақтылық, тыныштық пен қауіпсіздік тілейтінін, сондықтан Ауғанстан үкіметі ресми түрде лаңкестікпен күресуге көмектесуді сұраса, елдің Ұлттық Бірлік Үкіметіне кеңес және қауіпсіздік бойынша көмектесетінін мәлімдеді.
ИИР өзінің принципті саясаты бойынша аймақтық ынтымақтастықтарды аймақ мәселелерін шешетін жол санайды. Иранның Ауғанстанға деген көзқарасы да осындай. Иранның көзқарасы бойынша аймақ пен Иранмен көршілес елдер қауіпсіз болған сайын ынтымақтастық пен экономикалық айналым үшін жағдай туып, нәтижесінде қоғамдық және мәдени қарым-қатынас артады. Бұл бүкіл аймақтың мүддесін көздейді.
ИИР Президенті Хасан Рухани Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадпен кездесуінде: «Бүгін аймақ көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. ИИР жазықсыз адамдардың лаңкестердің қолдарынан қаза болуына алаңдап, наразылық білдіріп келеді»,- деді. Аймақтағы лаңкестік секілді қоқан-лоққыларымен қарсыласу үшін Ауғанстанның көмек қажет ететіні айқын. Өйткені, аймақтағы лаңкестік қатерін аймақтық ынтымақтастықсыз жою мүмкін емес.
Ауғанстанның Қорғаныс министрі Тариқ Шах Бахрами өткен жылдың сәуір айындағы Теһран сапарында қиын жағдайларда Иранның Ауғанстан халқының қасынан табылғанын еске салып, жиһад пен қарсыласу кезеңдеріндегі қолдаулары үшін ИИР-на алғыс айтып: «Ауғанстан халқы қиын кезде Иран халқының көмектескенін ұмытпайды. Біз бұл жерге екі халықтың достығы мен қарулы күштер арасындағы байланыстарды арттырып, Ауғанстан халқын бетпе-бет келіп отырған лаңкестік деген қиындықтан құтқару үшін келдік»,- деді.
Шәксіз, аймақ қауіпсіздігі тек аймақтық ынтымақтастықтар арқылы ғана қамтамасыз етіледі. Аймақтағы бөгделердің құзыры аймақ елдерінің мүддесіне тек зиян келтіреді. Олар тек өз мүдделерін ғана ойлайтындықтан бұл тақырып аймақты дағдарысқа соқтырады. Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы Мұхаммад Бақери екі елдің ортақ тарихы, тілі мен дініне тоқталып: «Ислам революциясының жеңісі мен Ауғанстанға әскери шабуыл жасалғаннан кейін ИИР үнемі Ауғанстан халқының қасынан табылуға басқыншылармен күресуге күш салды»,- деді.
ИИР осы көзқараспен Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Ауғанстан халқының қасынан табылып, қолдап келеді. Бүгін де Иран Ауғанстан халқының қасында тұрып, елдің үкіметі мен халқын қолдайды. Өткен 40 жылда ауған мигранттардың Иранды пана тұтуы ислам республикасының тілеулестігін көрсетеді. Аятолла Хаменеи таухидке оралуды ислам үмбетінің ең маңызды міндеті деп атап, бұл туралы: «Егер таухидке иман келтірсек, зорлық-зомбылықты қабылдамай, мазлұмдарды қорғайтын боламыз. Сондықтан мұқтаж адам көмек қажет еткен кезде Ислам республикасы көмектесуге дайын»,- деді.
АҚШ-тың Ауғанстан, Ирак және Ливиядағы араласушы әрекеттері жойылу, қирау және қырып-жоюдан басқа еш нәрсе әкелмейді. Америкалықтардың шабуылдарының мақсаты – аймақтағы әрекеттерін ақтау ғана. Бұл ағымдарға керісінше Иран бұрынғысынша аймақ пен әлемдегі зорлық-зомбылық көргендерді қолдап, лаңкестікпен күресу үшін көмек сұраған барлық ислам үкіметтеріне көмектеседі.
ИИР бұл күндері ислам революциясының жеңіске жетуінің қырық жылдығы қарсаңында аймақта Иран халқының ғиззаты мен құдыретінің туын көтеріп, лаңкестерді жеңіп, қауіпсіздік орнатуға маңызды үлес қосқанын мақтан тұтады.