791-ші бөлім, «Иасин» сүресінің 13-19 аяттары
«Иасин» сүресінің 13-19 аяттарының тәпсірі
«Иасин» сүресінің 13-14 аяттары:
«وَاضْرِبْ لَهُم مَّثَلًا أَصْحَابَ الْقَرْیَةِ إِذْ جَاءَهَا الْمُرْسَلُونَ»، «إِذْ أَرْسَلْنَا إِلَیْهِمُ اثْنَیْنِ فَکَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزْنَا بِثَالِثٍ فَقَالُوا إِنَّا إِلَیْکُم مُّرْسَلُونَ»
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға елшілер келген кент халқынан мысал келтір. (13)
Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: “Рас сендерге елшіміз” деді. (14)
Алдыңғы аяттар мүміндер мен кәпірлердің пайғамбарлардың тағылымдарына қатысты қатынастарын салыстырды. Осы аяттар жалғасында былай дейді: «Уа, пайғамбар! Меккенің мүшіріктері ғибрат алуы үшін оларға жетекшілік етуге бірнеше пайғамбар келген. Алайда адамдар қырсықтық пен өркөкіректіктеріне байланысты олардың шақыруын қабылдамай, бәрі жабылып, олармен қарсыласты. Соларға бұрынғы үмбеттерді мысалға келтір».
"Құдай пайғамбар етіп, халыққа біреуді жіберген" дегенді қабылдағысы келмегендей, олар Құдай өздерін жайына қалдырды, сондықтан не қаласа соны жасауға еріктіміз деп ойлады.
Сол себепті илаһи пайғамбарлар былай деп қуаттады: «Біз өз бетімізбен әрекет етпейміз. Сендерді ол жаққа шақыруға біз Құдай тарапынан міндеттелдік. Біз бар болғаны елші, хабар жеткізуші ғанамыз. Өзімізге ештеңе қаламаймыз» десті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Бұрынғы қауымдардың өмірлері мен тағдырларын зерттеу – болашақ ұрпақ үшін жол көрсететін шырақ.
2.Пайғамбарлар ресалаттарын орындау үшін адамдардың келуін күтіп отырмай, адамдардың арасына өздері барған.
3.Кейбір кездері бірнеше пайғамбар бір қауымға бір уақытта жіберіліп, адамдарды тура жолға шақырған.
«Иасин» сүресінің 15-16-17 аяттары:
«قَالُوا مَا أَنتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا وَمَا أَنزَلَ الرَّحْمَـنُ مِن شَیْءٍ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا تَکْذِبُونَ»، «قَالُوا رَبُّنَا یَعْلَمُ إِنَّا إِلَیْکُمْ لَمُرْسَلُونَ»، «وَمَا عَلَیْنَا إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِینُ»
(Кент халқы): “Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлдем өтірік айтасыңдар” деді. (15)
(Елшілер): “Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз.” (16)
“Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет” деді. (17)
Пайғамбарлардың шақыруына қайшы теріске шығарушылар мен кәпірлердің: «Сендердің бізден қандай айырмашылықтарың бар? Сендер де біз сияқты адамсыңдар. Егер Құдай қалағанда өзіміз сияқты адам емес, періштені жіберген болар еді» дегеннен басқа қисындары жоқ. Басқаша айтқанда, кәпірлер «Біз өзіміз сияқты адамдардың айтқанына көнбейміз. Құдайдың елшісі бізден артық әрі айырмашылыққа ие болуы керек» демек болды.
Егер адамға жетекшілік етуге періште тағайындалғанда сол адамдар: «Ол бізге ішіп-жеу, киім кию, әйел мен ер арасындағы және тағы басқа беретін бұйрықтарын өзі орындамайды, тек бізге бұйырады» деген болар еді.
Алайда Құдай материалды тұрғыдан ұқсас және адамдардың өздері сияқты қажеттіліктерге ие адамды халыққа жетекші етіп тағайындады. Мұнымен қоса адамдар пайғамбар беретін бұйрықтар орындауға келмейді деп ойламауы үшін пайғамбарды да өзінің беретін бұйрықтарын орындауға міндеттеді. Егер мүшіріктер Құдайдың бар екенін қабылдаса, оның хикметі мен рақымы адамның өзі сияқты жаратылысты оларға жетекші етіп тағайындап, оларды өз жайларына жібере салмайтынын лазым санайтынын көрсетеді.
Мүшіріктер «Құдай бізге қатаң қарамайды, бізге міндет жүктемейді, керісінше, қалаған нәрсемізді жасау үшін бізді жайымызға қалдырады» деген оймен Құдайды «Рахман» деп атады.
Пайғамбарлар қарсыластарға былай деп жауап берді: «Бізді сендерді жаратқан, сендер оған сенетін Құдай жіберді. Оның бұйрықтарын сендерге жариялаудан басқа біздің міндетіміз жоқ. Егер біз өтірікші болғанда, Құдай біздің өтірігімізді әшкере етіп, жалғандықпен Құдайдың пайғамбары деп айтуымызға рұқсат бермес еді».
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Кейбір адамдар илаһи рақымның мағынасы ешбір шартсыз адамның өз еркінде болуы деп ойлайды. Отбасы жүйесінде де балаға қатысты мейірімнің символы саналатын әке мена ана оны өз бетімен қоя қоя бере салмайды. Тәрбие көріп, білім алуы үшін оны мектепке жіберіп, одан жүйелі түрде үй жұмысын орындауды сұрайды.
- Пайғамбарлар ағартушылық және хабардар ететін міндеттерін орындауды көздеді. Көптеген адамдар иман келтірсе де, келтірмесе де пайғамбарлар өз міндеттерін орындаудан аянып қалмай, соңғы демдері қалғанша күресті.
«Иасин» сүресінің 18-19 аяттары:
«قَالُوا إِنَّا تَطَیَّرْنَا بِکُمْ لَئِن لَّمْ تَنتَهُوا لَنَرْجُمَنَّکُمْ وَلَیَمَسَّنَّکُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِیمٌ»، «قَالُوا طَائِرُکُم مَّعَکُمْ أَئِن ذُکِّرْتُم بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ مُّسْرِفُونَ»
Олар: “Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ, сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер” деді. (18)
(Елшілер): “Сәтсіздіктерің өздеріңмен бірге (Өз қылықтарыңнан). Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер” деді. (19)
Алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар қарсыластардың қисындарына сілтеме жасап: «Олар пайғамбарлардың сөздерін естудің, олардың адамшылық және ахлақтық тағылымдарына көңіл аударудың орнына кемсіткен, қоқан-лоққы жасаған тілмен: «Сендердің қоғамдағы белсенділіктерің – бақытсыздықтың себебі. Сөзді қойыңдар, я болмаса қаладан кетіңдер. Әйтпесе, сендерді қатты азаптап, өлтіреміз!» десті.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Теріске шығарып, қорлап, қоқан-лоққы жасау – қарсыластардың пайғамбарлардың хаққа шақыруына берген жауаптары.
2.Бал ашу мен сол сияқты тағы да басқа ырымшылдықтарға сену – жәһілдік әдеттер. Қисыннан кенде адамдар ырымшылдықпен айналысады.
2. Адам сырттай бақуаттылық пен тыныштықта болғанымен күпіршілік пен күнә адамның бақытсыздығына себеп болады.
3.Ысырапшылық тек тұтынуға ғана қатысты емес, хақ алдындағы кез келген кердеңдік пен бүлік те адамшылықтың шегінен шығу саналады.