Қаң 07, 2019 11:24 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (1)

Иран тарихындағы алғашқы жерсерік

Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін Иран алғаш рет ғарышқа жерсерігін ұшырды.

Ғарышқа жерсерікті алғаш Кеңес одағы 1957 жылы ұшырды.  Бұл бірінші үлгі болды. Бір жыл өткен соң америкалықтар жерсерік ұшырды. 1965 жылы Франция, 1970 жылы Жапония мен Қытай, 1971 жылы Ұлыбритания, 1980 жылы Үндістан, 1988 жылы Құдсты басып алған режим (Израиль) ғарышқа жерсеріктерін ұшырды.  Иран әлем бойынша 9-шы ел болып, өз тарихында бірінші рет 2005 жылы Жер орбитасына жерсерік ұшырды. Алайда бұл жерсерік шетелдіктердің әріптестігімен  жасалған болатын. Осыдан бірнеше ай өткен соң Иран мамандары толығымен жергілікті жерсерік жасады.

2009 жылдың 3 ақпанында Ислам революциясының 30 жылдығында толығымен Иранда жасалған "Омид" жерсерігі ғарышқа ұшырылды. АҚШ-тың ғарыш ұйымы NASA "Омид" жерсерігінің сәтті ұшырылғанын растады. Осылайша Иран өз тарихында бірінші рет ғарыш технологиясына ие 9 елдің қатарына қосылды.

 

 

Тегтер