Иранның жетістіктері (2)
Доктор Саид Каземи 1991 жылдың 29 мамырында "Руйан" зерттеу институтын ашты. Бұл Ирандағы генетикалық ғылыммен айналысатын алғашқы институт болды.
1979 жылғы Ислам революциясына дейін Иранда генетикалық ғылым өндірісі болмаған. Доктор Саид Каземи Аштиани 1991 жылдың 29 мамырында «Руйан" зерттеу институтын ашты. Бұл елдегі генетикалық ғылыммен айналысатын алғашқы орталық болды. "Руйан" институты негізгі зерттеу объектісі ретінде діңгекті жасушалар мәселесімен айналысты. Яғни, бұл орталық әлі күнге дейін арнайы қолданыс аясы табылмаған жасушаларды генетикалық инженерияның көмегімен ерекше жасушаларға айналдыруда табысқа жетті. Бұл жасушалардың ең маңызды көздерінің бірі – эмбрионның кіндік қаны. Әлемде кіндік қанының банкі алғаш рет Францияда ашылды. Басқа дамыған елдер кіндік қанын лақтырып тастамайды, керісінше діңгекті жасушалардың көзі ретінде сақтайды.
Ирандық ғалымдар алғаш рет 2005 жылы нәрестелердің кіндік қанының банкін жасады. Қазір Иранда жыл сайын 11 мың адам кіндік қанына тапсырыс береді. 2015 жылғы статистикалық мәлімет бойынша, әлемде 134 кіндік қанының банкі бар. Нәрестелердің кіндік қанының 780 мың үлгісі сол орталықтарда тіркелген. Оның 55 мың үлгісі Иранға тиесілі.