Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 18
Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасы жүйесінің өткен 40 жылда Ислам революциясының құндылықтарына табандылық таныту дәлелдерінің бірі ретінде революцияның армандарына адалдықты атады.
Діни жетекші ИИР-ның аймақтың кейбір елдерінің істеріне сол елдердің үкіметтері мен халықтарының сұрауымен қатысып жатқанын айтып: "Біз зорлық-зомбылық жасаған жоқпыз, басқа еледрдің ішкі істеріне де араласпадық. Олар көмек сұрады, біз көмектестік. Эмоциямен емес, аймақтың мүддесіне сай көмектестік",- деді.
ИИР өзінің стратегиялық негіздері бойынша, әрқашан әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуды көздеді. Иранның әскери доктринасында еш уақытта соғыс пен қатігездік көзделген емес, келешекте де мақсат етілмейді. Дәл осы мәселе исламдық Иранның әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік саласында белсенді ойыншыға айналуына себеп болды. Лаңкестік топтардың Батыс Азия аймағының жартысын қауіпсіздікті дағдарысына тірегеніне бірнеше жыл болды. Сондай-ақ ,АҚШ пен оның Британия секілді кейбір одақтастары аймақтағы қауіпсіздік интеграциясын қиындатып отыр.
АҚШ кейбір басқыншы режимдермен «Лаңкестікпен күрес коалициясы» деген коалиция құрып, лаңкестермен шынайы күресудің орнына оларға қолдау көрсетіп жатыр. Оларға қарсы шепте ИИР Таяу Шығыс аймағының стратегиялық маңызды мемлекеті ретінде қауіпсіздік пен бейбітшілік орнату саласынды маңызды әрі сындарлы рөл атқарып, Сирия дағдарысын шешуге әрекет жасауда. Иран зорлық-зомбылық көрген халықтардың құқықтарын қорғап, кез келген басқыншылықты айыптап, Қосылмау қозғалысы ұйымында белсенді рөл атқару арқылы лаңкестікпен күресу үшін халықаралық келіссөздер мен ынтымақтастықтарға жағдай жасауға талпынды. ИИР қорғаныс пен тұрақтылық стратегиясын ұснып, Сирия дағдарысын шешуге атсалысты.
БҰҰ-ның өкілі Стеффан де Мистура сан рет Иранның Сирия дағдарысын тоқтату мақсатында дипломатиялық жолды пайдалануға талпыныс жасағаны үшін алғыс айтты. ИИР, сондай-ақ, Сирия істеріне елдің заңды үкіметін қолдаушы ретінде қатысып, Дамаск үкіметі қалағанша кеңес беру ісін жалғастырады. Иран аймақтың басқа дағдарыстарын, әсіресе Йемен мен Мьянма дағдарыстарын шешуге көмектесу үшін әртүрлі отырыстар мен келіссөздер өткізді.
20 жылдық перспективалар құжаты бойынша, ИИР діни халықтық демократияның үлгісімен ислам әлемінде белсенді әрі ықпалды ел болып, исламдық интеграцияны қуаттауы керек. Иранның стратегиялық маңызды Батыс Азия аймағы мен ислам әлеміндегі саяси және географиялық орны ИИР-ның аймақ пен халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі саналатынын көрсетеді. Иран БҰҰ, Қосылмау қозғалысы, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы және БҰҰ-ның қарамағындағы халықаралық маңызды органдардың мүшесі ретінде тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуында маңызды рөл атқарады. Иранның аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату мақсатындағы ерік-жігері елдің халықаралық және аймақтық қарым-қатынастардағы табандылығымен расталды. Иранның Сирия дағдарысын шешу жолындағы талпыныстары, нәтижесінде Таяу Шығыс аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің нығаюына әсер етуі осы ұстанымдардың нәтижесі болды. Иранның Сирия мен Ирактағы ДАИШ лаңкестігімен күресуге қатысты ұстанымы аймақ пен халықаралық деңгейдегі Иранның белсенділігін нығайтты. Осыған орай 2014-ші жылдың желтоқсан айында Теһранда ИИР Президенті және 50 елдің саяси қайраткерлері мен танымал азаматтары және ойшылдарының қатысуымен бірінші рет экстремизмге қарсы әлемдік бірінші халықаралық конференция өтті. ИИР Президенті Хасан Рухани экстремизмге қарсы бірінші халықаралық конференцияда әлем деңгейінде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату, сондай-ақ, зорлық-зомбылықпен күресуге қатысты 10 ұсыныс жасады. Иран Президентінің ұсыныстары ирандық дипломатия мен осы елдің аймақ дағдарысын дұрыс түсінетінін көрсетті.
Оңтүстік Кореяның «Гералд» газеті 2016-шы жылдың сәуір айындағы жариялаған мақаласында Иранның аймақтағы саясаттарын мадақтап: «Әртүрлі елдердің көзқарастары бойынша ирандық басшылар бүкіл Таяу Шығыс аймағында бейбітшілік орнатуға талпыныс жасап жатыр»,- деп жазды. Америкалық The National Interest басылымы 2017-ші жылдың қараша айында Вашингтонның Иранға қарсы дұшпандық саясатын сынап: «Аймақта тұрақтылық орнату үшін Теһранның құзыры маңызды. Таяу Шығыс аймағындағы АҚШ-тың саясаттары америкалықтардың қанының төгілуіне себеп болып, жұмсаған қаржысы нәтижеге жеткізбеді. АҚШ-тың араласушылық әрекеттері бұл елдің жергілікті бүліктер мен лаңкестіктер алдындағы әлсіздігін көрсетті»,- деп жазды. Осы басылымның көзқарасы бойынша, АҚШ-тың Таяу Шығыс дағдарыстары алдындағы қабілетсіздігіне бұл елдің шешім қабылдайтын басшыларының қырағылықтары мен көрегендіктерінің төмендігі және олардың қате мәліметтерге иек артуы жатады.
Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері Иранның ұлттық қауіпсіздік доктринасы АҚШ пен Израильдің аймақтағы қоқан-лоққыларына қарсы тұруға бағытталды.
2014-ші жылдың қаңтар айындағы Пентагонның мәліметі бойынша «Иранның әскери доктринасы қорғаныс мақсатын көздеп, шабуылдың алдын алу, шапқыншы топтың шабуылына қарымта жауап қайтару, дұшпандықтарды дипломатиялық жолдармен шешу және негізгі мүдделерді қатерден қорғау деген негіздерге табандылық танытады. Иранға аймақ тұрақтылығын нығайту үдерісіне қатысатын аймақ пен әлемнің басқа алпауыт елдері сияқты маңызды ойыншы ретінде қарау қажет».
Иран басшылары әлемдік қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатысты аймақ пен халықаралық әртүрлі отырыстарда экстремизммен күресіп, әлемде бейбітшілік мәдениетін тарату үшін маңызды әрекеттердің қажеттігін сан рет қуаттады. Иран Сирия үшін ғана емес, Йемен, Ливан және Ирак үшін де бейбітшілік тілеп, қайшылықтан ада келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасады.