Қаң 09, 2019 11:03 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (3)

Иран тарихында жүрек трансплантациясын жасайтын алғашқы орталық Ислам революциясынан кейін ашылды.

1967 жылдың 3 желтоқсанында бірінші рет оңтүстікафрикалық доктор Кристин Бернард (Christiaan Neethling Barnard) жол апатынан қаза тапқан Денис Дарвал есімді 26 жастағы бір әйелдің жүрегін өз емделушісінің жүрегінің орнына сәтті трансплантация жасады. Үш күннен кейін Нью-Йоркте екінші жүрек трансплантациясы жасалды. Келесі жылы АҚШ-та тағы трансплантация жасалды. Содан кейін әлемде жүрек трансплантациясын жасау кең таралды. 

Иранда жүрек трансплантациясы алғаш рет Ислам революциясынан кейін жасалды. Соғыс біткеннен бес жыл өткен соң  Теһрандағы "Ғалб" (Жүрек) деген атпен танымал доктор Шарияти атындағы ауруханада доктор Мұхаммад Хосейн Мандегар мен оның әріптестері 1993 жылдың сәуір айында жүрек трансплантациясын сәтті жасады. Сол кезден бүгінге дейін Иран әлемде жүрек трансплантациясын жасайтын ең үздік 10 елдің қатарында келеді. Иранда жылына 15 мың жүрек трансплантациясы жасалады. Елде дене мүшелерін трансплантациялаумен айналысатын 80 орталық жұмыс істеп жатыр.  

 

Тегтер