Қаң 10, 2019 14:37 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (5)

Таяу Шығыстағы алғашқы генетикалық клондау Ислам революциясынан кейін Иранда жасалды.

1952 жылы әлемде америкалық ғалымдар генетикалық клондау тәсілімен дүниеге алғашқы жануар – құрбақаның бір түрін әкелді. Қытай ғалымдары клондаған алғашқы балық 1963 жылы пайда болды. Алайда ең күрделі жануарлар – сүтқоректілер. Адам баласы клондаған алғашқы сүтқоректі жануар – "Долли" деген қой. Ол Ұлыбританияда зерттеуден өткізілді. Долли бір қойдың емшек жасушасынан пайда болып, 1996 жылы туды. Иран Таяу Шығыста генетикалық клондау тақырыбын зерттеуді бастаған алғашқы елдердің бірі болды. Бұл салада Түркия Иранның бәсекелесі болып отыр. 2006 жылдың 30 қыркүйегінде ирандық ғалымдар Таяу Шығыстағы алғашқы генетикалық клондалған сүтқоректіні дүниеге әкелді.  

 

Тегтер