Қаң 14, 2019 22:52 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 21

Ислам республикасының саяси қырық жылғы өмірінің мақтан тұтатын жетістіктерінің бірі халықтық демократия орнатуы болды.

Өткен қырық жылда Иранда жыл сайын немесе екі жылда бір рет сайлаулар өтіп, нәтижесінде әртүрлі саяси ұстанымдарға ие үкіметтер билік басына келді. Тарих пен саяси қоғамтанушылардың көзқарастарына сәйкес, өткен ғасырда Иранда саяси дамудың болмауының ең әсерлі факторы биліктің мөлшерден тыс үкіметтің қолында шоғырлануы, керісінше партиялар мен халық ұйымдарының рөлінің өте төмендігі саналды. Революцияның жеңісіне дейін Иранның саяси билігі әкеден балаға қалып, халық үкіметке сенім артпады. Биліктің арнайы топтың қолында болуы қоғамға бұл топты сынауға рұқсат бермеді. Халық саяси механизмге немқұрайдылық танытып, партиялар да дәл осы немқұрайдылыққа байланысты қоғамдық қолдаудан айрылды. Партиялардың әлсіреумен билік өзінің заңды күшінен алыстады. Ислам революциясының жеңісінен кейін халықтың рөліне сүйенген саяси белсенділіктің жаңа кезеңі басталды. Ислам республикасы жүйесі бірінші референдумын өткізді. Халықтың өз қоғамының тағдырын анықтауға қатысуы туралы ислам ойшылдары әртүрлі пікір білдірді.

Діни халықтық демократия жүйесіндегі қоғамдық дауыстың құндылығы саласында екі пікір айтылады: бірінші пікір бойынша, исламдық негіздерге сай барлық саланы, соның ішінде саяси саланы анықтау үшін қоғамдық белсенділік пен көпшіліктің дауысына сүйену діни міндет саналады. Осы пікірге сәйкес, көптеген жайттар бойынша тікелей сайлаулар жанама сайлауларға айналады. Мәселен, діни жетекшінің сайлауында халық Эксперттер кеңесінің мүшелерін, содан соң сол мүшелер діни жетекшіні сайлайды. Немесе министрлерді сайлаған кезде, халық Мәжіліс өкілдерін сайлап, оларға министрлерді сайлауға сенім артады. Бұл пікір негіздері бойынша, діни халықтық демократия жүйесіндегі барлық саяси шешімдер халықтың қатысуына негізделеді. Қоғамдық дауыс саяси дамудың айқын әрі маңызды факторы болып табылады.

Екінші пікір бойынша, исламдық басқару жүйесінде көпшіліктің дауысына сүйену кейбір саяси әрекеттермен шектеледі. Бұл көзқарасқа сай дінтанушылар мен мамандар көптеген жайттарда дұрыс саяси және исламдық заңдарға сай істерді анықтау міндеттерін жақсы орындай алады. Сондықтан қоғамдық белсенділікті қайта-қайта пайдалану қажет емес. Бұл пікір қоғамдық саяси белсенділікті Мәжіліс өкілдерін сайлау секілді шектеулермен бетпе-бет келеді деп санайды. Сондай-ақ, кейбір жайттар бойынша қоғамдық белсенділікті қажет емес деп санайды. Мұндай көзқарас Иран Конституциясына қайшы. Иранның Ислам республика жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің ойлары мен іс-әрекеттеріне жасаған шолу ол кісінің бірінші пікірді баяндап, мұсылман халықтың саяси істерге қатысуын қуаттағанын көрсетеді. Имам Хомейни Ислам республикасының негізгі сәулетшісі ретінде Ислам негіздеріне сүйенген діни халықтық демократия жүйесін сипаттады. Имам Иран халқының азаттықа ие болу жолындағы күресі туралы сұраққа: «Мақсат – Ислам діні болды. Ислам жанжақты дін болғандықтан демократияны қуаттайды»,- деді. Бұл сөзден діни халықтық демократия мен исламдық үкімет құру туралы Ислам дінінде айтылды деген нәтижеге жетуге болады.

Қорыта айтқанда, баршаның қоғам істеріне қатысты шешім қабылдауға қатысу құқығы халық демократиясы көзқарасының нәтижесі. Бұл құқық сайлауға қатысу, саяси жүйе құру, құрылған жүйеге заңдылық сыйлау, бұл пікірге қатысты заңдар бекіту, сондай-ақ, басшылар мен орындаушыларды сайлауды қарастырады. Осы пікір бойынша, ислам қоғамының діни жетекші сайлаудағы рөлі имам Хомейнидің ерекше назар аударған мәселесі болды. Имам Хомейни: «Егер халық Эксперттер кеңесінің мәжілісіне дауыс берсе, діни жетекші болатын әділ моджтахед сайлағаны. Сондықтан діни жетекші халық сайлаған басшы болады»,- деді.

Діни жетекшіні анықтау туралы 107-ші бапта: «Халықтың көпшілігімен діни тұлға және діни жетекші ретінде қабылданған діни ғұлама, әлемдік Исламдық революцияның ұлы көсемі әрі Иранның ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейниден кейін діни жетекшіні сайлау халық сайлаған Эксперттер кеңесі мүшелерінің міндеті болды»,-деп жазылған.

Діни жетекшінің Эксперттер кеңесінің мәжілісі барлық фикхтердің арасынан ахкам мен саяси-қоғамдық мәселелерден хабардар, баршаның құрметіне ие біреуін діни жетекші ретінде ұсынады. Эксперттер кеңесі сайлаған діни басшы барлық жауапкершілікке ие. Діни жетекші заңдардың алдында елдің басқа адамдарымен бірдей. Ислам қоғамының бұл негізі мен құндылықтары Ирандағы республиканың исламдық екенін, әділет талап ету мен Иран халқының барлық таптарының пікірлеріне негізделгенін және басқару жүйесінің исламдық құндылықтарға сүйенетінін көрсетеді.