796-шы бөлім, «Иасин» сүресінің 51-58 аяттары
«Иасин» сүресінің 51-58 аяттарының тәпсірі
«Иасин» сүресінің 51-52-53 аяттары:
«وَنُفِخَ فِی الصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ الْأَجْدَاثِ إِلَى رَبِّهِمْ یَنسِلُونَ»، «قَالُوا یَا وَیْلَنَا مَن بَعَثَنَا مِن مَّرْقَدِنَا هَذَا مَا وَعَدَ الرَّحْمَـنُ وَصَدَقَ الْمُرْسَلُونَ»، «إِن کَانَتْ إِلَّا صَیْحَةً وَاحِدَةً فَإِذَا هُمْ جَمِیعٌ لَّدَیْنَا مُحْضَرُونَ»
Сүр үрілген кезде олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді: (51)
“Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?”,-дейді. “Міне, мейірімді Алланың уәдесі. Пайғамбар да шын айтқан” (делінеді). (52)
Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады. (53)
Алдыңғы бағдарламадағы аяттарда қазіргі әлемнің Алланың еркімен аяқталып, жердің барлық тіршілік иелерінің аспаннан естілетін қорқынышты дабыстан жантәсілім ететіні туралы баяндалды.
Осы аяттар былай дейді: «Алланың қалауымен тағы аспандық дабыс естіліп, барлық адам тіріліп, жерден тұрады. Жер жүкті әйел сияқты сәбилерді туады. Дене мүшелері топырақта шіріп кеткен өліктер аналардың жатырлары арқылы байланған кіндіктер секілді дамып, толыққанды адам түрінде жаратылады.
Қияметте жиналатын адамдар Алланың өліктердің қайта жаратқан құдіретін көздерімен көріп, Алланың осы дүниеде пайғамбарларына берген уәделерін мойындайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Қиямет – физикалық түрде болатын жағдай. Адамдар қияметте осы дүниедегі сырт қалыптарымен жиналады.
- Қиямет – қасірет күні. Кәпірлер дінсіз болғаны үшін, мүміндер ғамалдарының аздығы үшін өкініп, қасірет шегеді.
- Қиямет – тарихтағы барлық адам бір уақыт пен бір мекенде жиналатын алаң.
«Иасин» сүресінің 54-58 аяттары:
«فَالْیَوْمَ لَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَیْئًا وَلَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»، «إِنَّ أَصْحَابَ الْجَنَّةِ الْیَوْمَ فِی شُغُلٍ فَاکِهُونَ»، «هُمْ وَأَزْوَاجُهُمْ فِی ظِلَالٍ عَلَى الْأَرَائِکِ مُتَّکِئُونَ»، «لَهُمْ فِیهَا فَاکِهَةٌ وَلَهُم مَّا یَدَّعُونَ»، «سَلَامٌ قَوْلًا مِّن رَّبٍّ رَّحِیمٍ»
Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ, істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер. (54)
Расында жаннаттықтар ол күні зауықты шұғылдануда болады. (55)
Олар да, жұбайлары да көлеңкелердегі жұмсақ орындарда жастанған түрде болады. (56)
Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар. (57)
Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға “Сәлем” сөзі болады. (58)
Қияметте жиналу – Алланың әділ сотына келу. Ол жерде әр адам өзінің осы дүниедегі ойы мен ақидалары және іс-әрекеттеріне сай жазаланады немесе сауап алады. Сол себепті Құран былай дейді: «Бұл сотта барлық іс Алланың мизаны негізінде бағаланады. Біреуге зәрредей зұлымдық жасалмайды. Ізгілер өздерінің лайық істерінің сауабын алып, мәңгілік сыйға бөленді».
Аяттар кейін жұмақтықтардың жағдайын спаттап, осы дүниедегі біздерге түсінікті жұмақтағы нығметтердің кейбіреуін атайды: тамақ, киім, баспана, жұбай – адамның жан тыныштығы мен бақуаттығының белгілері.
Нығметтер жұмақтықтардың қалауы мен еріктеріне сай болады. Олардың қалағандары еш қиындықсыз дайын болады.
Жұмақта материалды нығметтермен бірге рухани мейірім де болады. Алланың сәлемі – Құдайдың жұмақтықтарға жолдайтын арнайы рақымы. Алланың сәлемі жұмақтықтарға тыныштық сыйлайтыны сондай, кез келген материалды нығметтен артық.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Қиямет – Алланың әділетінің көрінісі. Әр адам дүниелік қатынастары мен байланыстарынан тыс өзінің іс-әрекеттерінің жазасы мен сауабын алады.
- Жұмақ – шаттық пен қуанышқа толы мекен. Онда қам-қайғыға орын жоқ.
- Жұмақта да адамдардың отбасылық өмірлері болады. Жұбайлар бір-бірімен жылы қарым-қатынаста болады.
4.Жұмақта адам үшін ешқандай шектеу болмайды. Ол не қаласа да, нені армандаса да орындалады.