Қаң 21, 2019 21:03 Asia/Almaty

«Иасин» сүресі, 66-70 аяттарының тәпсірі

«Иасин» сүресінің 66-67 аяттары:

«وَلَوْ نَشَاءُ لَطَمَسْنَا عَلَى أَعْیُنِهِمْ فَاسْتَبَقُوا الصِّرَاطَ فَأَنَّى یُبْصِرُونَ»، «وَلَوْ نَشَاءُ لَمَسَخْنَاهُمْ عَلَى مَکَانَتِهِمْ فَمَا اسْتَطَاعُوا مُضِیًّا وَلَا یَرْجِعُونَ»

Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлдем соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді? (66)

Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де, кейін де кете алмас еді. (67)

Алдыңғы бағдарламада күнәһарлардың қияметтің сотындағы құзырының тәсілі мен адамның дене мүшелерінің күнәларға куәлік ететіні айтылды. Осы аяттар былай дейді: «Құдайдың жазасы тек қияметке ғана тиесілі емес. Егер Құдай қаласа, осы дүниеде де күнәһарларды жазалайды. Құдай оларды жазалауда қауқарсыз емес».   

Егер Құдай қаласа, олар көре алмауы үшін көз алдарынан перде тұтып, тұмшалайды.  Жүрген кезде басқалардан озбақ түгілі, күнделікті жүріп жүрген жолдарын да ұмытады. Бұл – олардың ең аз жазасы.

Сонымен қатар, егер Құдай қаласа, оларды еш қозғала алмайтын, не алға, не артқа жүре алмайтын жансыз мүсіндерге де айналдыра алады.

Бұл екі жаза қияметте де болуы мүмкін. Себебі күнәһарлар мәңгілік бақыт жолы жұмақты табудан мақұрым. Олар махшар даласында сандалып, сергелдең күй кешеді. Олардың Құдайдың еркінің алдында қозғалатын немесе азап пен өз істерінің жаман салдарларынан қашатын шамалары болмайды.

Осы аяттардан үйренетініміз.

1.Адам осы дүниеде де Алланың қаһары мен ашуынан қорғалмаған. Сол себепті Алланың жазалары мен нығметтерден айрылу қатерінен қапыл қалуға болмайды.

2. Аңдау мен ықтияр құқығынан мақұрым қалмауы үшін Құдай осы дүниеде адамдарды кейбір ерекше жайттар болмаса, жазаламайды.

«Иасин» сүресінің 68 аяты: 

«وَمَن نُّعَمِّرْهُ نُنَکِّسْهُ فِی الْخَلْقِ أَفَلَا یَعْقِلُونَ»

Әлде кімге ұзақ өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар ойланбай ма? (68)

Алланың осы дүниедегі жазаларының біріне сілтеме жасаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят былай дейді: «Адамдардың барлығы қартайған шақтарында ақыл және физикалық тұрғыдан әлсіздік пен қауқарсыздыққа душар болып, сәби кезге қайта оралады».

Бұл нәтиже шын мәнінде жастық пен орта жаста дұрыс жолды таңдап, соны өту керек дегенге саяды. Қартайған кезде хақ жолға қайтып, жақсы адам боламыз деген ой – шындықтан тысқары, бос арман.

Мұнымен қатар адам өмірі ұзақ болған сайын оның мүмкіндігі мен әлеуеті арта түседі деп ойламауы керек. Адамдардың барлығының, тіпті билеушілер мен патшалар да қартайған шақтарында әлжуаз, нашар күйге түсетіндіктері соншама, қорғансыз сәбилер сияқты оларға да тамақ беріп, киімдерін ауыстыру керек болады.

Сол себепті кәрілік пен қауқарсыздық кезең жеткенге дейін мүмкіндікті пайдаланып, шама жеткенше оң, сындарлы іс жасап, өзіміз бен қоғам үшін пайдалы болайық.

Осы аяттан үйретініміз:

1.Ғұмырдың ұзақтығы адамға күш сыйламайды, керісінше, ұзақ өмір – күш пен әлеуеттің шыңынан әлсіздік пен дәрменсіздік жаққа қайтатын жол.

2.Адамның өмірі шектеулі, армандары көп. Өзінің шектеулі ғұмырын мейлінше пайдаланатын адам – жеңімпаз.

3.Адамды құтқаратын нәрсе – дұрыс ой мен ақыл. Бірақ, адам өмірінің, әсіресе жастық шағының өтіп жатқанынан бейхабар қалуына себеп болатын нәрсе, – шынтуайтында, оның бақытсыздығы мен өлімінің себебі.

«Иасин» сүресінің 69-70 аяттары:

«وَمَا عَلَّمْنَاهُ الشِّعْرَ وَمَا یَنبَغِی لَهُ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِکْرٌ وَقُرْآنٌ مُّبِینٌ»، «لِّیُنذِرَ مَن کَانَ حَیًّا وَیَحِقَّ الْقَوْلُ عَلَى الْکَافِرِینَ»

(Мұхаммед Ғ.С. ға) өлең үйретпедік әрі оған ол лайық емес. Ол бір үгіт және ашық Құран ғана. (69)

Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін. (70)

Тауид пен ақыретке байланысты аяттардан кейін осы аяттар набоваттың, яғни, пайғамбарлықтың растығын баяндап, былай дейді: «Хазірет Мохаммадқа түсіргеніміз өлең емес, ардақты пайғамбар ақын емес. Құран аяттарының көбі, әсіресе Құранның ақырғы сүрелері уәзін мен ерекше әуенге ие. Бірақ тарихтың куәлік етуі бойынша, пайғамбар ақын болмаған, өлең шығармаған.

Пайғамбарға ақын болды деп жала жабудың себебі Құранның өлең формасында болуы емес, арабтардың арасында «Шайырлар жындармен байланысты, сондықтан өлең үйретеді» деген бұрыс сенімдері негізінде болды.

Пайғамбардың сөзі олар үшін соны әрі бейтаныс болғандықтан, олар хазіретті айыптады. Олардың пікіріне сәйкес, шайырларды жындар билегендіктен осындай таңқаларлық сөздерді айтады-мыс».

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Пайғамбардың тілімен айтылатын, адамдарға ескертіп, еске салудың мәйегі болатын – Алланың сөзі; сол сөздер хақ пен ақиқатты іздейтіндерді нәпсілік тілектердің қауіп-қатері мен шайтанның азғыруынан ескерту арқылы қорғайды».

Бұл аяттар кәпірлердің құлағына жеткен кезде оларға әсер етпейді.  

Себебі күпіршілік және хақпен қырсықтықтың олардың болмыстарын жаулап алатыны сондай, ойлары шеменделіп, жүректері тасқа айналып, хақ сөз оларға әсер етпейді.

Соған қарамастан оларға дәлел аяқталып, қияметте "Хақ сөз біздің құлағымызға жетпеді» демеуге себеп болады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран өлең мен ақындықты теріске шығармайды. Бірақ «пайғамбар ақын болды» деген сөз бен Құранның поэзия екенін теріске шығарады.

2.Құран – ақындық қиял негізінде шығарылған өлең емес, хикмет пен мықты қисын негізіндегі хәкім Құдайдың сөзі.

3. Хақты қабылдамайтын адамдар – тірі өліктер. Адамның құндылығы – оның көкірек көзінің ояулығы мен рухының пәктігінде. Сол себепті шынайы иманға ие адамдардың көкірек көздері ояу, олар шынайы өмірге ие. Кәпірлер өліктер сияқты шынайы өмірден мақұрым. Себебі күпіршілік жүректі билейді.