Қаң 21, 2019 23:01 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 23

Діни халтық демократия – халықтың қолдауы мен илаһи заңдарға табанды діни құндылықтарға негізделген билік құрылымы.

Ислам республикасындағы діни халықтық демократия жүйесі өткен қырық жылда дін мен оның құндылықтарына қайшы келмейтін әрі елдің ішкі және сыртқы қиындықтарына қарамастан діни халықтық демократияның негіздері сақталған үлгіні ұсынды. Аталмыш жүйеде халықтың қалаулары діни құндылықтарға негізделеді, сондықтан бұл жүйе әлі күнге дейін өз маңызынан айрылған жоқ.

Ислам революциясының жетекшісі ел басшылары мен халықтың діни құндылықтарын сақтау қажеттігін   қуаттап: «Басшылар Исламның атымен, Ислам үшін, Исламның жолдауымен батыл түрде, ешкімге жалтақтамастан, мықты ұстаным білдіріп, һәм сөз жүзінде, һәм іс жүзінде әрекет етуі керек. Халқымыз, әсіресе жастарымыз «Ғадирдің» берекесімен Ислам, Құран және «Ғадирдің» көрсеткен жолының айқын жол екенін білгені жөн. Бұл жол мықты дәлел және философия, сондай-ақ үлкен оқиғаларға сүйеніп, анықталды. Діни халықтық демократияның дәл осы ерекшелігі оны Батыс демократиясынан ерекшелендіреді. Шетелдік орталар мен спутниктік арналардың халықтың сайлауға қатысу, қатыспауына еркінің жоқтығы туралы үгіт-насихаттарына қарамастан Иран халқы әрқашан, тіпті саяси және экономикалық дағдарыс жағдайда да өз еріктерімен дауыс беруге қатысты.   Бельгия, Австралия және Австрия секілді мемлекеттерде  халықтар сайлауға қатысуға мәжбүр болған жағдайда, Иранда халық дауыс беруге азат түрде қатысады. Аталмыш мемлекеттерде азаматтары сайлауға қатыспаса, азаматтық құқықтарынан айырылып, көптеген саяси-экономикалық шығын төлейді. Халықтың даусына сүйену мен олардың заңды қажеттіліктерін қамтамасыз ету – діни халықтық демократияның маңызды екі тұрғысы. Сондықтан исламдық жүйе міндетті түрде діни халықтық демократияны қалыптастырып, іске асырып келеді. Исламдық жүйеде елдің жігері жеке адам немесе белгілі бір топтың халықты билеуі дегенді білдірмейді; құқық біржақты емес, керісінше, екіжақты әрі халықтың құқығы  басым»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі заңға табанды болып, кемсітушілік пен пайдақұмарлықтан тартыну керектігін баса айтып, діни халықтық демократияны растап: «Достар мен жақындар үшін экономикалық мүмкіндік пен мұрсат тудыру – діни халықтық демократияға қарсы істер. Сондықтан олармен қарсыласу керек. Үкіметтің халықтық болуы халыққа елді басқаруға, үкімет құруға және басшыны сайлауға мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Исламдық үкіметтің халықтық болуының келесі мағынасы – ислам үкіметінің халыққа қызмет етуі. Сондықтан басшы тек белгілі бір адамдардың немесе белгілі бір таптың емес, бүкіл халықтың мүддесін ойлауға міндетті»,- деді. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің халықтың рөліне қатысты көзқарасы туралы: «Халық туралы уәждер барлық жүйеде, тіпті, үстемшіл жүйелерде де айтылады. Сондықтан маңыздысы, іс жүзінде халықтың рөлі мен құқықтарына қаншалықты назар аударылатыны»,- деді. Жүйенің халықтың даусымен санасуы халықтың рөлін көрсетеді. Халықтың белсенділігі мен оларға сенім арту оның даусының маңыздылығын білдіреді. Иран Конституциясында имамның тәлім-тәрбиесіне ерекше назар аударылып, жүйенің халықтың қолдауынсыз еш нәрсе емес екені, сондықтан тек халықтың жігеріне сүйеніп, алға қадам басу қажеттігі туралы  айтылды. Президенттік, Эксперттер кеңесі, Ислам Кеңесі Мәжілісі мен басқа да сайлауларға қатысу – халықтың жігері мен қалауының көрінісі. Негізінде халықтың әртүрлі сайлауларға қатысуы – халықтың құқығы әрі міндеті. Ислам мен Ислам республикасы жүйесінде басшы болудың философиясы халыққа қызмет ету саналады. Басшылар халыққа қызмет етеді. Олар халыққа борыштар әрі олардың аманаттарына берік.

 

 

 

Тегтер