Қаң 23, 2019 16:35 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 24

Діни халықтық демократия ислам тағылымдары мен сенімдерден тамырланып, халықпен шынайы қарым-қатынас орнатуға негізделді. Бұл жүйе Батыстың либералдық демократиясы кенде ерекшеліктерге ие.

        

Демократия мен либерализм туралы уәж айтатын мемлекеттердің көбінде халық пен жүйе басшылары арасындағы қарым-қатынас терең емес. Бұл аз кездесетін құбылыс шынайы діни халықтықтық демократия жүйесі белгілерінің бірі саналады. Ислам революциясынан кейінгі Ирандағы діни халықтық демократия жүйесі белгілерінің қатарына елде жүйелі түрде сайлаулар өтіп, халықтың оларға жаппай қатысуы жатады. Революциядан кейін жыл сайын орта есеппен бір сайлау өтті. Орта есеппен алғанда Иранда сайлауға қатысушы халықтың саны демократия туралы уәж айтатын мемлекеттердегі дауыс берушілерден көп артық. Иранда халықтың сайлауға қатысуы ерекше, өйткені халық басынан бастап, саяси саладағы өз жауапкершілігіне ерекше көңіл бөледі. Діни жетекшінің Эксперттер кеңесі, Ислам Кеңесінің Мәжілісі, қала мен ауылдардағы исламдық кеңестер мен президенттік сайлаулар халыққа өз тағдырын шешу үшін мұрсат тудырады.

Әлемнің басқа елдеріндегі халықтың қатысуына көңіл бөлмеуге болмайды. Мемлекеттердің көбінде халықтың сайлауға қатысуы айтарлықтай емес. Өткен жылдары Батыс мемлекеттерінде бұл елдердегі саяси және экономикалық дағдарыстарға байланысты сайлауға қатысатын халықтың саны бұрынғыдан бетер төмендеді. Мәселен, АҚШ-та соңғы ғасырда әр сайлауға ел халқының жартысы қатыспаған. АҚШ Конгресінің сайлауына халықтың 30-40 пайызы ғана қатысты. Францияның кейбір сайлауларына дауыс беруге қатысқан халықтың саны 50 пайыздан төмен болды.

ИИР-да өткен қырық жылдағы барлық парламенттік сайлауға халықтың 51-71 пайызы қатысты.

Осы мәлімет бойынша, Иранның парламенттік сайлауына қатысушылардың саны Батыс мемлекеттеріндегі дауыс берушілер санынан жоғары. Батыс Азияда сайлауға қатысушылар дауыс беру құқығына ие. 

Ислам революциясы демократиялық жүйенің үлгісін ұсынып, негізінде заманауи әлемнің теориялық құрылымы мен легитимдігінде түбегейлі айырмашылық қалыптастырды. Ислам республикасы жүйесінің өткен қырық жылғы тәжірибесі тек ішкі билікті пайдаланып, халықтың легитимді инфрақұрылымын құру арқылы Иран демократиялық  жүйе қалыптастырған полюске айналып, сайлауларды халықтық институттарға айналдырғанын көрсетті. Бұл фактор Ирандағы діни халықтық демократияның сәтті үлгісінің инфрақұрылымы болды. Өткен қырық жылда жүйенің құдыреті мен заңдылығының бұл факторы қоғамдық дауысқа сүйеніп, халықтың сайлауға  өз еркімен қатысуы мен ғиззатты қорғауы арқылы елдің ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалды.

Ислам революциясының жетекшісі сайлаулардың маңызы туралы: «Ислам республикасы үлгісінде діни халықтық демократия мен дін бір-бірінен бөлек екі фактор емес, өйткені, діни халықтық демократия – діннен тамырланған жүйе»,- деді.

Ирандағы діни халықтық демократия аймақ пен әлем елдеріне ұсынылған демократияның айын үлгілерінің бірі болып табылады. The politics of Iraq газетінің Бас редакторы Адел әл-Манағ Ирандағы діни халықтық демократия үдерісі туралы: «Ирандағы демократияның дамуы Парсы шығанағы аймағындағы араб елдерін алаңдатып, оларды қарсыласуға мәжбүрледі»,- деді. Батыс Азия мемлекеттерінің көбінде сайлау өткізілмейтін, өтсе де халықтың рөлі байқалмайтын жағдайда  демократияның бұл факторы Ислам республикасында қалыптасты. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар мен Иорданияда билік пен үкіметтің рөлін іс жүзінде патша атқарып, халықтың оны сайлау мен биліктен кетіру, тіпті сынау құқығы жоқ.   Бұл елдердегі әйелдердің құқықтары да адам құқығын қорғайтын ұйымдардың үнсіздік танытып отырған мәселелерінің бірі. Парсы шығанағы елдердіңдегі әкеден балаға қалатын биліктерде іс жүзінде халық ешқандай атқармайды. Билік басындағы әулеттердің бірінің қарамағында болу заңдылық себептерінің бірі саналады.  

ИИР бүгінде үстемшіл үкіметтердің теріс үгіт-насихаттары мен шабуылдары толқынымен бетпе-бет келіп отыр, өйткені революцияның жеңісінен қырық жыл өткенімен, халық Ислам республикасының негізгі қолдаушысы ретінде өзі мен революцияның тағдырында маңызды рөлге ие. Ирандағы діни халықтық демократия аймақ халықтары үшін бұрын-соңды кездеспеген үлгіге айналды. Сондықтан бұл шындықты теріске шығаруға болмайды. 

 

 

Тегтер