Қаң 24, 2019 21:38 Asia/Almaty

«Иасин» сүресінің 71-76 аяттарының тәпсірі

«Иасин» сүресінің 71-72-73 аяттары:

«أَوَلَمْ یَرَوْا أَنَّا خَلَقْنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتْ أَیْدِینَا أَنْعَامًا فَهُمْ لَهَا مَالِکُونَ»، «وَذَلَّلْنَاهَا لَهُمْ فَمِنْهَا رَکُوبُهُمْ وَمِنْهَا یَأْکُلُونَ»، «وَلَهُمْ فِیهَا مَنَافِعُ وَمَشَارِبُ  أَفَلَا یَشْکُرُونَ»

Олар үшін рас құдыретімізбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ, өздері оларға иелік етеді. (71)

Малды оларға бойсұндырдық. Олар кейбіреуіне мінеді, кейбіреуінің етін жейді. (72)

Олар үшін малдарда түрлі пайдалар мен сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (73)

 

Аяттар Құдайдың адамдарға беретін нығметтерінің бірін атап, жануарлардың адам өміріндегі рөліне тоқталды.

Жануарлардың үлкен бөлігін адам қолға үйретпегенімен, олардың теңіздер мен құрлықта тіршілік ететіндігіне қарамастан кейбір жануарлардың қолға үйретілгенінің адамға бағынатыны сондай, адам өзін олардың иесі санап, оларды қалаған тәсілмен пайдаланады. 

Адамның төртаяқты жануарларды пайдалануы өркениетті, дамыған ғасырда азаймағанымен қатар тіпті арта түскен.

Егер ертеде сиыр мен қойдың еті мен сүтінен сусын мен тағамның бірнеше түрі ғана әзірленсе, бүгінде тек осы жануарлардың сүтінен ондаған сүт өнімі өндіріледі.

Жануарлардың жүні мен терісінен киім мен сумка және аяқ киімнің түр-түрі өндіріледі. Қазіргі ғасырда киім-кешек пен адамның басқа да кейбір қажеттіліктері жасанды материалдардан жасалғанымен жануарлардың жүні мен терісінен жасалатын киімдер әлі де өзінің сапасы мен ыңғайлығы тұрғыларынан айрылған жоқ. 

Қазірдің өзінде әлемнің көптеген аймағыда, тіпті дамыған армияларда да ат пен түйе сияқты жануарлар қиын, таулы және шөлді аймақтардан өту үшін немесе осындай аймақтарда жүк пен құрал-жабдық тасымалдау үшін ең жақсы көлік саналады.

Адамның азық-түлігінің үлкен бөлігі төртаяқты жануарлардың еті мен сүтінен әзірленеді. Жаратушы адамның бұл қажеттілігін осы жануарлардың дер уақытында туып, көбеюі арқылы тиімді тәсілмен әзірлеген.

Алайда адам осы үлкен нығметке шүкіршілік етпейді. Егер бір күні жануарлар құрыса немесе адамға бағынудан қалса не боларын ойлайтын адам кемде кем.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Құдай сиыр мен қой, түйе сияқты төртаяқты жануарларды адам үшін жаратқан. Сол себепті, егер жануарлар, әсіресе төртаяқтылар болмаса, адамның өмірі қиындықпен бетпе-бет келеді. Бірақ, егер жер бетінде адам болмаса, жануарлар қиындыққа ұшырамайды.

2. Жануарлардың болуы мен олардың адамға бағынуы – Алланың нығметі. Себебі, егер олар қолға үйретілмегенде адам ет, сүт өнімдері мен тағы басқа жайттар бойынша көптеген мәселеге душар болады.

3. Илаһи нығметтерге көзжұмбайлық таныту тіршіліктінің Жаратушысына шүкіршілік білдірмеуге себеп болады.

«Иасин» сүресінің 74-75-76 аяттары:

«وَاتَّخَذُوا مِن دُونِ اللَّـهِ آلِهَةً لَّعَلَّهُمْ یُنصَرُونَ»، «لَا یَسْتَطِیعُونَ نَصْرَهُمْ وَهُمْ لَهُمْ جُندٌ مُّحْضَرُونَ»، «فَلَا یَحْزُنکَ قَوْلُهُمْ إِنَّا نَعْلَمُ مَا یُسِرُّونَ وَمَا یُعْلِنُونَ»

Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт етеді. (74)

Пұттар оларға көмектесе алмайды. Олардың өздері ол пұттарды қорғау үшін әзір әскер. (75)

(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине, Біз олардың көрнеулерін де, көместерін де білеміз. (76)

 

Адамның илаһи нығметтерге шүкірсіздігінің белгілерінің біріне басқа тәңірлердің соңынан еруі жатады. Бұл – мүшіріктер ашық түрде, кейбір мүміндер жасырын түрде көрсетпей жасайтын істер.  

«Сыртқы шерк» дегенде адам «Мен мына адамға немесе мына затқа табынамын» деп айтады. Бірақ, «жасырын шерк» дегенде адам табыну туралы айтпай: «Пәлен адам өмірімде маңызды рөл атқарды. Егер ол болмағанда мен өмірде бақытсыз, бейшара болар едім» немесе «Оның жәрдемі мен көмегінің арқасында ғана мен осындай дәрежеге жеттім» дейді.

Жалған тәңірлер мен заттар бір Құдайдан тәуелсіз түрде адамның өмірінде әсерге ие емес әрі олардың Құдайға серік бола алмайтыны да белгілі. Барлық нәрсе Құдайдың қалауымен болады. Оның серігі жоқ.

Бірақ, Құдай заттар мен адамдарды көмек қажет еткен адамға нығмет жетуі үшін немесе жәрдем тиюі үшін құрал етіп алады.

Аяттардың жалғасы: «Адамның істерінің ішкі болмысы көрініс табатын қияметте мүшіріктер пұттардың арттарында тұрады. Пұттар – қолбасшылар, мүшіріктер олардың ләшкерінің сарбаздары сияқты. Өйткені, олар осы дүниеде көздерін жұмып, құлақтарын басып, ырымшылдық пен бедғаттарға мойынсұнып, соларға табынған" дейді.

Соңғы аят Алланың елшісі мен мүміндерге: «Мүшіріктердің жөнсіз сөздері мен олардың пайғамбар мен Құран және діни ақидаларға қатысты бұрыс қатынастарына байланысты үмітсіздікке салынбаңдар. Оларды Құдайға тапсырыңдар. Құдай барлық істен хабардар. Оларға күнәларына лайық жазасын береді» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Ешнәрсе және ешкім Құдайдан жасырын емес. Барлығы – материалдыдан бастап, материалды емеске дейінгі құралдар – ұлы Құдай тарапынан делдалдар. Олар адамның өмірінде тәуелсіз әсер мен ықпалдан кенде. Сондықтан шерктің ешқандай мықты негізі жоқ.

2. Алланың құдіретіне көңіл аудармастан басқалардан көмек сұрау – шерк пен күпіршіліктің бір түрі. Шындығында басқаларға көмектесу Құдайдың қалауына байланысты.

3. Дін қарсыластарының жөнсіз сөздері біздің діни міндеттеріміз бен жауапкершіліктерімізді орындауда солқылдақтық танытуымызға себеп болудан абай болайық.