Қаң 27, 2019 22:56 Asia/Almaty

«Иасин» сүресінің 77-78-79-80 аяттарының тәпсірі

"Иасин» сүресінің 77-78-79 аяттары:
 

«أَوَلَمْ یَرَ الْإِنسَانُ أَنَّا خَلَقْنَاهُ مِن نُّطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِیمٌ مُّبِینٌ»، «وَضَرَبَ لَنَا مَثَلًا وَنَسِیَ خَلْقَهُ قَالَ مَن یُحْیِی الْعِظَامَ وَهِیَ رَمِیمٌ»، «قُلْ یُحْیِیهَا الَّذِی أَنشَأَهَا أَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِکُلِّ خَلْقٍ عَلِیمٌ»

 

Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді. (77)

Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: “Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?”,- деді. (78)

(Мұхаммед Ғ.С.): “Оны сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол барлық жаратылысты біледі” де. (79)

 

Тарихи рауаяттарда Меккенің мүшіріктерінің бірінің шіріген сүйекті қолына ұстап, ислам пайғамбарына келіп: «Егер қолыммен қыссам, бөлініп, ұнтақталып, топыраққа айналатын мына шіріген сүйекті кім қайта тірілтеді?» деп сұрағаны айтылған.

Бұл сауал қойылған кезде адам Құдайдың құдіретін шектеулі санап, осы дүниеде адам ондай оқиғаны көрмегендіктен  қияметте ондай нәрсе мүмкін емес деген уәж айтады.

Сол себепті келесі аяттар қияметті теріске шығаратын бұл сауалға жауап беріп: «Сендердің әрқайсың мардымсыз бір ұрықтан жаратылғанда Құдайдың құдіретін қалайша шектеулі санайсыңдар? Осындай істі бір рет жасаған Құдайдың оны қайта жасауға шамасы жетпей ме? Адамдарды қайта тірілту үшін Құдай адамдардың дене мүшелерінің қай жерде шашылғанын білмейді деп ойлайсыңдар ма?» дейді.

Құдайдың жаратылысы адам өзінің шектеулі ғылымы және күшімен адамдардың немесе жануарлардың жасушаларын лабораторияларда егіп, өсіру арқылы жасушалардың тінін арттырғанда адамның Жаратушысы Құдай оны қайта тірілте алмай ма? Бүгінде адамзат ғылымы әрбір адамның жасушаларындағы ДНҚ молекуласында оның генетикалық барлық ерекшелігінің сақталатынын дәлелдеді. Ерекшеліктер әрбір жеке адамға тиесілі әрі ешқашан жойылмайды. Қазір өлгендеріне ондаған жыл болған, тіпті тануға келмейтін өліктердің жасушаларынан ДНҚ анализін алып, оны марқұмдардың туыстарының ДНҚ жасушаларымен салыстыру арқылы ажырататын мүмкіндік бар.  

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Құдаймен жауластық, Оның тағылымдары және бұйрықтарымен қырсығу – адамның Жаратушы арқылы мардымсыз ұрықтан жаратылғанын ұмытқанының белгісі.
  2. Қияметті теріске шығарушылар шын мәнінде Құдайдың қайта жаратудағы ғылымы мен құдіретіне күмәнданады. Алайда олар қияметтің болмайтынына ешқандай қисынды дәлел келтірмейді.
  3. Қиямет тақырыбында маңызды екі жайтқа көңіл бөлу керек: біріншісі, Құдайдың адамдарды қайта жаратудағы құдіреті; екіншісі адамдардың іс-әрекеттеріне қатысты шексіз ғылымы. Сауал егер біліп, түсіну үшін қойылса, жақсы. Сауалдар мен сенім тұрғысындағы күдік-күмәндарға дін мамандары дұрыс жауап беруі керек. Бірақ,егер сауал тәкәппарлық пен қырсықтықпен қойылса, оның мақсаты – ақиқатты түсіну үшін емес, келеке етіп, масқаралау үшін.

«Иасин» сүресінің 80 аяты:

 

«الَّذِی جَعَلَ لَکُم مِّنَ الشَّجَرِ الْأَخْضَرِ نَارًا فَإِذَا أَنتُم مِّنْهُ تُوقِدُونَ»

Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (80)

 

Құдайдың жаратылыстағы құдіретін баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында бұл аят табиғаттың қызық көріністерінің біріне сілтеме жасап: «Құдай табиғатта орнатқан заңдардың әсерінен, жасыл ағаштардың бұтақтарының бір-біріне тиіп, үйкелуі нәтижесінде ұшқын мен от пайда болады» дейді. Ерте замандарда сіріңке мен шырпы болмаған. Адамдар тастарды немесе ағаштардың бұтақтарын бір-біріне үйкелеу арқылы от алған.

Егер дауыл мен қатты жел ағаш бұтақтарының бір-біріне қатты соғылысына себеп болса, ұшқын пайда болып, жасыл ағаштар өртенеді. Осы аятта су мен оттың бір-бірімен сәйкеспегенімен, әрекеттесетіні айтылған. Басқаша айтқанда, сумен тіршілік ететін жасыл ағаштар оған қарама-қайшы отқа себеп болады. Егер сол ағаш кепсе, оның ағашы от жағу үшін пайдаланылады.  

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Табиғат пен онда үстемдік ететін заңдарды тану адамның Құдай мен Құдайдың құдіретіне деген иманын нығайту үшін негіз әзірлейді.

2. Ағаштардың бұтақтары мен жапырақтарына түсетін күннің нұры мен жылуы жоғалмай, оларда сақталады. Құрғақ ағаштар отта жанған кезде ұзақ жылдар бойы ағаштарда сақталған күннің энергиясы от температурасы түрінде босап, әлемге қайтады. Бұл үдеріс – энергияның осы дүниедегі қайта жандануының бір түрі.