Қаң 29, 2019 14:00 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 27

Осы кезде Ислам революциясының диалогы шекаралардан асып, күн сайын халықтардың пәк жүректерінен орын алуда. Бұл диалогтарға ислам бірлігі мен әлемдік үстемшілдікке қарсы тұру тақырыптары кіреді.

Ислам революциясы әлемде орын алған революциялардың көбіне қайшы өзінің басты құндылықтары мен армандарынан алыстамай, эволюциялық қозғалысымен саяси және қоғамдық салалардағы шындықты талап ету ағымының көрінісіне айналды.

Иранның Ислам революциясының жеңісімен халықаралық қарым-қатынастардағы монополия жойылып, ИИР әлемдік үстемшілдік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес сияқты тақырыптарға маңызды әсер ететін болды.

Ислам республикасы жүйесінің негізі діни құндылықтарға сүйеніп әлемдік үстемшілдердің біржақты саясаттарын теріске шығарып, халықтарға тағдырларының олардың өздерінің қолдарында екенін дәлелдеді. Сол себепті Ислам республикасы жүйесінің үлгісі саяси жүйелер саласында өз стратегиясы мен өз жолдарын ұсынып, қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырды. Бұл факторлар – зорлық-зомбылық көрген халықтардың арасында билеп-төстеушілерге табандылық білдіру рухын нығайтқан Иранның Ислам революциясының "жұмсақ күшінің" белгісі.

Саяси Исламды Ислам революциясынан нәр алған санайтын "Батыстағы өркениеттер соғысы" (The Clash of Civilizations) мақаласының авторы Хантингтон бұл туралы: "Өзін Батыстың бәсекелесі санайтын Ислам – америкалық әлемдік жүйенің негізгі қатері»,- деген болатын. АҚШ басшыларының бұрыннан осы күнге дейін айтып келе жатқан уәждері – бұл саладағы айқын құжат. Мәселен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының бұрынғы орынбасарларының бірі Мартин Индик бұл туралы: «Ислам революциясын жазалау тәуелсіздікті таңдап, АҚШ-тың билеп-төстеушілігінен құтылғысы келетін мемлекеттер үшін ғибрат болады»,- деген. Бірақ, мұндай дұшпандықтарға қарамастан Ислам революциясы жеңіске жетті. Бұл революция Иранға тәуелсіздік әкелді. Тәуелсіздік талап ету болмысын жаңғыртып, зорлық-зомбылық көрген халықтарға құтқарылатын үлгіні ұсынды. Сондықтан АҚШ өткен қырық жылда Иранға қарсы әртүрлі қастандықтарды, санкциялар мен уәждерді пайдаланды. Тіпті, Иранға жақтас аймақтарда бұл елдің оқшаулануына себеп болатын әрекеттерді іске асыруға талпынды. Имам Хомейнидің жолын қолдайтын Иранның мұсылман студенттері Теһрандағы АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алғаннан бері АҚШ саяси әрекеттері мен әскери араласушылығын бастап, Парсы шығанағына  өзінің әскери флотын аттандырып, Иранға шабуыл жасауға дайын екенін жариялады. Бірақ барлық қастандығы сәтсіздікке ұшырады. Табастағы АҚШ-тың әскери шабуылы мен «Ниқаб» төңкерісінің сәтсіздікке ұшырауы, халықаралық салада Иранды оқшаулауға күш салып, Иранды" қара" тізіміне енгізу – Ислам революциясы жеңісінен кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық және шапқыншылық әрекеттері. 

Американың саяси сарапшысы Ноам Чамскидің айтуы бойынша, «АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының тамыры тереңге бойлаған. АҚШ-тың көзқарасы бойынша, Иранның кешірілмейтін күнәсі 1953-ші жылы Америка төңкеріс арқылы билік басына отырғызған диктатураны құлатуы болды. Әлем оның құбылыстарын қарапайым түрде түсіндіруден де күрделі. Менің ойымша, оқиғаның тамыры дәл осы жерде». Қазіргі кезде де дәл осы сөздер мен әрекеттер және ой-пікірлерді АҚШ-тың қазіргі басшылары қайталауда.

АҚШ-тың ең үлкен стратегиялық қатесі Иранды тәуелді, әлсіз режимдермен салыстырып, қоқан-лоққылар арқылы Иранды бағынуға мәжбүрлеуге болады деп ойлауы болды. Алайда өткен қырық жылдағы оқиғалар мен Ислам республикасының дамуы Ислам революциясының Иранның географиялық шекарасынан асып, ықпал етіп жатқанын көрсетеді. Бұл ағым әлемнің әртүрлі жерінде самал жел секілді есіп, шындық пен әділет талап ететіндердің жүректерінен орын тапты. Сонымен қатар халықтардың оянуы мен халықтық қозғалыстардың құрылуына себеп болды. Имам Хомейни өзінің өсиетнамасында бұл маңызды мәселеге көңіл бөліп: «Иранның Ислам революциясының басқа революциялардан өзгеше екеніне күмәндануға болмайды. Оның  күрес сапасы мен мақсаттары да өзгеше»,- деп жазды. Аятолла Хаменеи Ислам революциясының жалғасуының ең маңызды себебін революцияның құқығы деп атап: «Революцияның сөзі – шындықтың сөзі. Бұл – шындықтың ерекшелігі. Бұл – тың жерге отырғызылған жақсылық ағашы. Оның тамыры мықты. Бұтақтары мықты, жапырақтары жасыл, жемістері мәңгілік, барлық маусымда өз жемісін береді. Шындықтың сөзі – мәңгілік»,- деген. 

ИИР өткен қырық жылда өзінің құқықтарын бар күшімен қорғағандықтан, дұшпандар Иран халқына соққы бере алмады. Керісінше, Иран халқы оларға соққы берді. АҚШ басшылары бұрын да, қазір де Иранға соққы беру үшін қолдарынан келгеннің бәрін істеп бақты.

Иран халқына қарсы шыққан әр адам шабуылдың тек өзіне ғана зиян келтіретініне күмәнданбауы керек.

Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы қатты кегі америкалықтардың қателіктерін қайталауына себеп болды»,- деген болатын. Университет ұстазы әрі халықаралық мәселелердің сарапшысы Насер Хадиан АҚШ-тың ежелгі дұшпандығының себебі мен оның Трамптың президенттік кезеңінде күшеюі туралы: «Бұл қысымдар Израильмен байланысты. Трамп Иранның жүйесін өзгертуді көздеуде. Сондықтан Иранның режимін өзгерту АҚШ-тың басты саясаты болып отыр. Израиль мен израильдік лоббилер, Сауд Арабиясы мен саударабиялық лоббилер, мұнафықтар мен жаңа консерваторлар. Бұл топтар АҚШ-тың әртүрлі президенттері кезінде Иранды әлемдік қауымдастықтың негізгі қоқан-лоққысы етіп көрсетуге күш салуда. Трамп Израильдің қысымымен Иранның режимін өзгерту саясатын жүргізеді»,- деді.

Трамп АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қарсы жаңа қоқан-лоққыларға тоқталып, аймақта осы тақырыпқа ден қойып отыр. Халықаралық мәселелердің сарапшыларының көбі АҚШ-тың сыртқы саясатын Иранға қарсы тұру санайды. Бірақ өткен қырық жылға жасаған шолу бұл қарсыласудың АҚШ-тың сәтсіздігі мен әшкереленуіне себеп болатынын көрсетті.