Қаң 30, 2019 13:51 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 28

Ислам революциясының үлкен жетістіктерінің бірі АҚШ-тың Иранға араласу саясатын тоқтатып, елде ұлттық билік орнатуы болды.

Ислам республикасы халықтың күшіне сүйеніп, Иранда тәуелсіздік орнатып, үстемшіл елдерге, әсіресе АҚШ-қа қарсы тұрды. Өткен 40 жылда Иран халқы АҚШ пен басқа дұшпандардың қастандықтарынан өтті. Бүгінде исламдық Иран әлем халықтары үшін үлгіге айналып, аймақ пен халықаралық теңгерімдегі үлкен әрі маңызды өзгерістердің факторына айналды. Аналитик Крейн Брайтон «Төрт революцияға шолу» атты  кітабында: «Революциялар күндердің бірінде жасалып, күндердің бірінде аяқталады. Франция, Англия, Америка мен Ресейде болған төрт революцияның ортақ тұстары бар»,- деп жазды. Брайтонның пікіріне сәйкес, кез келген революцияда революционерлер жеңіске жеткен соң революцияған дейінгі кезеңнен артық үміт пен қуаныш кезеңі басталады. Ол бұл кезеңді «бал айы» деп атады. Бұл – бұрынғы үкімет құлап, жаңа жүйе орнатылған кезең. Бірақ «бал айы» жылдам өтіп, революцияға қарсы ұстамды немесе экстремистік үкімет орнатылып, революцияның жойылуына себеп болады. Бұл тұрғыдан революциялар қалыптан тыс құбылыс саналады. Сондықтан тез арада қалыпты жағдайға қайту керек.

Бірақ, Ислам революциясы әлем революциялардың көбіне қайшы құндылықтары мен армандарынан алыстағн жоқ, сондай-ақ, эволюциялық қозғалысымен саяси және қоғамдық деңгейлерде шындық талап ету ағымының үлгісіне айналды.  

Иранның Ислам революциясы жеңісімен халықаралық байланыстар саласындағы монополияға соққы берді. Иран лаңкестікке қарсы күрес тақырыбында сындарлы рөлге ие болды. Ислам республикасы жүйесі діни құндылықтарға сүйеніп, әлемдік алпауыт елдердің біржақты саясаттарын теріске шығарып, халықтардың тағдырын олардың өздерінің қолында санайды. Осы үлгі бойынша Ислам республикасы саяси жүйелер салаларында стратегиялар мен сындарлы жолдарды ұсынып, қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдырды. Мамандардың көбі Иранның Ислам революциясының әсері мен ықпалы күннен күнге артып келеді деп санайды. Ислам революциясы дінді рухани құбылыс ретінде көрсетіп, діни тағылымдар мен сенімдердің жеке бас, тұрмыс, қоғамдық және саяси салалардағы оң әсерін паш етті. Сондай-ақ, дінді бөгделердің араласуына қарсы күрестің рухани туы, саяси құбылыс және мәдени фактор деп таныстырады.

Иранның Ислам революциясының жеңісі үстемшіл мемлекеттерді алаңдатты. Бұл революция бәрінен бұрын бір халықтың құр қолмен-ақ әлемдік үстемшіл елдердің теңгеріміне өзгеріс енгізді. Олар шындықты Иранның аймақтағы араласушылық қатынасы және революциясын экспорттауы туралы уәждерімен жасырғысы келеді. Олар өздерінің әлсіздіктерін мойындағысы келмейді. Олар кек және соғыспен революцияның құндылықтарын төмендете алған жоқ. Бұл фактор халықтар арасында үстемшіл жүйеге қарсы табандылық рухын нығайтып, Иранның Ислам революциясының «жұмсақ күшін» көрсетті. Ислам революциясы имам Хомейни көрсеткен жолға түсіп, барлық қысымдарға қарамастан ешбір жағдайда құндылықтары мен армандарынан алыстамады. Сондықтан Ислам революциясы әлемнің саяси-қоғамдық саласында шындық талап ететін үлгіге айналды.

Үстемшілдіктің Ислам революциясына қатысты дұшпандығының еш уақытта аяқталмайтынына күмән тумайды. АҚШ өткен қырық жылда әртүрлі сылтаулармен Иранға қарсы әртүрлі санкция салып, қастандықтарын іске асырып, революцияның жалғасуына тыйым салуды көздеді.   

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жүз мың көрермен сиятын «Азади» спорт кешенінде ерікті күштердің алдында сөйлеген сөзінде үстемшілдіктің мақсатын исламдық Иранның күш-қуатына соққы беру екенін қуаттап: «Қоғамдық тұрақтылық, қауіпсіздік пен ұлттық бірлік, революцияның негіздеріне тұрақты болу, ғылыми дамуды жалғастыру, революцияшыл және исламдық мәдениетті арттыру, қорғаныс және зымырандық даму мен аймақтағы құзыр – Ислам республикасы күш-қуатының факторлары. Сондықтан дұшпандар бұл факторларға соққы беруді көздеуде»,- деді.

Чикаго университетінің ұстазы, профессор Джон Миршаймер Теһранда өткен «Батыс Азия аймағының перспективасы; Иран мен АҚШ-тың көзқарасы» деген семинарда АҚШ-тың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейінгі 2002-2017-ші ж.ж. сыртқы саясаттарына тоқталып: «Жүйелерді өзгерту АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сыртқы саясатындағы мақсаттарының біріне айналды. Жүйелерді өзгерту бойынша талпыныс бес мемлекетте, атап айтқанда Ауғанстанда, Ирак пен Сирия және Ливия мен Мысырда жасалды»,- деді.

Қастандықтарға қарамастан аймақта өзгерістер болып, халықтық қарсыласу қозғалысы  қалыптасып, оның әсері АҚШ пен оның одақтастарының аймақтағы сәтсіздіктерінен байқалып жатыр. Ислам революциясы бүгінде өзінің қырық жылдығы мерейтойын тойлау қарсаңында тұр. Ислам революциясының сәулетшісі әрі Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушы имам Хомейнидің асқақ армандары ұмытылған жоқ. Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесінің өткен қырық жылда бетпе-бет келген қысымдары мен қиындықтарына қарамастан, Иран халқы алға қадам басып, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы азаттық талап етудің үлгісіне айналды. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, «илаһи көмектің арқасында дұшпанның сәтсіздікке ұшырайтынына күмән тумайды».  

 

 

 

Тегтер