Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 31
Иран Ислам революциясы хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1357 жылы баһман айының 22 күні, сәйкесінше 1978 жылдың ақпан айында жеңіске жетті. Бұл революция Таяу Шығыс пен Батыс Азияның жүзін өзгертіп, Американың Иранға араласушылығын тоқтатты.
«Революцияға дейін Иранды АҚШ-қа тәуелді Мұхаммад Реза Пехлеви үкіметі билеп, елдің табиғи байлығын талан-таражға салып, Батыстың геополитикалық мүдделерін көздеген АҚШ-тың билігінде болды. Иранның мұнай қорын шетелдік компаниялар өнідіріп, пайдаланды. Теһрандағы АҚШ елшілігі тыңшылық жасайтын базаға айналды. Сол кездегі АҚШ Президенті Джеймс Картер айтқандай, Иранға «дауыл тұрған теңіздегі тыныш арал» ретінде қарады».
Бұл – Америкадағы соғысқа қарсы басшылардың бірі әрі «Virginia Defender» басылымының редакторының Ислам революциясы мен АҚШ-тың Иран халқына деген ежелгі дұшпандығының тамыры туралы сұхбатының бір бөлігі. Расында Иран Ислам революциясына дейін де, одан кейін де АҚШ-тың әртүрлі қастандығымен бетпе-бет келді. АҚШ жарты ғасырдан астам уақыт бойы Иранға араласып, дұшпандық білдіріп, қазір де санкциялар мен қоқан-лоққылар арқылы Иран халқының рухын әлсіретіп, Иранды даму мен тәуелсіздігінен мақұрым қалдыруды көздеуде. АҚШ басшылары Ислам республикасы құрылуының алғашқы күндерінен бері жүйені құлатуды стратегиялық мақсат ретінде қалыптастырды. Обама шілде айының 15 күнгі «Нью-Йорк таймсқа» берген сұхбатында бұл тарихи шындықты мойындап: «Егер Иран тарихына шолу жасайтын болсаңыздар, біздің Иранның демократиялық жолмен сайланған үкіметін құлатуға араласқанымызды көресіздер. Біз бұрын Саддамның Иранға қарсы соғысында химиялық қару пайдаланғанын біле тұра оны қолдадық. Соңында олар өздерінің қауіпсіздігіне алаңдап отыр»,- деді.
ХХ ғасырдың танымал ғалымы әрі сарапшысы Ноам Хомский The Nation тілшісіне берген сұхбатында Американың Иранға дұшпандық білдіруінің себебі туралы: «АҚШ басшылары мен ақпарат сарапшылары ежелден Иранды Жер құрлығындағы ең қатерлі мемлекет деп атады. Бұл Трампқа дейінгі кезеңдерге қатысты Иранның кешірілмейтін күнәсі 1953-ші жылы Америка әскери төңкеріс арқылы билік басына әкелген диктаторды құлатуы болды. Әлем оның құбылыстарын қарапайым түрде баяндаудан күрделі, бірақ менің ойымша оқиғаның тамыры дәл осы мәселеде»,- деп қуаттады.
28 мордод төңкерісі АҚШ-тың шетелдік үкіметті құлату саласындағы алғашқы тәжірибесі болды. Кермит Рузвельт бұл туралы: «Ирандағы төңкеріс Трумэн үкіметінің соңғы айларында Орталық Барлау Басқармасының шетелдік үкіметке қарсы дайындаған бірінші жасырын әрекеті болды. АҚШ-тың 28 мордод төңкерісіне тікелей араласуының арнайы мақсаттары болды. Сарапшылардың көбінің пікірі бойынша, АҚШ саясаткерлерінің негізгі мақсаты америкалық мұнай компанияларын Иранның мұнай өндірісіне енгізу болды. Алайда кейбір сарапшылар америкалық саясаткерлердің төңкеріс жасауының себебін Иранның билігіне коммунистердің келуіне алаңдауы деп сараптады. АҚШ «қырғи-қабақ» соғысы басталғаннан бері Иранды Кеңес Одағы мен Парсы шығанағының мұнай аймақтарының арасында орналасқан стратегиялық жағдайына байланысты Батыс үшін маңызды санады. Екінші Дүниежүзілік соғысындағы Иранның стратегиялық жағдайы толығымен дәлелденді. 1953 жылдың тамыз айының ортасында АҚШ-тың сол кездегі Президенті Эйзенхауэр коммунистердің Азиядағы әсері туралы: "АҚШ үкіметі азиялық елдерде, соның ішінде Иранда коммунизмнің ықпалы дамуының алдын алу үшін қажет шараларды іске асырады. Қазір бұл істі жүзеге асыратын шешімдер қабылданды. Ерте ме, кеш пе, Азиядағы коммунизмнің ықпал ететін жолдарын жабамыз. Біз бұл істі атқаруға бел буып отырмыз",- деген болатын. Осындай ұстаныммен 1951 жылдың маусым айында Консервативті партия жетекшілері Уинстон Черчилль мен Энтони Иден билік басында болмағандарына қарамастан, Британияның Сыртқы істер министрлігіне Британия мен Америка қосылып, шаһтан Мосаддеқті қызметтен кетіруді сұрауды ұсынды. Бұл ұсыныс төңкеріс жасаумен пара-пар болды. Америкалық тарихшы Дэвид Питер АҚШ-тың Иранның ішкі істеріне араласуы, әсіресе 28 мордод төңкерісі туралы: "Иранға араласу біз үшін қымбат аяқталды. Америкалық компаниялардың қажеттіліктері АҚШ-ты Ирандағы оқиғаларға шырмады",- деп жазды.
АҚШ-тың президенттік сайлауына демократтар партиясының өкілі ретінде қатысқан Берни Сандерс 2016 жылдың 11 ақпанында Хиллари Клинтонмен өткізген пікірталата Американың басқа елдердің үкіметтерін құлатуға қатысқаны туралы: "АҚШ-тың үкіметтерді құлатуға қатысты араласушылық әрекеттері 50-60 жыл бұрын басталды. Соның бірі 1953 жылы Мосаддеқ үкіметін құлатуы болды. Ешбір америкалық Мосаддеқті танымайды. Ол Иран халқының сайланған Премьер-министрі болды. Ол АҚШ пен Британияның мүдделері үшін билікиен кетірілді. Нәтижесінде Иранда шаһ диктатурасы орнатылды. Содан соң сіздер ирандықтардың революциясына куә болдыңыздар. Сондай-ақ, қазір көріп отырған жағдайға жеттік. Қаламаған әрі күтпеген жағдайға тірелдік..",- деді. Сандерс сондай-ақ, CNN арнасына берген сұхбатында: "Ирандағы демократиялық жолмен сайланған премьер-министр Мосаддеқтің құлатылуы апат болды. Менің сөзімнің негізгі түйіні – АҚШ үкіметтерді құлатуды көздемеуі керек. Менің ойымша, заң немесе ахлақ тұрғыларынан АҚШ-тың басқа елдердің үкіметтерін биліктен алып тастайтын құқығы жоқ. Бұл әрекеттер көбінесе тері нәтижеге ие болып, әртүрлі аймақтардағы тұрақсыздықтарға себеп болды",- деді.
АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандықтары Иранның Вашингтонның алдында бас июге келіспеуімен байланысты. Бүгінде Вашингтонның Иранға қарсы психологиялық соғысы мен дұшпандығы шиеленісті кезеңге енді. Қытайдың Синьхуа ресми ақпарат агентттігі: "АҚШ санкциялар мен басқа да экономикалық құралдарды пайдалану арқылы Иранға қысым көрсетіп, Теһранның Таяу Шығыс аймағына ықпал етуіне тыйым салып, экономикасына қиындық тудыруды көздеуде",- деп жазды.
Иран халқының абырой-айбыны және Ислам революциясын қорғау жолында өмірлерін қиған жүздеген мың шәһиді мен ардагерлерімен қазіргі жағдайдан өтетініне күмән тумайды. Трамп экономикалық лаңкестік пен біржақты заңсыз санкциялар мен әлемдік қоғамға қысым көрсету арқылы Иранға қарсы психологиялық соғыс бастап, Иранды оқшауландырғысы келеді. Бірақ, Иран халқының үстемшілдерге қарсы қырық жылдық табандылығы АҚШ-тың еш уақытта өз мақсатына жетпейтінін көрсетті.