Ақп 12, 2019 21:36 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 33

Иран Ислам республикасы революциясының жеңісінің басынан осы кезге дейін сан рет АҚШ-тың дұшпандықтарымен бетпе-бет келіп, cолардың бәрінен еңселерін биік ұстап өтті.

Егер олардың дұшпандықтардың тізіміне шолу жасайтын болсақ, 1979 жылдың ақпан айында революция жеңіске жеткеннен кейінгі АҚШ Орталық Барлау Басқармасының офицерлері революциядан кейінгі ерекше жағдайды пайдаланып, маңызды аймақты ұлттық, ұлтаралық және мазхабаралық дағдарыстарға тіреп, әскери және қауіпсіздік салаларында қоқан-лоққы көрсетуге талпынды. Бұл салада Теһрандағы тыңшылық ұясы болған АҚШ елшілігі Иранда дағдарыс тудырып, революцияның негізгі күштерін әлсіретіп, діни басшы мен революцияшыл жастардың арасында іріткі салуға шоғырланды.  Бірақ 1979 жылдың 4 қарашасында (13 абан) имам Хомейнидің ұстанымын қолдайтын студенттер Теһрандағы АҚШ елшілігін басып алып, жүздеген құжатқа ие болып, елшіліктің тыңшылық жұмыстары мен болмысын әшкереледі. Американың бұл кезеңдегі мақсаты Ирандағы революцияшыл қозғалысты әлсірету болды. Алайда Американың тыңшылық ұясы басып алынғаннан бері Вашингтонның жобалары залалсыздандырылды. Америка тыңшылық ұясының әшкереленуін жасыру үшін Иранды елшілікті кепілдікке алды деп айыптап, Иранда әскери әрекетті іске асыру жобасын ұсынды. АҚШ өзінің әскери шабуыл әрекеті туралы Иранмен шекаралас кейбір мемлекеттермен ақылдасып, 1980 жылдың 25 сәуірінде түнделетіп, бірнеше әскери ұшақты Иранның шығысындағы шалғай аймаққа жеткізді. Бұл аймақ Табас даласында орналасты. Бұл шабуыл және америкалық ұшақтар мен тікұшақтардың Табас даласында қалуының әшкереленуімен сол кездегі АҚШ Президенті Джимми Картер әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырағанын жариялады. Америка Табастағы әскери жобасы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін оның орнына басқа екі жобаны жобалады. Олардың бірінші жобасы Нуже әуебазасында төңкеріс жасау болды. «Ниқаб» деген төңкерісті жобалауға Американың Орталық Барлау Басқармасы (ОББ), Ирактың БААС режимі, Парсы шығанағының оңтүстігіндегі мемлекеттер мен Ислам революциясына қарсылас әскерилердің бірқатары қатысты. Бұл сұм жоба іске асырылудан бұрын әшкереленіп, оған қатыстылар тұтқындалып, АҚШ қастандығының болмысы тағы әшкереленді. Бірақ Американың екінші жобасы Иранға қарсы кең ауқымды әскери шабуыл жасау болды. Бұл жобаны Ирактың БААС режимі іске асырды. Көптеген құжаттар АҚШ-тың барлау органдары мен агенттіктерінің халық үкіметтерін құлату мақсатында төңкерістер мен қастандықтарды жобалап, іске асыруға белсенді қатысқанын көрсетті. Американың қолдауымен жасалған Ирактың Иранға қарсы соғысының жобасы  да бұл тізімге қосылды.

2000 жылдан осы уақытқа дейін АҚШ пен аймақтағы оған тәуелді режимдердің әртүрлі сылтаулармен бастаған қақтығыстары мен соғыстары миллиондаған адамның өмірін қию, тынышсыздықтар, көптеген шығын мен қирандылардан басқа нәтиже әкелмеді. Иранға қарсы соғыста Саддам режимін қолдау, 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейін лаңкестікпен күрес пен әл-Қаидаға қарсы соғысты сылтауратып, Ауғанстанға шабуыл жасау, содан соң Саддам үкіметінің химиялық қаруларын жоюды сылтауратып, 2003 жылы Иракқа жасалған шабуыл АҚШ бастаған соғыстардың қатарын құрайды. Бірақ бұл кезеңде де Американың соғысқұмарлығы аяқталмады. Өткен он жылдағы араласушылықтар Ирак пен Сириядағы ДАИШ пен басқа лаңкестік топтарға қолдау көрсету, Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы аймақ елдерінің заңды үкіметтерін құлатуды, аймақ елдерін бөлшектеуді көздеп жалғасты. АҚШ-тың қазіргі  және  бұрынғы кездердегі әрекеттеріне шолу жасап, Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың саясатын соғысқұмарларды қолдау деп атады. Бұл ащы шындық АҚШ саясаттарының ажырамайтын бөлімі. АҚШ Теңіз күштерінің бұрынғы офицері Харлан Ульман өзінің естелік кітабында Вьетнам мен Ирактың екінші соғыстарына  тоқталып: «АҚШ тарихында америкалық әскерилер әділетсіз соғыстарға жіберілген сайын біз сол соғыстарда жеңілдік.  Өкінішке орай, АҚШ көптеген соғыстары мен әскери араласуларын кейін қате деп дәлелденген мәліметтер бойынша бастады. АҚШ жиырмасыншы ғасырдағы ойлану тәсілінен бас таптуы керек. Сөйтсе, бәлкім, өзінің келешектегі әскери сәтсіздіктерінің алдын алар"деп жазды.

Өткен жылдар мен он жылдықтардағы АҚШ сыртқы саясатына жасаған шолу бұл ел саясаткерлерінің негізгі мақсатының революцияға әсер етіп, Ислам респубикасының қауіпсіздік кеңістігіне ену екені анықталады.

Ислам революциясының жетекшісі сан рет бұл мәселеге назар аудартып: «Қазіргі Американың болмысы Рейган кезіндегі америкалық болмыс секілді. Олардың демократтары мен республикашыларының арасында еш айырмашылық жоқ»,- деп қуаттады. Иранның діни жетекшісінің сөздері АҚШ-тың аймақ пен әлем деңгейіндегі мақсаттары мен олардың аймақ пен әлем халықтарының қиындықтарының көбінің негізгі себебі екенін көрсетеді.

 

 

Тегтер