Ақп 14, 2019 13:33 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (30)

Ислам революциясынан кейін Иран тарихында бірінші рет 52520 ауылдың 99 пайыз тұрғыны электр қуатына қол жеткізді. Қалалар да бірінші рет электр қуатымен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Елдерде электр қуаты саласының даму көрсеткіші үш маңызды элементтен тұрады: біріншіден, әрбір елде электр қуатын тұтынудың орташа есебі қандай? екіншіден, елдерде жаңа қуат көздері қаншалықты тұтынылады? үшіншіден, халықтың электр қуатына қолжетімділігі қандай? Бұл көрсеткіштер Халықаралық электр қуаты агентігі тарапынан есептеледі. Тұрақты 30 мүшесі бар агенттіктің орталығы Парижде орналасқан. Иран бұл агенттікке мүше емес. Алайда осы агенттіктің есебіне сәйкес, Иран бірінші рет 2011 жылы электр қуаты саласының даму көрсеткіштері тұрғысынан әлемде екінші орын алды. Революцияға дейін бүкіл елде тек 4350 ауылда электр қуаты болған. Революциядан кейін ел тарихында алғаш рет 52520 ауылдың 99 пайыз тұрғыны электр қуатына қол жеткізді. Қалалар да бірінші рет электр қуатымен 100 пайыз қамтамасыз етілді.