Ақп 17, 2019 11:55 Asia/Almaty
  • Иранның жетістіктері (31)

Робототехника ғылымының негізін 1948 жылы Норберт Винер (Norbert Wiener) қалады.

Алғашқы робот 1961 жылы АҚШ-та жобаланып, жасалып, зауыттарға орнатылды. Адам пішіндес роботты 1967 жылы жапондықтар жобалады. Иранда робототехника ғылымы Ислам революциясынан кейін пайда болды. Алғашқы робототехника инженериясы факультеті 2002 жылы құрылды. Осы уақытқа дейін Иранда RoboCop ойындарының 13 кезеңі өткізілді. Олардың мақсаты әлемдік жарысқа қатысу үшін отандық робототехникалық командаларды нығайту болды. 2017 жылы жарысқа қатысатын командалардың саны 80-нен 478-ге жетті. Қазвиннің Азат университеті робот технологиясы бойынша ел ішінде үздік саналады. Бұл университет 2012 жылы Мексикада робот құрастырудан өткен әлем чемпионатында жәрдемдесуші роботтар бойынша және 2003 жылы Нидерландыда өткен әлем чемпионатында робот-симуляторлар бойынша, 2004 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында  робот-симуляторлар бойынша бірінші орындарды алды.