Ақп 18, 2019 10:45 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 34

АҚШ сан рет Иранды соғыс және әскери күш қолданумен қорқытты. Бірақ еш уақытта шабуыл жасауға батылы жетпеді. Сондықтан Иранға соққы беру құралы ретінде аймақтағы соғысқұмар одақтастарын пайдаланды.

 

Иран таңылған сегіз жылдық соғыста көп зардап шекті. АҚШ пен аймақтағы одақтастары саналатын Парсы шығанағы аймағындағы кейбір араб шейхтерінің қарулары мен зымырандарынан, бомбалары мен барлау әрекеттерінен мыңдаған жазықсыз адам қаза болды. Бұл теңсіз соғыста Иран мен Ирактың жүздеген азаматы кейбір Батыс үкіметтерінің Саддам Хосейнге сыйлаған химиялық және микробтық қаруларының құрбаны болды. Бірнеше жыл бойы Иран қалалары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің үнсіздігінің, сондай-ақ, АҚШ пен одақтастарының қырып-жоятын әртүрлі зымырандарымен жасаған шабуылдарынан мыңдаған жазықсыз бейбіт халық үйлерінде жерленді.

АҚШ сан рет Иранды соғыс және әскери күш қолданумен қорқытты. Бірақ еш уақытта шабуыл жасауға батылы жетпеді. Сондықтан Иранға соққы беру құралы ретінде аймақтағы соғысқұмар одақтастарын пайдаланды.

1972 жылдан Иран-Ирак соғысының ортасына дейін Бағдадта АҚШ-тың мүддесін қорғайтын 14 дипломаттан тұрған кеңсе болды. Бірақ Саддам режимінің сәтсіздігі қарсаңында 1983 жылдың қараша айында АҚШ мәлімдемесінде: «АҚШ  үкіметі Ирактың Иранға қарсы соғыста жеңілмеуі үшін заңға сәйкес барлық қажет әрекетті іске асырады»,- деп жариялады.

АҚШ бұл ұстанымымен шапқыншы режимді қолдайтынын көрсетті. Кейін де АҚШ Бағдадпен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатқаннан 17 жылдан кейін Ирак режимімен саяси қарым-қатынасын қайтадан орнататынын жариялады. Саяси мәселелер бойынша эксперттердің бірі Тиммерман бұл туралы: «АҚШ бұл әрекетімен Саддамға Иранға шабуыл жасауға рұқсат берді»,- деп жазды.

Батыстық демеушілер, әсіресе АҚШ үкіметі соғыс кезінде Иран халқының қарсыласуымен бетпе-бет келген кезде Саддамды қолдап, Иракқа жаппай қырып-жоятын химиялық қару жіберуге шешім қабылдады.

Ирактың БААС режимі Саддам Хосейннің басшылығымен жиырмасыншы ғасырдың 80-ші жылдары АҚШ, Франция және олардың араб одақтастарының әскери, қару-жарақ және барлау салаларындағы қолдауымен Иранға қарсы соғыс бастады. Бірақ соғыс шапқыншылардың жеңілісі, Иранның жеңісімен аяқталды.

Америкалық United Press International ақпарат агенттігі Саддам тұтқындалғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде: «Өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Саддамның химиялық-микробтық бағдарламаларының АҚШ-тың қолдауынсыз мүмкін болмайтыны  бүгін белгілі болып отыр»,- деп жазды. Сенаттың Сыртқы қарым-қатынас комитетінің сол кездегі қызметкерлерінің бірі: «Негізінде Ирак халықаралық заңдарды бұзып, жаппай қырып-жоятын қаруды пайдаланған сайын АҚШ-тан бұрынғыдан көбірек көмек алып, оның қаржылай және саяси қолдауына ие болды. Біз Саддамның әрекеттеріне әсер еттік, өйткені оны елдің ішіндегі өлім-жітімге бола жазаға тартылмайтынына сендірдік»,- деді.

American Type Culture Collection ғылыми компаниясы 1986 жылы Бағдадқа химиялық және микробиологиялық ауруларға себеп болатын бес түрлі ботулотоксин мен үш түрлі бруцелланы жіберді. АҚШ үкіметі өзінің міндеттемелерін орындамау саясатын жалғастырып, халықаралық заңдарды бұзды. 

Саяси мәселелердің маманы, үниверситет ұстазы Сиямак Бағери: «Батыс мемлекеттері қырып-жоятын химиялық қарудың бірінші қолданушысы болғанымен бірге олардың бірінші экспорттаушылары да саналады. Иранға қарсы соғыста Ирак өзінің химиялық қаруын германиялық, америкалық және британиялық 150 компания арқылы қамтамасыз етті»,- деді.

Химиялық соғыс ХХ ғасырдың басында Бірінші дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс басталып, ХХ ғасырдың соңында Ирактың Иранға қарсы химиялық шабуылымен арта түсті.  ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф химиялық және микробиологиялық қарулармен күрестің ұлттық күні Сардаштқа жасалған химиялық шабуылдағы құрбандар мен сол оқиғадан аман қалғандарды еске алып: «Сегіз жылдық соғыс кезіндегі бұл ащы оқиға Иран халқының мазлұмдығын көрсетті»,- деп жазды. Бірақ АҚШ-тың Иранға қарсы қылмыстары аяқталмады. Вашингтонның Бағдадпен келісімі бойынша, АҚШ соғыстың соңғы жылы іс жүзінде Иранға қарсы соғысқа енді. АҚШ қылмыскер Саддамды тікелей қолдап, 2008 жылдың шілде айында Бандар-Аббастан Дубайға ұшып бара жатқан жолаушы тасымалдайтын ирандық ұшақты өзінің теңіз күштерінің Vincennes әскери кемесінен зымыранмен атып, Парсы шығанағына құлатты. Соның салдарынан ирандық азаматтармен бірге 46 шетелдік және 66 бала, жалпы саны 290 жолаушы қаза болды. АҚШ еш уақытта бұл оқиғаға қатысты Иран халқынан кешірім сұрмады. Сондай-ақ, Vincennes-тің ешбір әскериі жауапқа тартылған жоқ. Керісінше АҚШ әскери кемесінің капитаны Уиль Роджерс медальмен марапатталды. АҚШ-тың бұл қылмыстары мен араласушылықтары соғыс кезеңімен шектелмейді. Бұл үдеріс АҚШ саясатының ажырамас бөлігіне айналды. АҚШ аймақты қорқынышты саясаттарымен шырмады. Миллиондаған адам АҚШ-тың аймақтағы соғысқұмарлығы және Сирия, Ирак пен Ауғанстандағы лаңкестіктерді қолдауы салдарынан босқынға айналып, жүздеген мың адам қаза тапты. Йеменнің қорғансыз халқы бомбалардың нысанасына алынып, мазлұм палестиналықтар бүгінде заңсыз сионистік режим апартеидінен зардап шегіп жатыр.    

Ислам революциясының жетекшісі бұл шындыққа қажыларға арнаған жолдауында тоқталып: «Үстемшіл әрі қылмыскер Американың әрекеттеріне назар аударсаңыздар, олардың Ислам мен мұсылмандарға қатысты негізгі саясатының соғысқұмарлық екенін көресіздер. Олар мұсылмандарды бір-бірінің қолымен өлтіруді мақсат етіп отыр. Олар залымдарды езілген халықтарға қарсы қойып, залымдарды қолдап, солардың қолымен жазықсыздарды рақымсыздықпен басып-жаншып, бүлік өртін өршітіп жатыр»,- деді.

 

 

 

 

Тегтер