Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 35
Санкциялар өткен қырық жылдағы АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясаттарының маңызды бөлігі болды. Америкалық басшылар Ислам республикасы жүйесі құрылғаннан кейінгі жылдары Иранның дамуының алдын алу үшін үздіксіз әрекет жасады. Сондықтан санкциялар АҚШ-тың өз мақсаттарына жету жолындағы құралдарының бірі болды.
АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының тізімі «тыңшылық ұясына» айналған Теһрандағы АҚШ елшілігінің басып алынуынан басталды.
1979 жылдың қараша айының он төрті күні АҚШ-тың Ирандағы тыңшылық жұмыстары әшкереленген соң бұл елдің сол кездегі Президенті Джимми Картер өз еліндегі ирандықтардың есеп-шоттарын бұғаттауды бұйырды. Бұл шешімнен кейін АҚШ үкіметі 1980 жылы Иранға қарсы кең ауқымды экономикалық санкция салып, ресми түрде Иранға қарсы экономикалық эмбарго жариялады.
Бұл санкциялар АҚШ-тың Иранға қарсы құлдыраулар мен шарықтауларға толы авантюрасының басталуы болды. Әртүрлі сылтаулар және қоқан-лоққылар мен зорлық-зомбылықтарды жалғастыру құралы ретінде енгізілген санкциялар күннен күнге арта түсті.
1984 жылы Бейрутте бомба жарылысы болған кезде АҚШ Иранды айыптап, Иранға қарсы санкциялар тізімін арттыруға сылтау тапты. Сол кезде АҚШ Иранды лаңкестікті қолдайтын елдердің тізіміне енгізді.
1995 жылдың сәуір айының 30 күні АҚШ-тың келесі президенті Билл Клинтон өз елінің компанияларына Иранмен сауда жасау және инвестиция салуға тыйым салатынын жариялады. 1996 жылы бекітілген Иран мен Ливияға санкция салу туралы заң америкалық емес компанияларға да Иранның энергетикалық бөліміне инвестиция салуға тыйым салған келесі дұшпандық әрекет болды. Билл Клинтон Д'Амато және ILSA заңдары арқылы санкцияларды арттырды.
Бұл үдеріс 2001 жылы артып, АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық санкциялар салуы саласында жаңа ағымдар пайда болды. Бұл санкциялар ағымында АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға қарсы қаржы саласында санкциялар салып, тіпті Иранға құны 100 доллардан асатын сыйлық жіберуге және ирандық компаниялармен қаржы мәмілелерін жасауға тыйым салды.
2007 жылдың қазан айының 25 күні АҚШ Қаржы министрлігі айыптауларымен ирандық банктер мен Ислам революциясы Сақшылар корпусына қатысты бірқатар ұйымдар мен компанияларды өзінің санкциялық тізіміне енгізді. Сондай-ақ, Әлемдік банк AIPAC сионистік лоббидің күшін пайдаланып, бұл банктер мен ұйымдарға қызмет көрсетпейтінін жариялады.
Президенттік сайлау қарсаңындағы сөздерінде Иранмен ешбір шартсыз келіссөз жүргізуге әзірлігін жариялаған АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама 2009 жылдың 12 наурызында Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күшін созып, Иранға қатысты бұл ұлттық төтенше жағдайды тағы бір жылға созатынын жариялады. Ол Иранды АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін «ерекше қауіп» деп бағалап: «Иран үкіметінің шешімдері мен саясаттары АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне қайшы әрі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясаты үшін ерекше қоқан-лоққы болып табылады»,- деді.
2011 жылдың соңында АҚШ шетелдік компаниялар мен қаржы ұйымдарына Иранның санкция салынған банктерімен, соның ішінде Иранның Орталық банкімен сауда жасауға тыйым салды. Бұл әрекеттен кейін өткен жылдардағы ағымдар мен оқиғаларды сылтауратып, Иранның активтерінен заңсыз пайдалануға кірісті.
2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі лаңкестік шабуылдан кейін Джордж Буш лаңкестікті қолдайтын заңды және жеке тұлғалардың мүліктері мен ақшаларын бұғаттауға рұқсат ететін заңды бекітті. Бұл заңға сай Иранның ішіндегі және сыртындағы заңды және жеке тұлғаларының бірқатары санкциялық тізімге енгізілді.
Иранның ядролық тақырыбына қатысты әрекеттер де Иранға қарсы санкциялардың келесі толқынына себеп болды. Бұл саяси ағым АҚШ-тың қысымымен Қауіпсіздік кеңесінде Иранның ядролық бағдарламасына қарсы қарарлардың бекітілуіне себеп болды. Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қисынсыз уәждер бұл Кеңестің Иранғы қарсы алты қарар бекітіп, бұл елдің БҰҰ Жарғысының жетінші бабының бақылауына алынуына соқтырды. Бұл қастандық «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен 2015 жылдың 20 шілдесіндегі Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарымен тоқтатылды. Ядролық мәселеге қатысты келісімнің бекітілуімен Еуроодақ белгіленген кестесі бойынша бірте-бірте өз санкцияларының күшін жойды. Бірақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бекітілуінен екі жыл өтпей, АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл келісімді «жаман келісім» деп атап, Иранға қарсы санкцияларды қайтадан салу үшін сылтау тапты. Бұл ұстанымымен Трамп 2018 жылдың мамыр айының 8 күні біржақты шешімімен АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан ресми шыққанын жариялап, Иранға қарсы біржақты санкцияларды қайтару шешіміне қол қойды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасыынан шығуы АҚШ-тың Иранға қарсы бұрынғы және қазіргі әрекетінің айырмашылығының жоқ екенін көрсетті.
ИИР Президенті Хасан Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясында АҚШ үкіметінің зорлық-зомбылық саясатына тоқталып: «Трамп үкіметі халықаралық заңдарға қайшы Қауіпсіздік кеңесі бекіткен жан-жақты келісімнен шығып, ИИР-н екіжақты келіссөздерге шақырады. Бұл үкімет осы уақытқа дейін өзінің үкімет екенінен хабардар емес, келісімдерді бұзып, үкіметтердің жауапкершілігін түсінбейді»,- деді.
АҚШ басқа елдерден «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуды талап етуде. Ең қауіптісі, АҚШ-тың барлық елдер мен халықаралық ұйымдарды Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарына сай әрекет ететін болса, жазалауға ұшыратумен қорқытуы болып отыр. Бұл қоқан-лоққы баршаны заңға бағынбауға шақыру және заңды орындаушыларды жазалаумен қорқыту болып табылады. Бұл БҰҰ-ның тарихындағы бірінші жағдай. Бұл әдіс тек «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен шектелмейді, АҚШ тіпті халықаралық сотқа да осы ұстанымын білдірді. Рухани БҰҰ Бас ассамблеясының трибунасынан АҚШ басшыларына: «Иранға қатысты тарихи шындықты қабылдаңыздар. Санкциялардан бас тартыңыздар. Егер армандарыңыз бейбітшілік болса, әлем Ираннан артық дос таппайды»,- деп баса айтты.
Алайда АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен санкцияларды қайтаруға қатысты саясатының мақсаты Иранды АҚШ-қа артықшылық беруге мәжбүрлеу. Бірақ АҚШ Иранның еш уақытта Вашингтонның алдап-арбауына бағынбайтынын білгені жөн.
Ислам революциясының жетекшісі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімінен сабақ алу қажеттігі туралы сөзінде: «Бүгінде АҚШ-тың уәдеге тұрақсыздығы анықталып, ел басшылары бұл мәселені мойындаған жағдайда, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын АҚШ-пен кеілссөз жүргізудегі келесі бір сәтсіз тәжірибе деп атауға болады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы біз үшін үлгі, әрі тәжірибе болды. Олар сырт көзге уәде беріп, жұмсақ тілмен сөйлегенімен, іс жүзінде қастық жасап, жұмыстардың ілгерлеуіне кедергі болады. Бұл – АҚШ, бұл – тәжірибе»,- деді.