Ақп 27, 2019 13:35 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 38

Иранның Ислам революциясының жеңісімен халықаралық қатынастар саласындағы монополия аяқталды. Бұл үлкен өзгеріс тарихи референдумның нәтижесінде Ислам республикасы жүйесінің құрылуымен орын алды.

Ислам республикасының жүйесі діни құндылықтарға сүйеніп, әлемдік алпауыттардың біржақты саясаттарын қабылдамай, халықтардың өз тағдырын анықтауында маңызды рөл атқарды. Бұл құбылыс әлемдік жүйелерге таңылған үлгілерді дағдарысқа тіреді. Бұл дағдарысты АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының басталуы санау керек. Дұшпандықтың қырық жылдығында Иран халқы абыройы және күш-қуатымен өзінің революцияшыл мақсаттарына табандылық танытып отыр. АҚШ Ислам републикасы жүйесіне қарсы дұшпандығын бір сәтке тоқтатқан емес. Бүгінде Трамп кекшілдікті арттырып, Иранға соққы беріп, дұшпандық көрсетуді өзінің сыртқы саясатының маңызды мәселелерінің бірі ретінде қалыптастырды. Бірақ, Ислам республикасы сындарлы стратегиясымен қоқан-лоққыларды мұрсаттарға айналдыру саласында қадам басты. Бұл факторлар халықтар арасында билеп-төстеуші жүйеге қарсы табандылықты нығайтқан Иранның Ислам революциясының «жұмсақ күшінің» белгілері. АҚШ-тың ИИР-на қарсы саясаты басынан бастап, қате болды. Иран халқының сұраныстарына қарсы ұстанымның сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі. Иранның өзінің тарихы, өркениеті және мәдениетімен геополитикалық маңызды орынға ие екенін теріске шығаруға болмайды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен жылдың тамыз айында халықтың әртүрлі таптарымен кездесуінде америкалық басшылардың өткен айлардағы дөрекіліктеріне тоқталып: «Олар бұрын да саяси және дипломатиялық әдепті тек сөздерінде ғана сақтады. Бірақ, АҚШ-тың қазіргі режимі дүниемен ұятсыз, әдепсіз түрде сөйлесетіндері сондай, ұяттан мүлдем жұрдай болған»,- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ режимі басшыларының әдепсіз сөздеріне тоқталып: «Олар соғыс мәселесін анық айтпай, астыртын сөйлеп, Иран халқын қорқыту үшін соғыс туралы сөз қозғап отыр. Соғыс болмайды. Біз еш уақытта соғыс бастамаймыз, америкалықтар да шабуыл бастамайды, өйткені, өздеріне шығын келтіретінін біледі. Ислам республикасы мен Иран халқы кез келген шапқыншыға қатты соққы беретінін дәлелдеді. АҚШ күші болғандықтан, құқығы бар деп ойлайды. Олар құдырет деп заңды күшті емес, зорлық-зомбылықты санайды. Ешбір үкімет пен халықты зорлық-зомбылықпен келіссөз үстеліне әкелуге болмайды.

Иран Ислам революциясының басынан осы уақытқа дейін жеңісінің қырық жылдығында дұшпандардың бүліктері мен қастықтарына қарсы тұрып, дұшпанға қарсы табандылығынан бас тартқан жоқ. ИИР бұл жолда халықаралық құқықтарға табанды болды. Иранның саясаты айқын. Иран соғыс, санкция, қоқан-лоққы мен зорлық-зомбылықты қолдамайды. Иран тек міндеттемелері мен заңға сай ғана әрекет етеді. Иран бейбітшілік пен шынайы демократияны қолдайды. Ислам республикасы әрқашан саяси және халықаралық мәселелерге бейбіт ұстаным білдіріп, ешбір елмен соғыспайды. Осыған орай шекаралас елдермен қарым-қатынасты кеңейтіп, аймақтың қауіпсіздігі мен дамуын арттыру – Иранның сыртқы саясатының басты мәселесі. Иранның пікірі бойынша, Парсы шығанағы аймағы үшін ортақ механизм құру үдерісіне аймақтың барлық елі қатысуы қажет. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазының қауіпсіздігі әрқашан Иран үшін маңызды болды. Иран халқы еш уақытта қоқан-лоққы, қысымдар мен қастықтардан қорыққан емес. Қасиетті қорғаныс кезеңі мен қырық жылдағы дұшпанның әртүрлі әрекеттері мен қастықтарына қарсы табандылығы бұл тақырыпты дәлелдеді.

АҚШ-тың мақсатының исламдық Иранның күш-қуатына соққы беру екеніне күмән тумайды. АҚШ әсіресе әлеуметтік желілер арқылы Иран мен аймақты және өздерін теріс көрсету арқылы Иранның қоғамдық ой-пікірін шындықтан бұрмалағысы келеді.

АҚШ-тың саясаты қауіпсіздік саласында дағдарыс тудырып, Иранның тұрақтылығы мен ұлттық бірлігін бұзуға шоғырланған. Ислам революциясының жетекшісі: «Америкалықтар «қатты күш» құралдарына ие болғанымен мықты емес. Өйткені, әлемдік қақтығыстардың негізгі факторы «жұмсақ күш» саналады.  АҚШ бұл салада әлсіз, сондықтан қисыны мен дәлелі болмағандықтан зорлық-зомбылыққа сүйенеді. Бұл америкалықтар мен олардың нөкерлерінің қырық жыл бұрынғы Ислам республикасын алты айда құлатамыз деген сөздерін еске салады. Алайда, Ислам республикасы жүйесіне қырық жыл толды»,- деді. Аятолла Хаменеи америкалықтардың 1359 жылғы Табас даласындағы сәтсіз шабуылына тоқталып: «Олар мүмкін көп нәрсені түсінбеген болар. Бірақ, Иранға шабуыл жасаудың салдарын түсінген болар»,- деп қосты.

Дұшпан Иран халқын «ел тығырыққа тірелді, АҚШ-қа бағынудан басқа жолы қалмады» деп сендіргісі келеді. Ислам революциясының жетекшісі бұл тақырыпқа назар аударып: «Мұндай оқиғаның болмайтыны шәксіз. Илаһи көмек және халық пен жастардың қолдауымен шамам жеткенше елде мұндай жағдайдың орын алуына рұқсат бермеймін»,- деп қуаттады.

Бүгінде әлемдік революциялардың сарапшылары Иран ислам революциясының АҚШ-тың дұшпандықтары мен қастандықтарына қарамастан жеңісінен қырық жыл өткенімен армандарынан алыстамағанымен қатар Иран халқының революцияның армандарына табандылық танытып, дамып келе жатқанын мойындайды. Ислам республикасы жүйесі таңылған соғыстан, экономикалық қоршау мен кең ауқымды әділестіз санкцияларға қарамастан жолын жалғастырып, революцияның құндылықтарына сүйеніп, өзінің бесінші онжылдығын Иран халқының жеңіс жылдарына айналдырады.

 

Тегтер