Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 39
Стратегиялық тұрғыдан қауіпсіздік тақырыбы қорғаныс өнеркәсібіндегі білім және тәжірибемен тікелей байланысты. Сондықтан қорғаныс өнеркәсібінде тәжірибесі жоқ немесе тәжірибесі аз мемлекет тәуелді болады.
Қорғаныс құдіреті факторларының бірі қорғаныс және әскери стратегиялық әлеуеттерді қоқан-лоққыларға сай сақтап, одан сайын арттыру болып табылады. Ислам республикасы жүйесінің көзқарасы бойынша, қорғаныс өнеркәсібі мен стратегиялық құдыретін арттыру саласындағы маңызды факторлардың бірі – әскери саладағы ахлаққа көңіл бөлу. Сол себепті Иранның қорғаныс күш-қуатын нығайту жолында әртүрлі шектеулер қарастырылған. Мәселен, Иранның діни сенімдері бойынша, жаппай қырып-жоятын химиялық және ядролық қару-жараққа тыйым салынған. Бұл негіз Иранның исламдық республика жүйесі құдыретінің тірегін құрайды. Бұл күш-қуат үстемшіл құдыреттер, әсіресе АҚШ үшін елеске айналды. Иранның қорғаныс өнеркәсібінің жетістіктері – елдің шапқыншыларға қарсы табандылығы мен ғылыми дамуының нәтижесі. Иран қорғаныс саласында көңіл аударарлық дамуға қол жеткізіп, қоқан-лоққыларға қарсы күш-қуаты мен қауіпсіздігінің негіздері күшейді. Иран қарулы күштері бүгінде қорғаныс өнеркәсібінің «қатты» және «жұмсақ» құралдары салаларында ерекше орынға ие. Бұл дамудың негіздері Иранға қарсы соғыс пен жан-жақты қоршаулар кезінде басталып, қазір жергілікті күшке сүйеніп, қысқа мерзімде жаңа зымырандар шығарып, Ислам республикасының қорғаныс саласындағы әлеуетін көрсетті. Иран қасиетті қорғаныс кезеңіндегі тәжірибелері мен жергілікті білімді пайдаланып, қоқан-лоққылармен күресу үшін қажет түрлі баллистикалық зымыран шығарды. Америкалық стратегиялық зерттеу халықаралық ұйымы өз мәлімдемесінде Иранды баллистикалық зымырандарға ие ел деп атап: «Кейбіреулер қару-жарақ санкциялары Иранның технология саласындағы дамуының алдын алды деп санайды, бірақ бұл мемлекет санкцияларға қарамастан өз әлеуетін жақсартатын әдістерді тапты. Халықаралық санкцияларға қарамастан ирандық инженерлер ұшқыштарға қажет бөлшектер шығару мен ұшқышсыз ұшақтар саласында жұмыстарын жалғастыруда»,- деп жазды.
Иран еш уақытта басқалардың шекаралары мен мүдделеріне шабуыл жасауды көздеген жоқ. Бірақ, қажет жағдайда қоқан-лоққыларды жою үшін өзінің әскери күшін көрсетеді.
Қазір ИИР Қарулы күштері өз елін кез келген шабуылдан қорғай алады. Саяси мәселелер бойынша сарапшы Шаһаб Шағбаниниа: «ИИР сегізжылдық соғыстан алған тәжірибелерімен бірге өзінің қорғаныс стратегиясын зымыран шығару үшін пайдаланып, әлемде төртінші зымырандық алппауытқа айналды»,- деді.
Бұл әлеуеттің бір бөлігі Иран Армиясы құрлық күштерінің «Эқтедар 97» әскери жаттығуларында көрсетілді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 2016 жылдың 31 тамызында Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрлігінің басқа басшылары, зерттеулері мен мамандарының ортасында қорғаныс әлеуетін арттыруды ИИР-ның заңды құқығы деп атады. Стратегиялық әлеуетті арттыру – революцияның бесінші он жылдығындағы қарулы күштердің қажет негіздерінің бірі. Иран осы күні стратегиялық алпауыт, тіпті шапқыншылық мүмкіндігі тұрғысынан аймақтағы бейберекеттіктерге қарсы тұра алатын деңгейге жетті. Жергілікті зымырандық қуаты ИИР негіздерінің бірі саналады. Сарапшылардың көбінің пікірі бойынша, Иран – құдыретті елдердің бірі.
АҚШ бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл осыдан бірнеше жыл бұрын Иранның қорғаныс құдыреті туралы: «Мен саудиялық достарымызға Иранмен ұрыс-керістен бас тартуға кеңес беремін. Өйткені, бұл мемлекет Сауд Арабиясын бірнеше сағаттың ішінде өнеркәсіп ғасырынан бұрынғы кезеңге қайтара алады»,- деген болатын. Пауэлл саудиялық үш эксперттің бірнеше сағаттың ішінде Иранның әуе кеңістігін өз бақылауына ала алатыны туралы уәждеріне реакция білдіріп: «Егер Иран сіздермен соғысатын болса, сіздердің тіпті телефонды алып, бізден көмек сұрауға да уақыттарыңыз болмайды. Тіпті, біздің өзіміз осы уақытқа дейін мұндай уәж айтқан жоқпыз»,- деді. Батыстықтардың өткен бірнеше жылда аймақта орнатқан жағдайынан кейін Иран өз мүддесін қорғау үшін өзінің әскери күш-қуатының азғана бөлігін қолдануға мәжбүр болды. Енді батыстықтар Иран шекараларының Жерорта теңізіне дейін кеңейгені туралы сөз қозғап, ирандық әскерилердің Сириядағы құзырына наразылық білдіруде.
АҚШ-тың негізгі алаңдаушылығы Иран халқының табандылығы мен тәуелсіздігімен байланысты. АҚШ Иранның тәуелсіздігіне ашулы. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы осыдан біраз уақыт бұрын Иранмен келіссөз жүргізудің шарттарын баяндады. Шарттары олардың мақсатын көрсетті.
2018 жылдың 21 мамырында Помпео «Иран баллистикалық зымыран бағдарламасын тоқтатуы керек»,- деп мәлімдеді. 2017 жылдың тамыз айында American Enterprise Institute: «Иран баллистикалық зымыран шығару мүмкіндігіне ие болды. Иранның баллистикалық зымырандары – елдің стратегиялық әлеуетінің негізі»,- деп жазды.
Иран бүгінде зымыран, радар, бронетранспортер мен ұшқышсыз ұшақ шығаратын үздік елдердің бірі. Иранның Қорғаныс министрлігінің стратегиясы жергілікті күштер мен мүмкіндіктерді пайдаланып, басқа елдерге тәуелді болмауға негізделген.