Нау 06, 2019 23:10 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жеңісінен 40 жыл өткеннен кейінгі Иран 40 (Соңы)

Иран Ислам революциясы – өткен 200 жылда аймақта болған ең маңызды оқиғалардың бірі. Бүгінгі күні бұл революция өзінің бесінші онжылдығына аяқ басты.

Бұл маңызды оқиға өткен қырық жылда үнемі дұшпанның көзіне қадалған тікен, зорлық-зомбылық көрген халықтар үшін үміт, сенімді тірек болды. Дұшпандардың революция мен Ислам республикасы жүйесінің жойылмай, өз жолын жалғастыруына ашу-ыза танытуы таңғалатын жайт емес. Олар Ирандағы заңсыз мүдделерінен айрылуымен бірге шаһ билігі кезінде АҚШ-тың қол астында болған Иран халқының айбыны алдында әлсіреді. Қазір Иран халқы басқа елдер мен халықтар үшін үлгі болып, алпауыт елдерге қарсы тұрып, олардан қорықпай, дамудың үлгісін көрсетті.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз мәлімдемесінде саяси тәуелділікті өте қатерлі деп атап, Иранның АҚШ-қа тәуелдігінің аяқталғанына тоқталып: «Дұшпан ИИР-ның өзгерістері мен жұмыстарына шолу жасап, Иранның артта қалған тәуелді елден күнделікті саяси, қорғаныс және ғылыми күш-қуаты артып келе жатқан елге айналғанын көріп, ашуланып, алаңдаушылық білдіріп отыр»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ режимінің Иран халқына қарсы дұшпандығының революцияның жеңіске жеткен күнінен басталғанын еске салып: «Ол күндері ядролық энергия мәселесі, зымыран немесе аймаққа араласу тақырыптары болмағанымен, америкалықтар революцияның жеңісімен тәуелді, табиғи ресурстарға бай Ираннан айрылғандарын түсінген болатын»,- деді. Сарапшылардың көбінің көзқарасы бойынша, Иранның аймақ мәселелеріне араласуы геостратегиялық Батыс Азия аймағын билеп-төстеу үшін миллардтаған доллар жұмсаған америкалықтардың абыржып, алаңдауына себеп болды.

Ирандағы Ислам республикасының жүйесі қуатты және тұрақты факторларға ие, сондай-ақ, геополитикалық және экономикалық жетістіктерін пайдаланып, аймақтағы рөлін арттырды. Ислам республикасы АҚШ-тың сұм жобаларын бұзды. Басқаша айтқанда, АҚШ қырық жыл бойы Ислам республикасынан жеңіліп келеді.  

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи 13-ші абан – «Әлемдік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күні мыңдаған оқушымен кездесуінде дұшпандықтың жалғасып жатқаны туралы: «АҚШ-тың өткен қырық жылдағы негізгі мақсаты Иранды билеп-төстеуді қайтару болды. Бірақ, Америка барлық қастандығына қарамастан өз мақсатына жете алмады.

АҚШ-тың шешім қабылдауына араласпайтын жалғыз мемлекет – ИИР. Бұл – АҚШ-тың сәтсіздігінің белгісі»,- деген болатын.

Осы үдерісті АҚШ құдыретінің құлдырауынан байқауға болады. Көптеген мәліметтер АҚШ құдыретінің құлдырағанын, сондай-ақ, бүгін АҚШ-тың қырық жыл бұрынғы жағдайынан әлсіз екенін көрсетеді.

Аятолла Хаменеи көптеген саясаткерлер мен қоғамтанушылардың АҚШ-тың «жұмсақ құдыретінің» жойылғанын мойындағанына тоқталып: «АҚШ «жұмсақ құдыретін», яғни өз пікірін басқа елдерге қабылдату әрекеті ең төмен деңгейге жетті. Әсіресе, АҚШ-тың қазіргі Президентінің билік басына келуімен халықтар ғана емес, Еуропа, Қытай, Ресей, Үндістан, Африка және Латын Америкасының үкіметтері АҚШ-тың шешімдеріне қарсылық білдіріп жатыр. Сарапшылардың пікірлеріне сәйкес, АҚШ-тың құлдырауы шындыққа айналды. Дағдарыстың екінші жағында – жастарының рухы және талпынысымен жарқын келешекке бет алған Иран халқы»,- деп қуаттады.

«Christian Science Monitor» газеті: «АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Иранның аймақтағы ықпалын азайтуды талап етті. Иран басшылары да оның сөздеріне қарсы шығып: "АҚШ басшылары 1979 жылы революция жеңіске жеткеннен бері Ислам республикасын әлсіретуді көздеді, бірақ сәтсіздікке ұшырады». АҚШ-тың қоқан-лоққылары мен қысымдары Иранның стратегиялық жоспарларын өзгерте алмайды. Ирандық басшылар Помпеоның уәждері мен АҚШ-тың жаңа стратегиясына қарсы бірікті»,- деп жазды.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың милитаризм және экономикалық салалардағы «қатты» құдыретінің әлсіреп бара жатқанын айтып: «Олар әскери құралдарға ие болғанымен, әскерилерінің бойкүйездігі мен күдік-күмәндарына байланысты өз мақсаттарына жету үшін Блек Уотер сияқты қылмыскер ұйымдарды пайдалануға мәжбүр»,- деді. Хазірет АҚШ-тың қарыздары мен 2019 жыл бюджетінің 800 миллиард долларлық тапшылығына тоқталып: «Олар бұл шындықты ұрандарымен жасырғысы келеді. Алайда, олардың тасасынан экономикалық тоқырау байқалады»,- деді.

Қара нәсілділер мен негізі африкалық азаматтарды «әжетхананың құдығы», мигранттарды «шапқыншы» деп атап, мигранттардың кішкентай балаларын рақымсыз түрде ата-аналарынан бөліп, қосындарда ұстайтын, Таяу Шығыс аймағындағы одақтасы Сауд Арабиясына ең көп мөлшерде қару-жарақ сатып, сол елдің әскери күштеріне Йеменнің жазықсыз балаларына қарсы қылмыстар жасап, кедей мемлекетте ең үлкен адами апаттың жасалуына көмектесіп, шапқыншы коалицияға қолдау көрсететін  президент басқаратын мемлекеттің   Иран Ислам Республикасын жамандайтын қандай құқығы бар?  АҚШ үкіметтерінің тарихы ішкі және халықаралық деңгейдегі масқарашылықтарға толы. Американың негізгі иелері қызыл нәсілділерді қырып-жоюы, құлдық, қара  және  түрлі-түсті нәсілділерді кемсітуі, Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастауы мен жүздеген мың жазықсыз адамды қырып-жойып, ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшақты құлатуы АҚШ басшыларының тарихта жаманатқа қалғанын дәлелдейді. Сол Себепті Ислам революциясының жетекшісі «Үлкен шайтанның» құлдырауын тарихтағы билеп-төстеушілік әрекеттерімен байланыстырып: «Илаһи сүннеттер негізінде АҚШ әлемдік билік алаңынан кетеді»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер