Нау 14, 2019 13:31 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде 1

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ұрпағы, хазірет Әлидің (ғ.с.) немерелерінен тараған имам Хомейни 14 ғасырдан кейін ұлы тұлғалардың жолын Иранда жалғастырып, олардың үкіметтерінің үлгісін Иран қоғамында орнатты.

Имам Хомейни Исламның негізгі тағылымдарына, Алла елшісі мен хазірет Әлидің (ғ.с.) жолдарына сүйеніп, Иран халқының қолдауымен ел қоғамында тамырын жайған үстемшіл жүйені құлатып, биыл қырық жылдығын тойлап отырған Ислам революциясы аясында ирандықтар үшін Ислам республикасы жүйесін құрды.

 

Саяси ойшылдар мен сарапшылардың көбі Ислам революциясын дүниежүзінде жасалған басқа революциялардан өзгеше деп санайды. Олар Ислам революциясының ерекшеліктеріне шолу жасап, әлемдегі революциялардың көбінде кездеспеген мәселелерге тоқталды. Мәселен, Ислам революциясының діни тұрғысын бұл революцияның басқа революциялардан айырмашылығының бірі ретінде көрсетіп: «Ислам революциясы дүниежүзі елдерінің көбінде дін саясат алаңынан жойылып, діни қызметкерлер мен діни органдар саяси мәселелерге араласпайтын жағдайда жасалды. Тіпті, марксизм сияқты философияларда дін халық үшін «апиын» деп аталды. Өйткені, марксизм идеологиясы бойынша, дін халыққа билік басындағылардың зорлық-зомбылығын қабылдатады. Алайда, Ислам революциясы Ислам діні мен шиіт мазхабының тағылымдарына сүйеніп, халықты билік басындағы таптың зұлымдығына қарсы жұмылдырып, қоғамдық әділет пен азаттыққа негізделген жаңа жүйе орнатты.  Үстемшілдікке қарсы болу – Ислам революциясын басқа революциядан ерекшелендіретін келесі тақырып. Үстемшілдікке қарсылық білдіру Иран  Ислам революциясының идеологиялық негізін құрайтын діни дискуссиядан тамырланды.

Ислам революциясының үстемшілдікке қарсы қырын түсіну үшін бұл революцияның уақытына назар аудару керек. Ислам революциясы әлемде екіполюстік жүйе қалыптасып, дүниежүзі елдерінің көбі олардың біреуіне тәуелді болған жағдайда жеңіске жетті. Қырғи-қабақ соғыс немесе екіполюстік әлем кезінде АҚШ Батыс блогын, капиталистік жүйені басқарды. Ал Кеңес Одағы Шығыс блогын басқарып, коммунистік идеологияны  таратты.  Бірнеше кезеңде ядролық қақтығысқа дейін жеткен бұл бәсекелестік кеңістікте үшінші әлем мемлекеттерінің көбі екі блокпен қатынас орнатып, бұл елдердегі өзгерістер екі блок басшыларының ерік-жігерімен тікелей байланысты болды. Бұл кезеңде солшыл ой-пікірлерге сүйенген көтерілістер болды. Өйткені, коммунизм мектебі революция жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие болды. Соған қарамастан, осындай жағдайда Ислам революциясы жеңіске жетті. «Шығыс та емес, Батыс та емес» деген ұран айтып, тәуелсіздік негіздерін қуаттап, АҚШ пен Кеңес Одағы секілді алпауыт мемлекеттердің билік жүйесін қабылдамады.

 

 

Үстемшілдікке қарсылық – имам Хомейни мектебі мен Ислам революциясы диалогының ең маңызды негіздерінің бірі. Имам Хомейнидің монотеистік дүниетанымында жаратылыс жүйесі біржақты. Оның ортасында – Алла Тағала. Барлық әлемдер Алланың ерік-жігерімен жаратылды. Соған сәйкес, әлемнің бүкіл жаратылысы Алланың құдыретінің алдында әлсіз, сондықтан барлығы оған бағынуы керек. Егер адам Аллаға бағынбаса, сондай-ақ, Жаратушы мен оның пенделерінен өзін артық санаса, менмен әрі тәкәппар ретінде танымал болады. Шайтан –жаратылыс тарихындағы бірінші тәкаппар жаратылыс. Өйткені, ол илаһи бұйрықты орындамай, жалтарды. Имам Хомейнидің пікіріні бойынша, барлық қоғамдар мен халықаралық жүйеде екі тап: билеп-төстеушілер мен қаналған тап қалыптасты. Соған сәйкес, Ислам революциясының мақсаты билеп-төстеушілермен қарсыласып, қаналған халықтарға қолдау көрсету болды.  Имам Хомейни өзінің мұндай ұстанымымен ішкі үстемшілдік пен залым басшыларға қарсы шығуымен бірге әлемдік үстемшіл жүйеге, екі алпауыт ел – АҚШ пен Кеңес Одағына қарсы көтеріліп, Ирандағы үстемшіл жүйені құлатып, әлемдік үстемшілдікке қарсы тұру қозғалысын құру міндетін өз мойнына алды. Хазірет үстемшілдікпен қарсыласуды тек Иранның географиялық шекарасымен шектелмейді деп санап, бұл күрестің нұсқасын әлемнің әртүрлі аймақтарындағы барлық қаналған халықтарға ұсынды. Имам Хомейни бірінші кезеңде исламдық елдері, келесі кезеңде әлемнің барлық қаналған халықтары бірігіп, қанаушыларға қарсы тұруға міндетті деп санады. Хазірет илаһи уәдеге иман келтіріп, нәтижесінде әлемнің қаналған халықтары үстемшілерді жеңеді деп сеніп, зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерді әлемдік кең ауқымды партия мен қарсыласу ағымын құрып, билеп-төстеуші майданға қарсы тұруға шақырып: «Мен Ислам революциясының жеңісі бүкіл әлемде зорлық-зомбылық көргендер партиясы құрылуының бастамасы және оған барлық мазлұмдар қосылып, қаналған халықтардың жолындағы қиындықтарды шешеді, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың пайдакүнемдеріне қарсы көтеріліп, оларға зұлымдық жасауға рұқсат етпейді деп үміттенемін»,- деді.

Имам Хомейнидің мектебінде «Шығыс пен Батысқа міндетті болмау» саясаты ресми жарияланып, Ислам республикасы үкіметі әрекеттерінің негізі ретінде қалыптасты. Имам Хомейни Шығыс пен Батыс полюсіне сүйенбеуді саяси тура жол және Ислам революциясының тек өзіне ғана тән ерекшеліктерінің бірі деп атап: "Ислам революциясы әдеттегі революция болған жоқ. Ол Шығыс пен Батыс блоктарына  сүйенбеді. Сондықтан тек өзіне ғана тән ерекшеліктеріге ие; екі полюске де қарсы тұрып, ешбір елден қорыққан жоқ",- деді. Ислам революциясының бұл ерекшелігі Иран Конституциясында анық көрсетілді. Ислам республикасы жүйесінің сыртқы саясатына қатысты Конституцияның 10 бабында билеп-төстеушілікке негізделген кез келген қарым-қатынастың қабылданбайтынын қуаттады. Конституцияның 152-ші негізі де Ислам республикасы жүйесінің тәуелсіздік талап ету мен билеп-төстеушілерге қарсы тұруын қуаттауымен бірге: "ИИР-ның сыртқы саясаты билеп-төстеудің ешбір түрін қабылдамайды. Елдің толық тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын сақтауға, мұсылмандардың құқықтарын қорғап, билікқұмар мемлекеттерге бағынбауға, бүлдіргі әрекеттермен айналыспайтын елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға негізделді",- деп айтылды.

Имам Хомейни әлемдегі қаналған халықтарға қолдау көрсетуді Ислам революциясы негіздерінің бірі деп атап, үстемшілдікке қарсы  күресу үшін мазлұм халықтарды хабардар етіп, олардың күресін қолдау қажеттігін айтқан болатын.  Имам Хомейни бұл туралы: "Иранның азат халқы бүгінде артиллерия, танк және ұрандарымен шабуыл жасаушыларға қарсы тұратындарды толық қолдайды. Біз Алла мен шындық жолында  күресетін әлемнің түкпір-түкпіріндегі қозғалыстарды қолдаймыз",- деп ескертті.   Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, үстемдікке қарсылық білдіру қаналған халықтар мен кедейлерді қолдап, халықтарды хабардар ету мен олардың Иран халқының көтерілісін үлгі етуі, сондай-ақ, елдердің ішкі істеріне араласпау арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл тақырып ИИР Конституциясының 154-ші бабында көрсетілген: "ИИР бүкіл адамзат қоғамында  адамның бақытты болуын тілейді. Сондықтан тәуелсіздік, азаттық және әділ үкіметті әлемнің бүкіл халықтарының құқығы санайды. Иран басқа халықтардың ішкі істеріне аралсапауымен бірге әлемнің әртүрлі аймақтарындағы зорлық көрген халықтардың үстемшілдерге қарсы күресін қолдайды".

 

 

Имам Хомейни дүниежүзіндегі билеп-төстеуші үкіметтердің құрылуына қатысты үш тақырыпқа тоқталды: бірінші тақырып – үстемшілердің өзімшілдігі. Имам Хомейнидің пікіріне сәйкес, әлем бойындағы бүкіл бұзақылықтардың тамырын өзімшілдік індетінен іздеу керек. Өйткені, өзімшілдік билікқұмарлық сезімін тудырып, басқаларға билік жүргізуді талап етеді. Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, қаналғандардың  үмітсіздігі, үстемшілдердің оларды қабілетсіз деп сендіруі – билеп-төстеуші жүйенің құрылуының екінші себебі. Хазірет үстемшіл жүйенің құрылуының үшінші себебі ретінде зорлық-зомбылық көріп жатқан үкіметтердің басшыларының әлсіздігін атады. Имам Хомейни бұл басшылардың осалдығы мен әлсіз үстемшіл елдерден қорқуы олардың қанаушыларға қарсы тұру батылдығынан айрылуға жеткізеді, сондай-ақ, әлсіз басшылар  өз елдері халықтарының ерлік, тәуелсіздік талап ету және үстемшілдікке қарсы күрес рухын жоюға  әсер етеді деп санады. Имам Хомейнидің үстемшілдікке қарсы рухы өзі дүниеден озған соң аятолла Хаменеидің көзқарастарында жалғасып, Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі әртүрлі оқиғаларға қатысты жасаған баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде сан рет Ислам республикасы жүйесінің үстемшілдікке қарсылығы мен әлемдік билеп-төстеушіліктің көшбасшысы  АҚШ-қа қарсы болмысы туралы қуаттап: "Үстемшіл жүйе исламдық жүйеге қарсы, сондықтан біз үстемшілдікке қарсымыз, қарсылығымызды жасырмаймыз",- деді.

 

Тегтер