Сәу 14, 2019 17:28 Asia/Almaty
  • Иран – мәңгілік ел

Сирик айлағы Хормозган облысының шығысында орналасқан. Бұл – аумағы жөнінен Шәһид Раджаи айлағынан кейін облыстағы ең ірі айлақ. Онда туристік тартымдылықтар көп. Бұл осы ауданға туристердің келуіне себеп болып отыр. "Борға" – бетперде тігу, кесте тоқу, алтын және күміс жіптермен тігу, себет тоқу осы ауданның қолөнер түрлеріне жатады. Сондай-ақ, балық аулау – айлақтағы ер адамдардың басты кәсібі.