Сәу 16, 2019 11:47 Asia/Almaty

Қоғамда әділет орнату тарих бойындағы адамзат проблемаларының, Ислам революциясындағы Иран халқының негізгі армандарының бірі болды.

Имам Хомейни Ислам дінінің негіздері мен шиіт мазхабының тағылымдарына сүйеніп, үстемшілдер мен ішкі және империалистермен қарсыласуды өзінің саяси күресінің негіздері ретінде қалыптастырды. Сол себепті Ислам революциясы болып, оның жеңіске жету үдерісінде билеп-төстеуші жүйемен қарсыласып, саяси тәуелсіздікке ие болу халықтың армандары мен ұрандарына айналды. Имам Хомейни үстемшілдікке қарсы ұранын әлем қырғи-қабақ соғысы кезеңіндегі екіполюстік кеңістікпен бетпе-бет келіп, дүниежүзі халықтары империализмге қарсы марксистік ұрандар айтқан жағдайда мәлімдеді. Имам Хомейни АҚШ пен Кеңес Одағын әлемдік үстемшілдіктің көрінісі деп атап, екі блокқа да шабуыл жасап, «Батыс та емес, Шығыс та емес» деген ұранды ИИР-ның сыртқы саясатының негізі ретінде жариялады. Имам Хомейнидің саяси ой-пікірінің негіздерінің бірі қоғамда әділет орнату болды.

 

Қоғамда әділет орнату тарих бойындағы адамзат проблемаларының, Ислам революциясындағы Иран халқының негізгі армандарының бірі болды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Кеңес Одағы басқарған Шығыс блогы марксистік-социалистік ой-пікірлерге сүйеніп, қоғамдық әділетті қолдап, қоғамдағы кемсітушілікті жоятыны туралы уәж айтты. Алайда имам Хомейни Ислам діні тағылымдарына сүйеніп, Иран халқының тарихи арманына жету үшін қоғамда әділет орнату ұранын көтерді. Иран халқы ХІХ ғасырда қоғамдық әділетке жету үшін ауқымды күрес бастады. Бастапқыда кейбір нәтижелерге жеткенімен, 1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін қоғамдағы мақұрым тапты қорғайтын, Иран қоғамындағы зұлымдық пен кемсітушілікті жоятын жүйені орната алмады. Имам Хомейни өзінің қырағы басшылығымен Ислам революциясының ағымында қоғамдық әділетті халықтың ең маңызды ұрандары мен сұраныстарының біріне айналдырды. Қоғамдық әділет орнату мен кемсітушілікті жоюды Ислам республикасы жүйесі саясаттарының негізі ретінде қалыптастырды. Имам Хомейнидің ой-пікіріндегі Ислам дінінің орнына көңіл бөліп, имамның қоғамдық әділет туралы көзқарастарына назар аудару қажет. Әділет – саяси ойлардағы ең негізгі түсініктердің бірі. Осы уақытқа дейін көптеген философтар мен ойшылдардың көбі оның негіздерін түсіндіруге талпыныс жасады. Ойшылдардың әрқайсы қоғамдық әділеттің шиелініскен тұрғыларын анықтауға әрекет жасады. Батыстың классикалық дәуірінде  Платон мен Аристотель сияқты әйгілі философтар, ал исламдық кезеңде Фараби мен тағы басқа ойшылдардың көбі әділет түсінігіне ерекше көңіл бөлді. Ислам дінінде әділет мәселесі ерекше орынға ие болғандықтан осы дін негіздерінің біріне айналды.  

Құран Кәрімге сәйкес, жаратылыс әділет негіздеріне сүйеніп жаратылған, заңдары да әділетке негізделген. Осы көзқарас бойынша, әділет – жаратылыстың негізі, әлем мен адамдардың ең жоғары мақсаты. Тіпті, барлық діндердің негізгі мақсаты – адамзат қоғамында әділет орнату.

Құранның көзқарасы бойынша, әділет – негізгі құндылық; барлық істердің қауіпсіздігі мен саулығы соған байланысты. Сондықтан Алла Тағала барлық адамдарға, әсіресе мүміндерге әділет орнатуды бұйырады. Құран бойынша, әділеттің тамыры адамзаттың болмысында. Сондықтан адамдар қоғамда әділет қалыпастыру үшін талпынуы керек. Құран қоғамда әділет орнату үшін талпынатындарды Алла жақсы көретінін қуаттайды. Осы сенімге сүйеніп, Исламның ұлық пайғамбары және имам Хомейни секілді хазіреттің ізін басқандар қоғамда әділет орнатуға ерік-жігер білдірді.

ان‌الله یحب المقسطین

 

Имам Хомейни қоғамда әділет орнату саласында Алла елшісі (с.ғ.с.) мен хазірет Әлиді (ғ.с.) үлгі тұтты.  Исламның ұлық пайғамбары қоғамда әділет орнатумен, әлсіздер мен мақұрымдарды зұлымдықтан құтқарумен айналысты. Хазірет халықтың көзқарасын өзгертіп, әділ қоғамның құрылуына жағдай жасады. Алла елшісінің діни көзқарасы бойынша, қоғамдық әділеттің тұрғылары әртүрлі. Ең бастысы – адамдардың тең жаратылуы. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пікірі бойынша, ұлты, тілі және тайпалық айырмашылықтарына қарамастан барлық адамдар тең жаратылады. Тақуалық ғана адамның артықшылығына себеп болуы мүмкін. Исламның ұлық пайғамбарының көзқарасы бойынша,  адамдар тең жаратылады. Сондықтан олардың өз тағдырларын  анықтау бойынша азаттық пен ықтиярларының мөлшері тең. Сондай-ақ, хазірет барлық адамдар тең және бауыр болғандықтан әділ қоғам құру үшін ынтымақтасуы керек деп санайтын. Алла елшісі мұсылмандарды бауырластыққа шақыруы арқылы оларға әділетке сүйенген, зұлымдық пен кемсітушіліктен алыс қоғам құруға кеңес берді. Исламның ұлық пайғамбарының мектебінен әділет, басқалардың құқықтарын қорғау, сау қоғам құру сияқты түсініктер анық байқалады. Имам Хомейни осы ұстанымға сүйеніп, әсіресе хазірет Әлидің (ғ.с.) үкіметі кезеңінен үлгі алып, әділетті жеке адамның емес, исламдық қоғамның ерекшелігі санайды. Имам Хомейнидің пікірі бойынша, қоғамдық әділет – саяси және қоғамдық заңдардың айқын ерекшелігі, сондай-ақ, саяси және қоғамдық топтар мен институттардың белсенділігін қадағалайтын фактор әрі мәнсіз қоғамның маңызды ерекшелігі. Имам Хомейни діни үкіметтің түпкілікті мақсатын исламдық критерийлерге негізделген қоғамдық әділет орнату деп санады. Имам Хомейни илаһи пайғамбарлардың негізгі мақсаты жеке адам мен қоғамдық салада әділет орнату болғанын атап, барлық пайғамбарлардың адамзат үшін қоғамда әділет орнатуға талпынғанын баса айтқан. Имам осы көзқарасқа сүйеніп, Ислам республикасы жүйесінің құрылуын қоғамдық әділет орнатып, зұлымдықты жоюға негіздеді. Хазірет: «Ислам республикасында зорлық-зомбылық жоқ. Кедейлер тұрмыстары туралы ойлап, әлсіздер құқықтарына ие болады. Қоғамда әділет орнатылады»,- деді. («Сахифе Нур», 6 том, 525-ші бет). Имам Хомейни қоғамда әділетті адал басшылардың арқасында орнату мүмкін санап, әділ имам жоқ кезде қоғамдық әділетті орнатуды әділ діни заңгердің (діни жетекшінің) міндеті санады. Имам «Велаяте факих» кітабында имам Заманның жасырын кезеңіндегі  әділ діни жетекшінің негіздері мен ықтиярларын көрсеткен. Имам Хомейни билеп-төстеушілік  пен зұлымдықты айыптап, мұндай үкіметті құлатуды әр мұсылманның міндеті деп атады. Имам Хомейнидің пікірі бойынша, әділ діни жетекші басқаратын діни үкімет құрылмай, қоғамда әділе орнату мүмкін емес.

 

 

Тегтер