Maм 12, 2019 23:37 Asia/Almaty

«Саффат» сүресінің 7-11 аяттарының тәпсірі

«Саффат» сүресінің 7-10 аяттары:

 

«وَحِفْظًا مِّن کُلِّ شَیْطَانٍ مَّارِدٍ»، «لَّا یَسَّمَّعُونَ إِلَى الْمَلَإِ الْأَعْلَى وَیُقْذَفُونَ مِن کُلِّ جَانِبٍ»، «دُحُورًا  وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ»، «إِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ»

 

Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық. (7)

Олар жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар әр тараптан атылады. (8)

Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар. (9)

Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды. (10)

 

Алдыңғы бағдарламада Құдай жұлдыздарды аспанды әшекейлеп, жер тұрғындары аспандағы жұлдыздардың әдемілігінен әсерлену үшін орнатқанын айттық.

Бұл аяттар аспанның сыртқы көрінісі мен материалды емес басқа да аспектілеріне сілтеме жасап: «Шайтандар аспандардағы періштелердің жеке кеңістіктеріне еніп, олардың сөздерін ұрланып тыңдап, мақсаттарына қарсы әрекет жасауды көздейді» дейді.

Айтатын жайт, жер тұрғындарының мағлұматтары мен ақпараттары жоғарғы әлем періштелерінің ықтиярында. Олар бір-бірімен сөйлескенде шайтандар ғайып әлемнің құпия-сырына қол жеткізу үшін оларды аңдып жүреді. Бірақ сол кеңістікке жақындаған кезде нысанаға алынып, қуылады.

Бұл аяттар адамзатқа Құдай біз оларды «шайтан» деп атайтын жыннан шыққан бағынбайтындарға періштелер басқаратын әлемге жақындап, тың-тыңдауға немесе олардың ісіне кедергі келтіруге рұқсат бермегенін сүйіншілейді.  

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Тіпті егер кейбір шайтандар кедергілерден өтіп, періштелердің мекеніне жетіп, хабарға қол жеткізген күннің өзінде нысанаға алынып, жойылады».

Мұндай сөздер «Хиджр» сүресінің 17-18 аяттары мен «Мүлк» сүресінің 5 аятында да айтылған.

Осы аяттардан Құранның сезілетін, көрінетін іске сілтеме жасайтыны немесе  аяттарда қолданылған анықтамалардың тәмсілдер мен теңеулер екені белгілі болады.

Себебі осы аяттарға ұқсас Құранда басқа жайттар да бар. Тәпсіршілердің көбі Құдайдың айтайын дегені сезілетін істерге сілтеме жасайтын сөздің сыртқы бейнесі емес деген пікір ұстанады.  

Тәпсіршілердің көзқарасы бойынша, бұл сөздер – «лаухы», «қалам», «ғаршы», «күрсі» сияқты ақылға қонымды жайттардың сезінерлік теңеуінің бір түрі.

Мұндай сөздерді олардың материалды және сыртқы мағыналары бойынша салыстыруға болмайды. Сонымен қатар Құдай келесі бір жерде былай деген: «Түсіргеніміздің бір бөлігі – үлемдерден басқалар түсіне алмайтын мысалдар».

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Жоғарғы әлем мен періштелердің қасында шайтандар соларға қол жеткізуді көздеп жүрген құпия-сырлар бар. Бірақ Құдай оларға мұндай іске рұқсат берген емес.
  2. Басқалардың сөзін ұрланып тыңдау – шайтандық іс. Құрани мәдениетте бұл айыпталған.
  3. Басқалардың құпиялары мен сырларын білгісі келіп, соларды әшкерелеу арқылы өз мүдделерін көздейтін адамдарға қатаң қатынас көрсету керек.

«Саффат» сүресінің 11 аяты:

 

«فَاسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَم مَّنْ خَلَقْنَا إِنَّا خَلَقْنَاهُم مِّن طِینٍ لَّازِبٍ»

 

Енді олардан сұра: “Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде, оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық. (11)

Алдыңғы бағдарламада «Саффат» сүресінде басталу мен қиямет секілді сенім тақырыптары көп қуатталғанын айттық. Бұл аят исламның ардақты пайғамбарына: «Қияметті теріске шығарушылардан «Құдайдың адамды қайта жаратудағы құдіретіне қалай шәк келтіріп, оны теріске шығарасыңдар? Оларды қиямет күні қайта жарату қиынырақ па, әлде үлкен аспандарды жарату ма?» деп сұра" дейді.

Олар су мен топырақтан жаратылған. Су мен топырақтың қоспасынан жаратылған алғашқы адамдар да, қоректері су мен топырақ қазіргі адамдар да – барлығы өлген соң осы топырақтың айналысына оралады, жоғалмайды.  

Бүгінде ғылыми тұрғыдан адамның физикалық ерекшеліктерінің олардың әрбір бөлшегінде бар екені, әрбір адамның ДНҚ-ның молекуласы олардың саусақтарының ізі сияқты басқалардан ерекше екені дәлелденген.

Әрбір адамнан кішкентай бір бөлшегінің қалғаны жеткілікті. Құдай қияметте сол бөлшектерді топыраққа егіп, бүгінгі адамға ұқсас адамды жаратады.

Осы дүниедегі жүйеде өте кішкентай әрі мардымсыз ұрық ананың жатырында дамып, тоғыз айдан кейін толық жетілген сәби дүниеге келеді. Қияметте де жер бетінде шөптер өсіп шығатын секілді сол кішкентай бөлшектер жер қойнауында дамып, жердің ортасынан адам шығады. Шынымен мұндай іс мүмкін емес пе?

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Теріске шығарушылардан сұрау – олардың ұйқыдағы ұждандарын оятатын жол. Үйрету мен тәрбиелеу жүйесінде көптеген жайттарда тақырыпты тура таңудың орнына сауал мен салыстыру тәсілін пайдалануға болады.

2.Адамның қияметтегі болашағы мен қайта тірілуіне қатысты күдік-күмән мен теріске шығарудың себептері адамның бұрынғы жаратылысын ұмытудың салдары.