804-бөлім, «Саффат» сүресі, 12-21 аяттар
«Саффат» сүресінің 12-21 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің 12-15 аяттары:
«بَلْ عَجِبْتَ وَیَسْخَرُونَ»، «وَإِذَا ذُکِّرُوا لَا یَذْکُرُونَ»، «وَإِذَا رَأَوْا آیَةً یَسْتَسْخِرُونَ»، «وَقَالُوا إِنْ هَـذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّبِینٌ»
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды. (12)
Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді. (13)
Бір мұғжиза көрсе, олар тәлкек қылады. (14)
“Бұл мүлде ашық жады” деседі. (15)
Алдыңғы бағдарламада кәпірлердің қияметті теріске шығаратыны айтылды. Осы аяттар Алланың елшісіне: «Олар қияметті теріске шығарып ғана қоймай, келеке етіп, оны сені мазақтайтын құралға айналдырады. Бірақ, қияметке толық сенетін сен олардың теріске шығарғандары мен тәлкек қылғандары мен хабарлары жоқ істі неліктен дәлелсіз теріске шығарады деп таңданасың. Әттең, тым болмағанда артық сөйлемей: «Қиямет бола ма, болмай ма, білмейміз десе ғой» дейді.
Сол себепті осы тақырып қозғалған кезде оны естіп, оған мән бергілері келмейді. Тіпті, олар егер мұғжиза көрсе де оны қабылдауға әзір болмай, басқаларды да Құдайды келеке етуге шақырып, оларды алдау үшін: «Бұл – сиқыршылардың ісі» десті.
Мұғжиза мен сиқырдың айырмашылығы айқын. Сиқыршы бір сиқырды көрсету үшін жылдар бойы жаттығады. Алайда Құдайдың пайғамбары ешқандай оқу-тоқусыз немесе жаттығусыз Пәруәрдігердің рұқсатымен мұғжиза мен қалыптан тыс іс жасайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Егер жүрек хақты қабылдауға дайын болмаса, тіпті, ең жақсы деген адамдардың сөзі де адамға әсер етпейді.
2. Келеке ету – хақтың қарсыластарының тәсілдерінің бірі. Хақты сүюшілер одан қорықпауы керек.
3.Мүшіріктер шын мәнінде Құранның қалыптан тыс екендігін мойындағанымен, оны сиқыр мен жады санаған.
«Саффат» сүресінің 16-18 аяттары:
«أَإِذَا مِتْنَا وَکُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ»، «أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ»، «قُلْ نَعَمْ وَأَنتُمْ دَاخِرُونَ»
“Біз өліп топырақ және сүйектер болған кезде, рас тірілтілеміз бе?” (16)
“Әуелгі аталарымыз да ма?”,- дер. (17)
“Әрине, сендер қор боп тірілесіңдер” де. (18)
Алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аяттар қияметті теріске шығарушылардың Құдайдың елшісімен сұхбатын баяндайды.
Осы аяттарда да олар қияметтің болмайтынына дәлел келтірместен, тек оны мүмкін емес іс деп атап, өздерінің таңданыстарын ғана баяндайды.
Сол себепті сенімсіздікпен пайғамбардан «Сүйектері әлдеқашан шіріп кеткен өлгендер қияметте қайтадан тірілуі мүмкін бе? Әсіресе, өлгендеріне ондаған, жүздеген жыл болған, олардан тіпті еш белгі қалмаған, көрлерін қазса, топырақтан басқа ештеңе көре алмайтын ата-бабаларымыз қалай тіріледі?» деп сұрайды.
Бұл сауалдар дытабиғи түрде барлық адамдар қояды. Бірақ, мүміндер Құдайдың шексіз құдіретіне сеніп, Құдайдың өлгендерді топырақтан қайта жаратата алатынын біледі.
Олар пайғамбарлардың хабары мен қияметтің болатыны мен өлгендердің тірілетіні туралы хабарды қабылдайды. Бірақ, Құдай мен оның періштелеріне сенбейтін адамдар үшін мұндай істі қабылдау қиын әрі мүмкін емес.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Қияметті теріске шығарудың қисыны мен мықты дәлелі жоқ. Кәпірлер дәлел келтірудің орнына тек мүмкін еместігін ғана айтады.
- Сауалдар мен күдік-күмән шындықтан кенде әрі теріс ниетпен айтылатын болса да оған тура әрі анық дәлелдермен жауап қайтару керек.
- Хақпен қырсығу ақыретте пәстік пен қорлыққа себеп болады.
«Саффат» сүресінің 19-21 аяттары:
«فَإِنَّمَا هِیَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ فَإِذَا هُمْ یَنظُرُونَ»، «وَقَالُوا یَا وَیْلَنَا هَـذَا یَوْمُ الدِّینِ»، «هَذَا یَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِی کُنتُم بِهِ تُکَذِّبُونَ»
Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады. (19)
“Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі. (20)
“Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!” (21)
Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар Құдайдың өлгендерді тірілтудегі құдіретіне сілтеме жасап: «Қияметте тарих бойында өлген миллиардтаған адам бір-бірлеп немесе топ-топ болып тіріледі деп ойламаңдар. Өлгендердің барлығы Алланың ерік-жігерінің белгісі аспандық бір дабыспен бір демде топырақтан бас көтеріп, айналаға қарайды» дейді.
Тірілген адамдардың барлығын бір сәтте оның өзін осындай түрде көрген кезде кәпірлер осы дүниеде теріске шығарғандарын мойындап: «Бұл – біз теріске шығарғанның тап өзі. Қап, енді бүгін не істейміз? Бізге не істейді?» дейді.
Осындай мойындауға қарсы илаһи періштелер де бүгін хақтың жалғаннан, иман адамдарының кәпірлер мен теріске шығарушылардан, ізгілердің жамандардан бөлінетін және Құдайдың пенделерінің арасында төрелік жасайтын күні екенін қуаттайды.
Осы аяттардан үйренетіініміз:
- Қияметтің орнауы мен өліктердің тірілуі – біртіндеп, көп уақыт алатын емес, кенеттен, тұтқиылдан болатын оқиға.
- Мүшіріктер қияметте айран-асыр болып, өздерінің жаман тағдырларына куә болады.
- Қиямет – қасірет пен өкініш күні. Осы дүниеде қияметте қасірет шекпейтін жолды таңдайық. Себебі, ол күні өкініштің еш пайдасы болмайды.