Maм 15, 2019 16:18 Asia/Almaty

«Саффат» сүресінің 31-38 аяттарының тәпсірі

«Саффат» сүресінің 31-33 аяттары:

 

فَحَقَّ عَلَیْنَا قَوْلُ رَبِّنَا إِنَّا لَذَائِقُونَ»، «فَأَغْوَیْنَاکُمْ إِنَّا کُنَّا غَاوِینَ»، «فَإِنَّهُمْ یَوْمَئِذٍ فِی الْعَذَابِ مُشْتَرِکُونَ»   

 

“Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз.” (31)

“Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік.” (32)

Рас, сол күні олар азапқа ортақ болады. (33)

 

Алдыңғы бағдарламада адасқан адамдар қиямет күні өз күнәларын адасқан қоғамдағы кәпір басшыларының мойындарына асып: «Бізді адасушылыққа түсірген – солар» дейтінін, бірақ, олардың да: «Бұрмаланған жолға түсуді сендер өздерің іздеп, бүлікшіл, хаққа қарсы басқыншы болмыстарыңа байланысты біздің соңымыздан ердіңдер. Біз сендерді күштеп, мәжбүрлеп адастырған жоқпыз. Біз өзіміз адасып жүрдік. Сондықтан соңымыздан келген сендерді де адастырдық» дегенін айттық.

Осы аяттар былай дейді: «Адасқан жетекшілер мен ізбасарлар қияметте мұндай ұрыс пен тәжікелесудің ешқандай пайдасы болмайтыны туралы нәтижеге жетеді. Себебі оларды азаптау туралы Алланың жарлығы шығып қойғандықтан, олар өте жақын арада азаптың дәмін татады».

Алланың бұл жазасы олардың барлығына ортақ. Олардың орындары – тозақ. Олардың деңгейлері мен дәрежелерінің әралуан екендігі белгілі. Әр адам басқаларды адастырудағы күнәсі мен ықпалы көлемінде жазаланады. Күнәһарлардың жазасы бірдей емес.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Қияметте күнәһарлар пайғамбардың осы дүниеде берген азап туралы уәделерін мойындағанымен ол кезде мойындаудың пайдасы болмайды.
  2. Адасқандармен мәжілістес болуы адамның адасуына негіз әзірлеп, олардың тозақта бірге отыруына себеп болады.
  3. Бұзылған адамдарды қоғамның басшылары ретінде қабылдап, соңдарынан еру залымдар мен адасушылардың күшеюіне, соңында адамдардың да олардың азабына ортақ болуына себеп болады.

  «Саффат» сүресінің 34-35 аяттары: 

 

«إِنَّا کَذَلِکَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِینَ»، «إِنَّهُمْ کَانُوا إِذَا قِیلَ لَهُمْ لَا إِلَـهَ إِلَّا اللَّـهُ یَسْتَکْبِرُونَ»  

 

Сөз жоқ, күнәкарларға солай істейміз. (34)

Расында оларға: “Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” деген кезде менменсіген еді. (35)

Бұл аяттар күнәһарлар мен қылмыскерлерге қатынас көрсететін Алланың сүннетіне тоқталып: «Пайғамбарлар халықты таухид пен бір Құдайға табынуға шақырған кезде кейбіреулер тәкәппарланып, олардың сөздерін тыңдамаған немесе ойланғылары келмеген» дейді.

Қырсығып, күпіршілік пен шерк жолын ұстанған мұндай адамдар қияметте қатты жазаланады.

Хақтың алдындағы тәкәппарлық пен қырсықтық кейде өзін артық санау мен байлығына немесе атақ-дәрежесіне, кейде өздерінің ата-бабалары мен қоғам басшыларына еліктеуден немесе олардың ой-пікірлері мен наным-сенімдеріне ырымшылдықпен сенумен де байланысты болуы мүмкін. Қалай болғанда да бұл – хақты естіп, оны қабылдау жолындағы ең үлкен кедергі. Хақтың алдында тәкәппарлану істі тәкаппар адамның хақты теріске шығаруымен қатар, сөйлесіп тұрған адамын қорлап, мазақтап, оны жөнсіздікпен байланыстыруға дейін жеткізеді.  

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Алланың уәделері осы дүние мен ақыретте іске асырылады. Олар еш уақытта бұрмаланбайды.
  2. Күнә мен қылмыс және бұрмалаушылықтың тамыры – хақ пен таухидтің және шындықтың алдында тәкәппарлық танытуда.
  3. Пайғамбарлар халықты өздеріне емес, бір Құдайға шақырды. Олар шақырғанда өздері үшін ешқандай пайда ойлаған жоқ. Сөйте тұра, әрдайым қарсыластарының жаласы мен азабына душар болды.

 

«Саффат» сүресінің 36-38 аяттары: 

 

«وَیَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِکُو آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ»، «بَلْ جَاءَ بِالْحَقِّ وَصَدَّقَ الْمُرْسَلِینَ»، «إِنَّکُمْ لَذَائِقُو الْعَذَابِ الْأَلِیمِ» 

 

 

Олар: “Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па”,- десті. (36)

Әрине ол шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді. (37)

Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар. (38)

 

Осы аяттар мүшіріктердің пайғамбарлардың шақыруын қабылдамауына сілтеме жасап: «Олар пайғамбарларды сөздері ой мен қисынға емес, қиял мен сезімге негізделген ақындар сияқты деп айыптады. Сонымен қатар ақындарды өлең мен ақындықты жындардың арқасында үйренген, өздерінің ештеңелері жоқ» деп айыптады" дейді.  

Тарихта Араб түбегі халқының ақындар жындармен байланысу арқылы ақындық өнерді үйреніп, осындай жақсы өлең шығара алады деп сенгені айтылған.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Бұрыс ой мен нанымдарға ырымшылдықпен сену адамның хақты қабылдауына кедергі жасайды.
  2. Жала жауып, қорлау – теріске шығарушылардың пайғамбарлардың шақыруын таратуына тосқауыл жасайтын құралдардың бірі.  
  3. Барлық пайғамбарлардың тағылымдары бір бағытты көздеді. Олардың барлығы халықты таухид пен бір Құдайға табынуға шақырды.