808-ші бөлім, «Саффат» сүресінің 50-61 аяттары
«Саффат» сүресінің 50-61 аяттарының тәпсірі
«Саффат» сүресінің 50-53 аяттары:
«فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ یَتَسَاءَلُونَ»، «قَالَ قَائِلٌ مِّنْهُمْ إِنِّی کَانَ لِی قَرِینٌ»، «یَقُولُ أَإِنَّکَ لَمِنَ الْمُصَدِّقِینَ»، «أَإِذَا مِتْنَا وَکُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَدِینُونَ»
Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады. (50) Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді. (51) (Ол маған): “Шын-ақ растаушылардансың ба?’,- дейді. (52) “Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?” (53)
Алдыңғы бағдарламада жұмақтықтардың жұмсақ орындарға жайғасып, жұмақтық қонақасыларда достарымен риясыз әңгіме-дүкен құратыны айтылды. Аяттар қапыл адамдардың көңілдерін аударып, ескерту үшін және осы дүниеде көптеген достардың бірге болғанымен, қияметте бірінің жұмаққа, екіншісінің тозаққа баратынын білуі үшін жұмақтықтардың бірінің сөзін келтіреді: «Жұмақтықтар өзара сұхбаттарында осы дүниеде бастарынан өткендерін айтып, әрқайсысы өздерінің естеліктерін баяндайды. Олардың бірі қияметті теріске шығарған, адамдардың өлгеннен кейін қайта тірілуін мүмкін емес санаған достарының біріне сілтеме жасайды. Ол өзінің мүмін досынан үнемі: «Сен шынымен мұндай іске сенесің бе? Біздің осы дүниедегі істеріміз үшін о дүниеде жаза мен сауап беріледі дегенге сенесің бе?» деп сұрайтын.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Иман мен сенімнің әлсіреуіне себеп болмаса, дінсіз немесе имандары әлсіз адамдармен қатар отыруға рұқсат етіледі. Әсіресе, егер мүмін оларды дін мен Хақ жолына шақыра алса немесе тым болмаса олардың сауалдарына жауап бере алса сөкеттігі жоқ.
2.Қияметті теріске шығарушылардың өлімнен кейінгі әлемді теріске шығару үшін рационалды немесе тәжірибелік дәлелдері жоқ. Олардың қолдарынан келетіні мүмкін емес санап, таңданыс білдіру ғана.
3.Қияметте адамның осы дүниедегі естеліктері ұмытылмайды. Ол бұрын өткен нәрселерді есіне ала алады.
«Саффат» сүресінің 54-57 аяттары:
«قَالَ هَلْ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ»، «فَاطَّلَعَ فَرَآهُ فِی سَوَاءِ الْجَحِیمِ»، «قَالَ تَاللَّـهِ إِن کِدتَّ لَتُرْدِینِ»، «وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّی لَکُنتُ مِنَ الْمُحْضَرِینَ»
“Оны көргілерің келе ме?”,- дейді. (54) Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де: (55) “Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді. (56) “Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де тозаққа келтірілгендерден болар едім.” (57)
Жұмақтық естеліктерін жұмақтық достарына баяндаудың жалғасында: «Қияметке сенгенім үшін осы дүниеде маған күмән келтіргендер бүгін тозаққа кіріптар болды. Егер қаласаңдар, оны тозақтан көріңдер. Бірақ, мен де онымен достығым үшін тура жолдан тая жаздадым. Мен де бүгін оның қасында тозақтық болуым мүмкін еді. Құдай менің иманым мен жақсы істерім үшін маған мейірім жасап, қатерден құтылдым» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Құран аяттарына сәйкес, жұмақтықтар тозақтықтардан хабардар болып, олармен сөйлесе алады. Бірақ тозақтықтар жұмақты көре алмайды. Жұмақтықтардың жағдайынан хабар ала алмайды.
- Дінді теріске шығарушылармен дос болу егер адамның иманын әлсіретпесе, ештеңе емес. Дегенмен, ондай топпен дос болу қатерлі. Егер Құдайдың мейірімі болмаса, адам ықпалға түсіп, солар сияқты тозақтыққа айналады.
«Саффат» сүресінің 58-61 аяттары:
«أَفَمَا نَحْنُ بِمَیِّتِینَ»، «إِلَّا مَوْتَتَنَا الْأُولَى وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِینَ»، «إِنَّ هَـذَا لَهُوَ الْفَوْزُ الْعَظِیمُ»، «لِمِثْلِ هَـذَا فَلْیَعْمَلِ الْعَامِلُونَ»
“Біз өлмейміз бе?” (58) “Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмаймыз.” (59) Сөз жоқ, бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (60) Ғамал қылуға тиісті. (61)
Жұмаққа енген адам азапталмайтынын біледі. Себебі, азапталатын болғанда жұмаққа енбей тұрып, соған душар болар еді. Бұл тақырыпты еске салып, оны айту екі нәрсеге байланысты: біріншісі, шүкіршілік пен алғысқа негіз болатын Алланың мейірімін еске салу; бұл тақырыпты еске салудағы екінші мақсат – адамның бақытының шыңы, яғни Алланың жұмағында мәңгілікке қалып, осы дүниеде ажал құштыратын ауру-сырқаудан алыс болатынын еске салу. Бұл өмірдегі ғұмыр қысқа, қиындық пен машақатқа толы. Бірақ, ақырет – шексіз. Жұмақ тұрғындары мәңгілік рахат пен тыныштықта болады.
Соңғы аят жұмақтықтардың осы дүниедегі адамдарға жолдауын баяндап: «Уа, осы дүниеде өмір сүру мүмкіндігіне ие адамдар! Ақыреттерің үшін көбірек қор жинауға талпыныс жасаңдар, жақсы іс жасайтын мүмкіндіктерің әлі бар. Дүние-мүлік пен мал-байлықтың осы дүниеде ғана құны бар. Бірақ, ақыреттің базарында тек ғамалдарыңды ғана сатып алады. Адамдарды байлықтары мен билік, атақ-даңқтарымен емес, ғамалдарының мөлшерімен бағамдайды» дейді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жұмақта өлім мен жойылу деген болмайды. Бірақ, тозақта күнәһарлар азап салдарынан сан мәрте өліп, қайта тіріледі.
2.Шынайы бақыт – азғын ортадағы бұрмалаушылықтар мен адасушылықтардан адамның өзін сақтауында.
3. Адамның осы дүниедегі істері жоғары мақсаттарға жетуге, құтылуға бағытталуы керек. Кері жағдайда адам қасіретке ұшырайды.