Maм 27, 2019 22:40 Asia/Almaty

«Саффат» сүресі, 123-132 аяттарының тәпсірі

«Саффат» сүресінің 123-126 аяттары:

 

 

«وَإِنَّ إِلْیَاسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِینَ»، «إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَلَا تَتَّقُونَ»، «أَتَدْعُونَ بَعْلًا وَتَذَرُونَ أَحْسَنَ الْخَالِقِینَ»، «اللَّـهَ رَبَّکُمْ وَرَبَّ آبَائِکُمُ الْأَوَّلِینَ»

 

 

Әрине Ілияс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. (123)

Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. (124)

“Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?” (125)

“Алла – сендердің де, бұрынғы аталарыңның да Раббы!” (126)

 

 

Хазірет Ыбырайым мен хазірет Мұсаның оқиғаларынан кейін бұл аяттар хазірет Ілиястың тағдырына сілтеме жасап: «Оның өз қауымына айтқан бірінші сөзі қорықпайтын адамдар соған кіріптар, соның салдарынан ұят, жөнсіз істерге апаратын шерк пен пұтқа табынушылықтан, кез келген зұлымдық пен бейбастақтықтан бойтартуға шақыруы болды» деді.

Ол пұтқа табынушылардың ұжданына тигізіп: «Сендер Жаратушыларыңды ұмытып, өз қолдарыңмен жонып, жасап алған пұттарға қалай табынасыңдар? Сендер солардың алдында тағзым ететіндей пұттар жарататын құдіретке ие ме? Өздеріңді немесе әкелеріңді, я болмаса перезенттеріңді солар жаратып па? Неліктен өздерің мен әкелеріңнің Пәруәрдігері әрі әлем істерінің басшысы Құдайды тастап, жансыз, қасиетсіз заттарды іздейсіңдер?» дейді.

Пұтқа табынушылар өз істерін ақтау үшін пұттарға табынған ата-бабаларының салтына сүйенетіндіктерін айтқанда хазірет Ілияс: «Сендердің әкелерің мен ата-бабаларың – пұттардың емес, Құдайдың жаратылыстары» деді.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Илаһи барлық пайғамбарлар адамдарды Құдайға табынуға шақырып, Құдайдан басқаға табынуға тыйым салды.

2.Табыну – жаратылыс әлемінің жалғыз Жаратушысына ғана тән. Пайғамбарлардың шақыруы мен барлық кемелдіктерінің негізі - тақуалық пен бойтартушылықта.

Пайғамбарлар халықпен қатынас жасағанда қарапайым сауал қою арқылы түсінуге лайық түрде салыстырып, оларды қапылдық ұйқысынан оятуға талпныс жасады. Жансыз, қасиетсіз пұттарды әлемнің дана, мықты Жаратушысымен салыстыру ұждандарды оятады.

 

 

«Саффат» сүресінің 127-129 аяттары:

 

«فَکَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ»، «إِلَّا عِبَادَ اللَّـهِ الْمُخْلَصِینَ»، «وَتَرَکْنَا عَلَیْهِ فِی الْآخِرِینَ»   

 

Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас, олар жазаға келтіріледі. (127)

Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа. (128)

Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық. (129)

 

 

Бұрынғы көптеген қауымдардың көбі сияқты хазірет Ілиястың қауымының көбі де оның пайғамбарлығын теріске шығарып, хазіреттің пұтқа табынушылықты қою керектігі туралы ақыл-кеңестері мен насихаттарын қабылдауға әзір болмады.

Құран Кәрім былай дейді: «Мұндай теріске шығарудың салдары әртүрлі күнәлар мен жаман істермен ластануға, илаһи жазаға себеп болады».

Хазірет Ілиясқа иман келтіріп, Құдайға шынайы табынған тек азғана топ қана құтылды.

 Аяттардың жалғасы былай дейді: «Құдай пайғамбарларының еңбектерін қадірлеп, ұлы ерлердің жолдары мен тәсілдері тарих бойында тірі әрі мәңгі қалуы үшін олардың есімдерін жақсылықпен атайды».

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Бақыттың өлшемі адамдардың осы дүниедегі өмірлері емес. Себебі, олардың істерінің соңы, яғни бақыт иелері бола ма, құтылатындар ма, әлде бақытсыз, тозақтық болатыны қияметте анықталады.

2. Құдайға риясыз табыну мен ғамалдағы шыншылдық – құтылу жолы. Құдай жолындағы екіжүзділік адамды мақсатқа жетуден тосады.

 

«Саффат» сүресінің 130-132 аяттары:

 

 

«سَلَامٌ عَلَى إِلْ یَاسِینَ»، «إِنَّا کَذَلِکَ نَجْزِی الْمُحْسِنِینَ»»، «إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِینَ»

 

“Ілияс (Ғ.С.) қа сәлем.” (130)

Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. (131)

Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді. (132)

Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді. (133)

 

Құран хазірет Ілиястың тағдырын баяндаған соң: «Құдай Ілияс пайғамбарына сәлем жолдайды» дейді. Бірақ, 130 аятта Ілиястың орнына «Ілиясин» деп аталған. Бұл екі есім де бір пайғамбарды атайды.

Осы сүренің алдыңғы бөлімдерінде бұрынғы пайғамбарлардың кейбіреуі жайлы баяндалды. Олардың әрқайсы оқиғасының соңында Құдай сол ұлы адамдардың мықты әрі шынайы имандарын еске салып, олардың талпыныстары мен ізгіліктеріне алғыс айтып: «Ізгілік жасаушылардың істеріне алғыс айтып, сый беріп, сауап жазу – біздің сүннетіміз» дейді. Хазірет Ілиясқа қатысты аяттардың соңында да Құран осы тақырыпқа сілтеме жасап: «Құдай жолында қадам жасайтын, халыққа жақсылық жасауды көздейтін барлық адамдардың талпыныстары мен еңбектері ұмытылмайды. Ізгілік иелеріне, пайғамбар болсын, мейлі қарапайым адам болсын, оларға лайық тәсілмен сый беріп, ізгі істеріне сауап жазу – Құдайдың сүннеті» дейді.

Бірақ, олар илаһи жолда қадам басатын иман иесі болуы шарт. Егер қайырлы іс жасағанымен, Құдайды теріске шығарып, өз Жаратушысы алдында тағзым етпесе, тек осы дүниедегі адамдар үшін жасағаны. Оның сыйын алғыс ретінде осы дүниеде алады.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Пайғамбарлар мен әулиелерге сәлем жолдауды Құдайдан үйренейік.
  2. Құдайдың ізгілік иелеріне мейірімі – илаһи сүннеттердің бірі. Бұл сүннет үнемі жалғасады.
  3. Құдайға құлшылық етіп, иман мен ізгілік жасаушы илаһи сәлемді тарих бойы алады.