Maм 28, 2019 22:42 Asia/Almaty

«Саффат» сүресінің 133-138 аяттарының тәпсірі

«Саффат» сүресінің 133-136 аяттары:

 

«وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ الْمُرْسَلِینَ»، «إِذْ نَجَّیْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِینَ»، «إِلَّا عَجُوزًا فِی الْغَابِرِینَ»، «ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِینَ»

 

 

Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді. (133) Сол уақытта оны да, отбасын да түгел құтқардық. (134) Бірақ, қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа. (135) Сосын өзгелерін жоқ еттік. (136)

 

 

«Саффат» сүресіндегі кейбір пайғамбарлардың оқиғаларын баяндаған алдыңғы бағдарламалардың жалғасында осы аяттар хазірет Лут пен оның қауымына қысқаша тоқталады.

Бұл қауым Хиджаз аймағының солтүстігінде, Меккеден Шамға баратын жолда өмір сүрген. Күн сайын сауда керуендері сол жолдан өтетін. Құран аяттарына сәйкес, тарихи тұрғыдан да хазірет Лут хазірет Ыбырайымның заманында өмір сүріп, сол хазіреттің діні мен шариғатын уағыздаған. Осы аяттар хазірет Лут пен қауымы оқиғаларының соңғы бөліміне тоқталып: «Күнәһар қауымға Алланың азабы түскен кезде оған иман келтірген адамдары азаптың түсетінінен хабардар болды.

Олар Лутпен бірге қаладан шығып, құтылған. Бірақ, қалған бейбастақ адамдар азаптың түсетінінен хабарсыз болды. Оларды Алланың қаһары жер мен аспаннан қысып, үйлері бастарына құлады» дейді.

Аяттардың жалғасы Луттың әйелінің күнәһар қауыммен ынтымақтастығы мен олардың сорақы істеріне ризашылық танытқандықтан күнәһар қауымның тағдырындай тағдырға ұшырағанын, отбасылық байланыстың оны құтқара алмағанын айтады. Себебі, Алланың мейірімі мен қаһарының мизаны діни принциптер мен ахлақтық құндылықтарды сақтауға негізделген. Отбасылық, туыстық байланыстар оған әсер ете алмайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құранда бұрынғы қауымдардың тағдырларының баяндалуы – шын мәнінде, адамзат ұрпағына ғибрат болу үшін тарихта үстемдік ететін илаһи сүннеттердің анықтамасы.

2.Пайғамбарлардың есебі – әйелдері мен перзенттерінің есебінен бөлек. Отбасылық байланыстар олардың тағдырларын анықтай алмайды.

3.Иман иелері мен пайғамбарлардың пікір мен ғамал тұрғысынан ізбасарлары басқа қауымдар мен нәсілдерден болғанымен, солардың ұрпағы саналады.

4.Керісінше, егер пайғамбарлардың перзенттері мен әйелдері имансыз болса, пайғамбар ұрпағы саналмайды.

 

«Саффат» сүресінің 137-138 аяттары:

 

«وَإِنَّکُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَیْهِم مُّصْبِحِینَ»، «وَبِاللَّیْلِ  أَفَلَا تَعْقِلُونَ»        

 

 

Әрине, таңертең олардан өтіп жүресіңдер. (137)

Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме? (138)

 

 

Алдыңғы аяттардың соңында Лут қауымының Меккеден Шамға баратын сауда керуендері жолында өмір сүргенін айттық. Осы аяттар былай дейді: «Бұл қауымға азап түскеннен кейін сол қаланың маңынан өткен адамдар қала тұрғындарының қирандылардың астында қалып, өлгенін көрді. Ол қауым біржынысты бейбастақ адамдар болған. Олардың арасында сондай бейбастақ, ұят іске үнсіздік танытып, күреспеген бір топ болды. Сол себепті барлығы азапқа ұшырады».

Сонымен, Лут қауымы арасындағы ұятсыз іс тамырымен жойылды. Олар тіпті бейбастақ істен тыйып, қалыпты үйленуге кеңес берген хазірет Лутқа да қоқан-лоққы жасады.

Лут қауымы оқиғасынан бірнеше мың жыл өткеніне қарамастан, дамыған өркениетті қоғамбыз деп уәж айтатын бүгінгі адамдар дінді ескішілдік, ырымшылдық деп айыптап, жәһілдік кезеңінің пәс қылығына душар болып отыр.

Жаңа өркениет туралы уәж айтатындар кейбір елдерде бұл істі заңдастыру арқылы оны демократия мен адам құқығы саласындағы дамудың белгісі деп атайды.

Мына жайтқа назар аудару керек: адамның шынайы құқығы адамның табиғи қажеттіліктеріне бағынып, оның физикалық дене бітімімен үйлеседі. Физиологиялық тұрғыдан ер мен әйел қарама-қарсы жыныс иесімен байланыс үшін жаратылған.

Адамдар жыныстасымен байланыста болатындай ешқандай табиғи үйлесімділік жоқ. Сондықтан оған қарсы нәрсенің барлығы адамның физиологиясы мен оның табиғи қажеттіліктеріне қайшы әрі жаратылыс жүйесіне де кереғар.

Біреулер кейбір адамдар өздерінің жыныстастарын жақсы көретін болар, оларды бұл қызығушылықтан мақұрым етуге болмайды деуі мүмкін. Жауап айқын: физикалық және психикалық басқа істерде адамдардың еркіне жығыламыз ба? Мысалы, нашақорлыққа рұқсат, оны заңды деп санай аламыз ба? Басқаша айтқанда, заң адамдардың бір тобының қалауына рұқсат бере алмайды. Керісінше, заңның міндеттерінің бірі – табиғи емес, жөнсіз қалауларға тыйым салу.

Қалай болғанда да бүгінгі адам киім, тұрғын-жай, көлік пен басқа да өмір сүру құралдары бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенімен, өкінішке орай, адами қарым-қатынаста соншалықты дамып кеткен жоқ. Тіпті, кері кетті. Біржыныстылардың үйленуі – сондай мысалдардың бірі.

 

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Бұрынғы қауымдардың тарихи мекендеріне сапарға шығып, олардың тағдырларын зерттеу арқылы бүгінгі өмірімізге ғибрат алайық.
  2. Ғибрат алатын іс аз емес. Мәселе – солардың жанынан мән бермей өтіп, ғибрат туралы ойланбайтындығымызда.